28 Желтоқсан 2018
232

Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі әкімінің сайлауын 2019 жылғы 29 қаңтарға тағайындау туралы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

РЕШЕНИЕ

АКЖАИКСКОЙ РАЙОННОЙ

ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КОМИССИИ

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

090100 Чапаев селосы,

Қонаев көшесі, 73

тел.: 92-4-04 факс 91-8-23

 

 090100, с. Чапаево

улица Кунаева, 73

тел.: 92-4-04 факс 91-8-23

_____________2018_______ж __19.12_________

 

№_____9__________

 

 

Ақжайық ауданы Есенсай

ауылдық округі әкімінің сайлауын

2019 жылғы 29 қаңтарға тағайындау

туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық заңына,  «Қазақстан   Республикасындағы   жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес және аудан әкімі аппарат басшысының 2018 жылғы 16 қарашадағы №6/71-ВН хабарламасы негізінде аудандық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2019 жылғы 29 қаңтарға тағайындалсын.

2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну – 2018 жылғы 30 желтоқсанда басталып, 4 қаңтарда аяқталсын, ал кандидаттарды тіркеу 4 қаңтарда басталып, 2019 жылдың 14 қаңтарында аяқталсын.

3. Сайлау аудандық сайлау комиссиясының мекен – жайында (аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимараты)  2019 жылғы 29 қаңтар сағат 10.00 – 13.00 аралығында өткізілсін.

4. Қоса беріліп отырған Есенсай  ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

5. Осы шешімнің бір данасы Ақжайық ауданының әкіміне, бір данасы Ақжайық аудандық маслихат хатшысына жолдансын.

6. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                         А.Абугалиев