• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
 
 

 
 

рисунок

рисунок

Жайық таңы газеті №7 (7126) 11.02.2016ж


Мүлікті жария ету туралы 

Ұлттық инвесторлар кеңесінің мәжілісі барысында ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Мемлекет басшысы айтқан тапсырмаға сәйкес ҚР Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы.Заң бекітілді, ол 2014 жылдың 1 қыркүйегінен қолданысқа еніп, 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Алдағы тұрған жария ету қолдағы бар мүліктерді заңды айналымға енгізу мүмкіндігін береді.Бұл бәрінен бұрын, келешекте жалпы декларациялау енгізілуімен байланысты.Азаматтарға қазір мүлкін жария етіп, одан әрі декларацияда көрсету құқығы беріледі.

Жария етуге жататындар:

1. Қаражат;

2. Құнды қағаздар;

3. Жарғылық қорға қатысу үлесі;

4. Басқа тұлғаға рәсімделген жылжымайтын мүлік;

5. ҚР аумағында орналасқан, құрылыс нормалары мен ережелеріне және жер участкесінің мақсаты тағайындалуына сәйкес келетін ғимараттар;

6. ҚР -нан тыс орналасқан жылжымайтын мүлік.

Шетелде орналасқан мүліктерді жария етуде мемлекет бюджетіне жария етілетін мүлік құнының 10% -ы мөлшерінде жария еткені үшін алым түседі.

 

Жария етуге жатпайтын мүліктер:

1. Құқығы сот тәртібінде таластағы;

2. Құқық берілуі Қазақстан Республикасы заңдарымен жол берілмейтін;

3. Несие ретінде алынған қаржы;

4. Мемлекет пайдасына беруге жататын мүлік;

5. Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру аясында бюджет қаржысы есебінен аяқталғанқұрылыстағы жылжымайтын мүлкі нысандарындағы тұрғын және тұрғын жай емес ғимараттар.

Заңның 7- бабына сәйкес, мүліктерді жария ету комиссияға жария ету субьектілерінің құжаттарды беру арқылы жүргізіледі. Жария ету үшін мыналарды ұсыну қажет:

1. өтініш;

2. Жеке бас куәлігінің көшірмесі

3. Заңмен қарастырылған басқа құжаттар

Жоспарланып отырған қаржына жария етудің ерекшелігі азаматтар үшін жария ету құралын таңдауда баламаның болуы.

Біріншіден, қаражатты екінші деңгейдегі банктерде ашылған шоттарда үш жыл ішінде сақтауға болады, бұл ретте нарықтық мөлшерлемеге сәйкес сыйақы ала алады.

Екіншіден, қаражатты мерзімінен бұрын пайдалануды көздейтіндер мемлекеттік бағалы қағаздарды, екінші деңгейлі банктердегі, ұлттық басқарушы холдингтер мен компаниялардағы, даму институттарының облигацияларын, «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында сатылатын және Қазақстан қор нарығына шығарылатын бағалы қағаздар мен акцияларды иелену жолымен экономикаға тікелей инвестициялай алады.

Жария етілген қаржы табыс ретінде қарастырылмайды, соған сәйкес оларға табыс салығы да салынбайтын болады. Яғни ақша жинақ шотынан алынбаса және басқа шотқа аударылмаса, соған сәйкес мүлікті жария еткені үшін алым төлеу бойынша міндеттеме туындамайды.

Алайда, егер қаржысын жария етуші азамат инвестициялаудың жоғарыда көрсетілген механизмдерін пайдаланғысы келмесе, онда ол өз қарауынша бюджетке жария етілетін қаржының 10% мөлшерінде алым төлеумен өз қаржысына иелік етуде құқылы.

Көрсетілген әдістердің әрқайсысы отандық экономиканы дамытуға және ақшасын жария етуші азаматтың тиімділік алуына бағытталған. Сондай - ақ, жария етуді жүргізудің табыстылығы факторы осы акция барысында алынған мәліметтердің құпиялығын сақтау болып табылады. Мұндай ақпараттардың құпиялығы Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдылығы нормаларына сәйкес кепілдендіріледі.

 

Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 


«Дөңгелек үстелде» мүлікті жария ету мәселесі 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен мүлікті жария ету науқаны жүргізіліп жатқаны мәлім. Осыған байланысты ауданымыз бойынша мүлікті жария етуді (ақшадан басқа) өткізу жөніндегі комиссия мүшелері ұғындыру шараларын дүркін-дүркін өткізіп келеді. Жуырда Ақжол, Бударин, Есенсай, Мерген, Көнеккеткен және Жаңабұлақ ауылдық округтерінде «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылды. Мүлікті жариялауға қатысты тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.

«Жайық таңы» газеті , № 31 (7098) 

30 шілде 2015 жыл


рисунок


Құрметті аудан тұрғындары!

2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2014 жылдың 1 қыркүйекінен 2015 жылдың 31 желтоқсаны аралығында мүлікті жария ету науқаны жүргізілуде.

Өздеріңізге мәлім, 2006 жылы мүлікті жария етудің бірінші науқаны жүргізілген болатын.

2006 жылғы жария етуден айырмашылығы, біріншіден заңды тұлғалар жария ету субъектілері болып табылмайды.Тек қана жеке тұлғалардың мүліктеріне арналған. Екіншіден жылжымалы мүлік пен жер учаскелерінің жария ету құқығының болмауы, яғни жария етуге жатпайды.Үшіншіден, тұрғын үйлер  ( құрылыстар, ғимараттар) құрылыс талаптарына және жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келуі қажет.

Мүлікті жария ету үшін комиссияға келесі құжаттар ұсынылуы қажет;

1. Мүлікті жария етуге өтініш, екі дана;

2. Өтініш берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, түпнұсқасын көрсету қажет;

3. Ғимараттар мен құрылыстарға техникалық тексеру жүргізген аттестатталған сарапшының қортындысы;

4. Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты.

Қосымша ақпарат алу : Ақжайық ауданы әкімдігінің аппараты 2-қабат 29-кабинет, анықтама телефоны 91-2-44, 92-3-02.

 

Мүлікті жария ету жөніндегі 

Ақжайық аудандық комиссиясы.  

Жайық таңы газетінің № 21 21.05.2015 ж. жарияланды.


Мүлікті жария ету акциясына қатысыңыз

2014 жылдың 1 қыркүйектен бастап мүлікті жария ету басталғаны белгілі, ол 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейіе жүргізіледе.

Осы мақсатта аудан әкімінің аппараты жанынан және кірістер басқармасында мүлікті жария ету жөніндегі комиссиялар құрылды. Құжаттар қабылдау осы комиссияда жүзеге асырылады.Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттар тапсыру мерзімі 2015 жылдың 30 қарашада аяқталады. Қазақстан аумағында мүлікті жария ету үшін құжаттар, егер жылжымайтын мүлік жария етілсе, объектінің орналасқан жері бойынша комиссияға, тұрғылықты орны бойынша жария ету үшін комиссияға ұсынылады.

Қазақстан шегінен тыс жерлерде тұрған мүлікті (ақшадан басқа) жария ету кезінде құжаттар тұрғылықты орны бойынша салық органына беріледі.

Ақшаны жария ету кезінде жария ету субъектісі екінші деңгейдегі банктеріне немесе ақшаны аударуға болатын жинақ шотын ашатын Ұлттық пошта операторына жүгінеді. Ақша жинақ шотына аудару күнінен бастап жария етілген деп есептеледі.Мүлікті жария ету жеке тұлғаларға ғана болады: Қазақстан азаматтары, оралмандар және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар адамдар. Мынадай мүлік: 1) ақша; 2) бағалы қағаздар; 3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі ; 4) оған құқық немесе ол бойынша мәлімелер Қазақстан заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға рәсімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); 5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін , Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); 6) Қазақстан аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

 

Қайрат ҚАПАН, 

Ақжайық ауданы бойынша 

мемлекеттік кірістер басқармасының 

бас маманы.

 

Жайық таңы газетінің № 16 16.04.2015 ж. жарияланды.


Жылжымайтын мүлік уақытылы тіркелмесе   айыппұл салынады

2007 жылғы 26 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, құқық туындауы үшін негіз болған заңдық факт басталған сәттен бастап, тұлғалар алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен ХҚКО арқылы жүгінуге тиіс.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 460-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңда белгіленген мерзімін бұзуы жеке тұлғаларға -он, заңды тұлғаларға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әділет басқармасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 354-3-бабымен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәлімелерді мемлекеттік тіркеу мерзімін бұзған үшін 2014 жылы 32 жеке және заңды тұлғаға 592 640 теңге айыппұл салынды.

2015 жылғы сәуір айында  «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 460-бабына сәйкес, 14 жеке тұлғаға әкімшілік іс қозғалып, хаттама толтырылды.Осы жайт қазіргі уақытта облыстық Әділет департаментінде қаралуда.

Демек заңнан құлағдар болған абзал.

Бағдагүл ЕРКІНҒАЛИЕВА, 

Ақжайық ауданы Әділет басқармасының 

бас маманы. 

 

Жайық таңы газетінің № 16 16.04.2015 ж. жарияланды. 


Мүлікті жария ету акциясына қатысайық 

2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап мүлікті жария ету процесі басталды, ол 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Осы мақсатта Аудан әкімінін аппарат жанынан, және Мемлекеттік кірістер басқармасында мүлікті жария ету жөніндегі комиссиялар құрылды. Құжаттарды қабылдау, аудан әкімі аппаратының және Мемлекеттік кірістер басқармасы кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі  2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті жария ету үшін құжаттар, егер жылжымайтын мүлік жария етілсе объектінің орналасқан жері бойынша комиссияға, тұрғылықты орны бойынша жария ету үшін комиссияларға ұсынылады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тұрған мүлікті (ақшадан басқа) жария ету кезіңде құжаттар тұрғылықты орны бойынша салық органына беріледі.

Ақшаны жария ету кезіңде жария ету субъектісі екінші деңгейдегі банктеріне немесе ақшаны аударуға болатын жинақ шотын ашатын Ұлттық пошта операторына жүгінеді. Ақша жинақ шотына аудару күнінен бастап жария етілген деп есептеледі.

Мүлікті жария ету жеке тұлғаларға ғана болады: Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.

Мынадай мүлік:

1) ақша;

2) бағалы қағаздар;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі - қатысу үлесі);

4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

 

Ақжайық ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер

басқармасының  бас маманы                                    Қапан Қайрат.


Ақжайық ауданы бойынша мүлікті жария ету жөніндегі комиссия құрамы

Шиниязов Тимур Серікұлы- аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Дәулетов Берік Рахметоллаұлы- аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы- комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Молдашев Марат Төлеғалиұлы- аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;

Бегеев Өтеген Серікұлы- Ақжайық ауданы бойынша салық басқармасының  бөлім басшысы (келісім бойынша);

Мүтиев Нұрғали Дарғалиұлы-  аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы;

Агилманова Бақтыгүл Серікқызы- аудандық әділет басқармасының басшысы (келісім бойынша);

Ашабаев Амангелді Бердешұлы- Ақжайық аудандық мәслихатының аппарат басшысы (келісім бойынша);

Нұрғожин Ануар Айдосұлы- жылжымайтын мүлік орталығы РМКҚК-Ақжайық филиалының директоры (келісім бойынша);

Қажғалиев Темірхан Серікканұлы- төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы (келісім бойынша);

Аяпов Жолдығали Асқарұлы- экология департаментінің мемлекеттік экология инспекторы (келісім бойынша);

Қуатова Айгүл Жеңісқызы- Ақжайық ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы РММ басшысының м.а. (келісім бойынша);

Абилов Махамбет Абайұлы - Ақжайық ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің  басшысы (келісім бойынша); 

Тулепова Дана Ғалламқызы - Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы- комиссия хатшысы.       

 

Комиссияның жұмыс регламенті

Күн сайын (дүйсенбі-жұма күндері)  - 8.30-18.30 дейін жұмыс істейді.    

 

Құжаттар аудан әкімі аппаратының хатшысымен қабылданады, аудан әкімі аппаратының  кеңсесі арқылы тіркеледі.

 

 


Ауа райы