10 Желтоқсан 2019
94

Батыс Қазақстан облысы әкімінің кубогі өткізілді

2019 жылдың 6-7 желтоқсан күндер аралығында Орал қаласында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған волейболдан аудандық, қалалық және облыстық әкімдіктердің қызметкерлері арасында Батыс Қазақстан облысы әкімінің кубогі өткізілді.

Жарыстың қорытындысы бойынша Ақжайық ауданы әкімдігі командасы жүлделі 2 орынға ие болды. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Азамат Умбеталиев турнирдің «Үздік ойыншысы» номинациясы бойынша марапатталды.