28 Желтоқсан 2018
235

2018 жылғы 12 қазанға тағайындалған Ақжайық ауданының Ақсуат, Құрайлысай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2018 жылғы  _4_  қыркүйек № __7__

шешімімен бекітілді

 

2018 жылғы 12 қазанға тағайындалған

Ақжайық ауданының

(аудан, қала атауы)

Ақсуат, Құрайлысай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік жоспары

 

1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

(11 т.)

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей.

 

(9 т. 1, 7 тармақшалар)

3. Кандидаттарды балама негізде аумақтық сайлау комиссиясына тиісті  әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.

Аудан (қала) әкімі.

Сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2018 жылғы

12 қыркүйек басталады және сайлау күніне

25 күн қалғанда – 2018 жылғы 17 қыркүйек сағ. 24.00. аяқталады.

( 13, 14, 15 т.)

4. Мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте ілу.

Аумақтық сайлау комиссиясы тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.

Дауыс  беру  күніне  7  күн қалғанда

– 2018 жылғы 5 қазан

(9 т. 1, 7 тармақшалар, 48 т.)

5. Кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, тиісті хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Үш күннің ішінде.

(12, 17 т.)

6. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2018 жылғы бірінші қыркүйекке табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

Кандидат тіркелгенге дейін.

(18 т.)

7. Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру

Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін

басталады  және дауыс беретін күнге 15 күн

қалғанда – 2018 жылғы 27 қыркүйек сағ. 24.00. аяқталады.

( 20, 24 т.)

8. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін 7-ші күннен кешіктірмей.

(22 т. 1 тармақша)

9. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны

тапсырған күннен бастап 7 күннің ішінде.

(19 т.)

10. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген сәттен бастап.

(33, 34 т.)

11. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде үй-жайлар беру. Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны    бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(9 т. 1, 7 тармақшалар)

12. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен 27 қыркүйекте

басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi – 2018 жылғы

11 қазан жергілiктi уақыт бойынша 0000 сағатта аяқталады.

(28 т.)

13. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау комиссияларына

өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде.

(9 т. 1, 7 тармақшалар)

14. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидат тіркелгеннен кейін.

(9 т.  1, 7 тармақшалар)

15. Дауыс беруге арналған пунктті ашу, тиісті хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.

(52 т.)

16. Әкімдердің сайлауын өткізу. Әкімдерді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімдерді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Бір күннің ішінде - 2018 жылғы 12 қазан

( 47-54 т.)

17. Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа ұсыну.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде –

2018 жылғы 16 қазаннан кешіктірмей.

(57 т.)

18. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруі.

Әкімдікке кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін 5 күннен

кешіктірмей  - 2018 жылғы 16 қазаннан кешіктірмей.

(44 т.)

19. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірмей –

2018 жылғы 18 қазаннан кешіктірмей.

(59 т.