БҚО-ның V ұлттық ойындар фестиваліне 500-ден астам спортшы қатысты

Ақжайық ауданының орталығында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерінен Батыс Қазақстан облысының V фестивалі өтті.

Ақсуатта ойын алаңы пайдалануға берілді

Ақжайық ауданындағы Ақсуат ауылдық округі орталығында «Балдәурен» балалар ойыны алаңы пайдалануға берілді. Бұл алаңды салып берген осы ауылдың түлегі, бүгінде Бударин ауылдық округіндегі «Аманер» шаруа қожалығының жетекшісі Қанат Досқалиев.

Қабыршақтының футболшы қыздары «Былғары доп» жеңімпазы атанды

Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылындағы Бітік орта мектебі бөбекжай кешенінің футболшы қыздары республикалық «Былғары доп» турнирінен айтулы табыспен оралды. Яғни елорданың жасыл алаңында ойын өрнектерімен талайды сүйсіндіріп, кіші топ бойынша І орынды ұтып алды.

«Zhas Projeсt» кәсіпкерлікке жетелейді

Жастар жылына орай елімізде «Zhas Projeсt» жобасы жүзеге асып, көптеген жеңімпаз жастар 1 млн. теңгенің грантына ие болған еді. Жобаға Ақжайық ауданынан кәсіпкерлікке ниетті қыз-жігіттер өз бизнес жоспарларын ұсынып, бақтарын сынады.

Ақжайықта «Жаңабұлақ тарихы» атты кітаптың таныстырылымы өтті

Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында тарих ғылымдарының кандидаты Саялбек Ғиззатовтың «Жаңабұлақ тарихы» атты монографиясының тұсауы кесілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының аясында жарық көрген жаңа кітапта Жаңабұлақ ауылының тарихы түгел қамтылған.