10 Шiлде 2019
34

Ақжайық ауданының әкімі журналистерге қошемет көрсетті

 

 

- Қоғамның маңызды бөлшегі ретінде билік органдары мен азаматтар арасындағы дәнекер қызметін атқарып, ауыл-еліміздің барлық жетістіктеріне лайықты үлес қосудасыздар. Өзгерістері мол дәуірде әрине, ешкімге оңай емес. Сіздер үшін де солай. Қиындығы, өзіндік ерекшелігі сан-қырлы журналистикадағы еңбектеріңізді бағалаймыз, құрметтейміз. Жұртымыздың мүддесі жолында әманда кәсіби шеберлік танытып, ақпарат тасқыны дәуірінде өздеріңізді танытатындарыңызға мен де сенімдімін,- деді ол.

Аудандық мәслихат хатшысы Сәлімгерей Сиражев та БАҚ қызметкерлеріне ризашылығын, тілегін жеткізді. Әлеуметті ұйыстыруда, патриотизмге тәрбиелеуде медиакеңістіктің орны орасан екенін атап көрсете келіп, аудандық газеттің мемлекет саясатына қатысты іргелі тақырыптарды көтерудегі маңызы ұшан-теңіз,-деді.

Емен-жарқын әңгіме барысында жер-жердегі авторлардың, жанашырлардың атына да ризашылық айтылды, жас тілшілермен жұмыспен ширата түсу керегі сөз болды. Баспасөзде бұл таңда тұрақты көтерілуге тиісті, яғни адамгершілік, имандылық, еңбекқорлық мәселелерін терең қамтуға, ауыл-елдің өткен тарихын жан-жақты зерделеуге байланысты толғамдар ортаға салынды.

Журналистика ардагері Тілес Жазықбай бұл заманда ізденістің маңызын, онсыз БАҚ қызметкерлері қарабайырлыққа ұрынатынын айтты. Ақын Сағынтай Бисенғалиев әлеуметтік желілер көбіне көп жұртты шынайы ақпараттан адастырып отырған бұл таңда дәстүрлі басылымдар өз орнын бекем нығайтуы қажеттігін әңгімеледі. Ол әйгілі ақын жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтың келер жылғы ғасырлық мерейтойынна жан-жақты дайындықта ауданға көп салмақ түсетінін, осыған ел болып жұмылу қажеттігін кеңінен баяндады.