18 Наурыз 2019
230

Сыбайлас жемқорлық қоғам қасіреті

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол мемлекеттің саяси дамуына экономикалық өсуіне үлкен кедергі келтіреді. Қазіргі кезде, бізде, жемқорлықтың дамып кеткендігі соншалық жасыруға да келмей қалды.

 

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма бес жылдай  уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

 

Елбасы бекіткен Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 13-қадамында: «Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықты жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру» керек екені айтылған.

 

Аудан көлемінде мемлекеттік ветеринариялық саясатты жүзеге асырушы орган ретінде бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық және оны туғызатын жағдайлардың болдырмауына көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы орындалуына  және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытында жауап берілуі басты назарда. 2019 жылдың 2 айында аудан көлемінде ветеринария саласында 3127 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2019 жылдың  2 айында барлығы 1 жазбаша арыз түсті. Түсірілген арыз бойынша тиісті уақытында жауап берілді.

 

Осы жағдайлармен күрестің тиімді  нәтижесі бөлімде жемқорлық құқық бұзушылықтарды бұлтартпау және оны болдырмау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды талап етеді. Осы орайда біздің бөлімде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша бөлім, ветеринариялық станция мамандарының қатысуымен жиындар өтіп, БАҚ-та материалдар жариялау тиісті жоспар негізінде атқарылады.

 

Жалпы, қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің  алдын алуды әрбір азамат өзінен бастаған жөн деп есептеймін. Бұл ретте, мен өзін отанымыздың патриотымын деп есептейтін әрбір азамат отан алдындағы еңбегін адал атқарса еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің 50 дамыған елдердің қатарына кіруі сынды асыл мұраттарға қол жеткізуге болады деп ойлаймын.

 

 

БҚО Ақжайық ауданының ветеринария бөлімінің

сектор меңгерушісі                              А.Бакиров