14 Маусым 2019
105

ЧАПАЕВ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ



Ақжайық ауданының Чапаев ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеу жұмыстары қарқын ала түсті. Бірнеше жыл жібі түзу жөндеу көрмеген жолдың 1,6 шақырым бөлігіне асфальт төсеу басталды. Шілде айының соңында жұмыс аяқталып, көлік қозғалысы қалыпқа келтіріледі.