09 Желтоқсан 2019
94

9 желтоқсан – «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетовтың төрағалығымен «Адалдық

9 желтоқсан – «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетовтың төрағалығымен «Адалдық.

Парасаттылық. Жариялылық: мемлекет пен қоғам байланысы негізі» тақырыбында кеңес өткізілді. Кеңеске «Нұр Отан» партиясы Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, арнайы мониторингтік топ мүшелері, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кеңесте кәсіпкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, ашықтылықты қалыптастыру бағытындағы ауданда атқарылып жатырған жұмыстар талқыланып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бағытында бір қатар тапсырмалар берілді.