26 декабря 2018
839

2018 жыл

Облыс әкімінің 2018 жылғы 31 қаңтар - 12 ақпан аралығында аудандар мен Орал қаласының және 16 ақпандағы облыс тұрғындарымен есепті кездесулерінде берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

БЕКІТЕМІН

Батыс Қазақстан облысының әкімі

_________________ А.С.Көлгінов

«__»____________ 2018 жыл

Облыс әкімінің 2018 жылғы 31 қаңтар - 12 ақпан аралығында аудандар мен Орал қаласының

және 16 ақпандағы облыс тұрғындарымен есепті кездесулерінде берілген

ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

Ескертулер/

ұсыныстар

Ескертулерді / ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен орындалу мерзімі

Орындауға

жауаптылар

Орындалуын бақылау
Ақжайық ауданы
  Чапаев ауылының тұсынан көпір салу

ЖСҚ сараптамадан өтуде. Қаражат бөлінген жағдайда 2019 жылы құрылысы басталады.

Орындалуы: 2018-2020 жылдар.

ЖКАЖБ,

аудан әкімі

И.Стексов
 

Аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

МЖӘ бойынша ЖСҚ БҚО спорт басқармасына балансқа берілуде және спорт басқармасы жер телімін рәсімдеп МЖӘ бойынша конкурс құжаттары дайындалуда.

Орындалуы: 2018-2019 жылдар

Аудан әкімі,

ДШСБ, ҚұБ,

Ғ.Оспанқұлов Б.Азбаев
  Аудан орталығынан мектеп-гимназия салу

ЖСҚ мемлекеттік сараптамаға жолданды, келісім шарт жасақталды, қазіргі таңда аванс төлеу мәселелері қаралуда. Жоба құны 1209,0 млн. теңге.

Орындалуы: 2019 жыл

ҚұБ,

ББ,

аудан әкімі

Б.Азбаев Ғ.Оспанқұлов
  Алғабас ауылына дейінгі 37 км жолды жөндеу

ЖСҚ құны – 1818,0 млн.теңге. ЖСҚ сараптамадан өтуде.

Орындалуы: 2018-2020 жылдар

ЖКАЖБ,

аудан әкімі

И.Стексов

  Азынабай-Тайпақ каналын жөндеу

Тапсырыс беруші құрылыс басқармасы ЖСҚ жасақтауға конкурстық құжаттама дайындалуда.

Орындалуы: 2019-2020 жылдар

ЭБЖБ, ҚұБ,

аудан әкімі

Б.Қонысбаева Б.Азбаев
  Алғабас ауылдық округінің елді мекендеріне газ тарту жұмыстарын жүргізу

Жоба құны 556,2 млн теңгені құрайтын ауданның 11 елді мекенін (Жаңажол, Тегісжол, Жамбыл, Бітік, Үштөбе, Сарман, Битілеу, Тоған, Қарағай, Ақбұлақ, Есім) табиғи көгілдір отынмен қамту жобасы жасақталды. 2017 жылы бюджеттен 199,8 млн. теңге қаражат бөлініп, мердігер «АлияСервис» ЖШС алғашқы жеті ауылға дейінгі 99,7 км газ желісін тарту жұмыстарын жүргізді (Жамбыл, Бітік, Үштөбе, Тегісжол, Жаңажол, Тоған, Қарағай), 2018 жылы газ тарту жұмыстары жалғасады.

Орындалуы: 2018 жыл

ЭТКШБ,

 Аудан әкімі

Б.Азбаев
  Аудандағы газдың сапасын жақсарту

Зеленов ауданының Белес ауылы мен Атырау облысының Махамбет ауданы арасындағы 1000 мм газ жүргізілген мұнай құбырының қасынан 700 мм газ құбырын жүргізу үшін ЖСҚ дайындалды. Қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру

Орындалуы: 2018-2020 жылдар

ЭБЖБ,

ЭТКШБ,

 Аудан әкімі

Б.Қонысбаева Б.Азбаев
Акжаикский район
  Строительство моста от села чапаево ПСД проходит государственную экспертизу. В случае выделения средств в 2019 году начнется строительство.

ЖКАЖБ,

аудан әкімі

И.Стексов
 

Строительство физкультурно-оздоровительного комплекса в районном центре

ПСД передается на баланс управления спорта. Управление спорта готовит документы на земельный участок и конкурсную документацию через ГЧП.

Срок исполнения: 2018-2019 годы

Аудан әкімі,

ДШСБ, ҚұБ,

Ғ.Оспанқұлов Б.Азбаев
  Строительство школа-гимназии в районном центре

ПСД направлен на государственную экспертизу, договор подготовлен, на сегодняшний день расматривается вопросы оплаты авансового платежа. Стоимость проекта 1209,0 млн.тг.

Срок исполнения: 2019 год.

ҚұБ,

ББ,

аудан әкімі

Б.Азбаев Ғ.Оспанқұлов
  37 км ремонт дороги до села Алгабас

Стоимость ПСД-1818,0 млн.тг. ПСД проходит государственную экспертизу.

Срок исполнения: 2018-2020 года.

ЖКАЖБ,

аудан әкімі

И.Стексов

  Ремонт канала Азынабай-Тайпақ

Заказчик готовит конкурсную документацию для изготовления ПСД в управление строительства.

Срок исполнения: 2019-2020 гг.

ЭБЖБ, ҚұБ,

аудан әкімі

Б.Қонысбаева Б.Азбаев
  Проведение работ по газификации населенным пунктам Алгабасского сельского округа
Был разработан проект по обеспечению природным газом 11 населенных пунктов района (Жанажол, Тегисжол, Жамбыл, Битик, Уштобе, Сарман, Битилеу, Тоган, Карагай, Акбулак, Есим) на сумму 556,2 млн.тенге. В 2017 году из бюджета было выделено 199,8 млн.тенге подрядчик ТОО «АлияСервис» провел работы по обеспечению газом первые семь села (Жамбыл, Битик, Уштобе, Тегисжол, Жанажол, Тоган, Карагай) общей протяженностью 99,7 км., в 2018 году работы будет продолжена.

ЭТКШБ,

 Аудан әкімі

Б.Азбаев
  В районе улучшение качества газа Была изготовлена ПСД по проведению 700 мм газопровода рядом с 1000 мм нефтепроводом, в котором был проведен природный газ между Махамбетским районо Атырауской области и с.Белес Зеленовского района.

ЭБЖБ,

ЭТКШБ,

 Аудан әкімі

Б.Қонысбаева Б.Азбаев

 


Аудан әкімінің аудан тұрғындары алдындағы қорытынды есеп беру кездесуге арналған баяндамасы 2018 жыл, 5 ақпан. Сағ.16.00

 

 Құрметті Алтай Сейдірұлы!

Есет Берікұлы!

Қадірменді жерлестер!

 

Баршамыз үшін өткен жыл Тәуелсіздік жылнамасында ерекше із қалдырған оқиғаларға толы, абыройлы жыл болды. Еліміздің экономика, саясат және спорт саласында ауқымды шараларға бастамашы болғаны баршаңызға аян. Соның ішінде спорт саңлақтарының басын қосқан Қысқы Универсиада және әлем көз тіккен, еліміздің ажарын ашқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін айтуға болады. Болашақтың бағдарын айқындайтын Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы қабылданды. Осы айтулы шараларға Ақжайық өңірінің де қосқан үлесі зор.

 

Жыл басындағы саяси оқиғалар мен жаңалықтардың бірі - Ұлт Көшбасшысы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ел халқына өзінің кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауда Елбасы Қазақстанның қысқа мерзімнің ішінде кемелденіп, қуаты толысқан мемлекетке айналғандығына тоқталып өтті.  Елбасының Жолдауларында ұдайы басты назарда ұстайтын білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау сияқты маңызды салалармен қоса биылғы жолдауы ең алдымен индустрияландыру, кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру, кешенді ақпараттық технологияларды белсенді енгізу, көлік – логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу және қаржы секторын қайта жаңғыртумен ерекшеленді. Біздің әрқайсымыз аталмыш Жолдаудан туындайтын зор жауапкершілікті айқын сезіне отырып, бар күш-жігерімізді ел дамуының жаңа кезеңінің табысты болуына жұмсауымыз тиіс.

 

Өткен жылғы есепті кездесулерде 64 мәселе көтеріліп, оның 27-і оң шешімін тапса, 15 мәселеге уақытылы түсінік берілді. Ал қалған 22 мәселе бойынша қаржыландыру мүмкіншіліктері қарастырылатын болады. /Ақсуат ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу, Алғабас орта мектебін күрделі жөндеу, Ілбішін ауылына дейінгі кіре беріс жолды жөндеу, Ақжол ауылдық округі әкімшілігіне қызметтік автокөлік бөлу, Жайық және Шабдаржап елді-мекеніне таза ауыз су жүргізу, Қарағай елді-мекеніне дейінгі 2 шақырым жолды көтеру, Ақбұлақ елді-мекенінің көшелерін жарықтандыру, Қарауылтөбе ауылына ойын алаңын салу, Бесоба елді-мекенінде ауыз су құдығын қазу, Жанама ауылында техникалық көше суын жүргізу.

 

Сонымен қатар, есепті мерзім ішінде аудан әкімінің атына 488 өтініш түсіп, барлығына уақтылы жауаптар берілді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бастауымен аудан көлемінде жоспарлы іс-шаралар жүргізілді. Партияның аудандық филиалының 23 бастауыш ұйымдарында 2736 мүшесі бар. Өткен жылы партия қатарына 330 адам қабылданды. Қоғамдық қабылдауларда әртүрлі мәселелермен 275 тұрғын болып, көтерілген мәселелердің 40 пайызы өз шешімін тапты.

 

Баяндаманың тезистері баспасөз бетінде жарық көрді, жаңа бейнефильмде негізгі атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Сондықтан нақты көрсеткіштер мен алда тұрған міндеттерге тоқталсам:

 

Өткен жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2091,0 млн. теңге болып, 2,2 есеге өсті. Ал негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі  3035,0 млн. теңгеге  жетті. Өткен кезеңмен салыстырғанда бұл да 2 есеге өсіп отыр /2016 жыл - 1470,0 млн теңге/.

Бөлшек саудадағы тауар айналымы 8 млрд 708,0 млн. теңге құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға өсті.

Былтыр 1142,5 млн. теңгенің әр түрлі салықтары мен төлемдері жинақталып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға өсті.

Бюджет көлемі 8,1 млрд. теңгені құрап, 99,6 пайызға игерілді. /Орындалғаны – 8,1 млрд.теңге/.

Елдің қуаты мен қозғаушы күші жастардың ауыл және ауданға тұрақтауына жағдай жасау және жас мамандарды қолдау мақсатындағы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталған  9 жылда 485 маман 58,0 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 244 маман 596,0 млн. теңге көлемінде  бюджеттік несиеге қол жеткізді. 2017 жылы 69 маманға                       11,0 млн. теңге көтерме жәрдемақы, ал 41 маманға  127,0 млн. теңге бюджеттік несие берілді.

Ауданымызда ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің көлемі 14,4 млрд теңгеге жетіп, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға  артты./2016 жылы 13,3 млрд/

Мал басы тұрақты түрде өсуде / ірі қара 79,4 мың (10,9%), ұсақ мал 218,8 мың бас (3,4%), жылқы 31,5 мың (17,2%)/. 

Асыл  тұқымды  малдардың саны артып, мал тұқымын асылдандыру шаралары  қарқынды  жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары 2017 жылы асыл тұқымды 1259 бас мүйізді ірі қара, 76 бас жылқы, 462 бас ұсақ мал сатып алып,  нәтижесінде тұқымдық түрлендіру аясында селекциялық және асылдандыру  жұмыстарына қатысатын шаруа қожалық саны еселеп өсуде. 2017 жылы 226 шаруа қожалығы және 22 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 16113 бас аналықпен қатысты. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артық.

 Жалпы  инвестициялық субсидияны қоса алғанда шаруа  құрылымдары 710,0 млн. теңге демеуқаржыға қол  жеткізді.

Елбасының жерді пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында суландыру жүйесін қалпына келтіру туралы тапсырмасына орай 2016-2017 жылдары аудандағы 24 көлтабанның, 11 суландыру каналының және 2 су қоймасының жер актілері мен техникалық паспорттары толығымен рәсімделді. Республикалық меншікке берілетін 18 су нысанының актілері «Казсушар» РММ-не тапсырылды. «Азнабай-Тайпақ» каналын күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасау жұмыстары басталды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды әрі тиімді пайдалануымыз қажет. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 74 пайызы айналымда /1 млн. 198 мың га/.

 

Құрметті  ағайын!

 

Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі екені белгілі. Қазіргі  таңда аудандағы  шағын  және  орта  бизнес  субъектілерінің 83,2 пайызы белсенді жұмыс жасайтындар қатарында.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте 1727 шаруашылық субьектілері тіркелді, /алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артық/ оларда 3142 адам еңбек етуде.

Аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Орал-Атырау» жолында 32 жол сервисін ұсынатын кәсіпкерлік нысандары мен мұнай құбыры объектілері орналасқан. Өткен 2017 жылы аталған жол бойынан Бударин ауылы тұсынан «Ақ орда» кешені ашылып, жұмысын жасауда /6 жұмыс орны ашылды/.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданымыздың логистикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, алдағы уақытта бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

Бұған  қоса «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шенберінде жобалық  құны 369,0 млн. теңгені құрайтын  3 жоба іске асты /тәулігіне 50 бас мүйізді ірі қара малының етін өндіру кәсіпорны «Батыс Нық» ЖШС кешені – айналымдық қаражат көлемін толтыру, «БатысГрантОйл» ЖШС – өндірістік жаңғырту және Чапаев ауылындағы жеке кәсіпкер Нурматова Зарина жеке балабақшасында ағылшын курсын ұйымдастырды/.

Жалпы өткен  жылы кәсіпкерлеріміз  1127,0  млн.  теңге несиеге қол жеткізді. Ағымдағы жылы  құны 270,0 млн теңгені құрайтын 22 обьектіні  іске қосу жоспарлануда.

 

Коммуналдық шаруашылық саласына келер болсақ,  24 ауылда ауыз су мәселесі шешілген, яғни аудан тұрғындарының 81,4 пайызы таза ауыз сумен қамтылып отыр. /халық саны 41059, соның 33499/

 

Ауыл тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулерінде жиі көтерілетін өзекті мәселелердің бірі Сайқұдық ауылын таза ауыз сумен қамту болатын, қазіргі уақытта құрылыс монтаж жұмыстарына конкурс жарияланып, мердігер анықталды, наурыз айында жұмыстар басталады. Сонымен қатар бұл бағытта Кеңсуат, Шабдаржап, Томпақ, Базартөбе, Қадырқұл, Қызылжар, Көнеккеткен, Қамыстыкөл, Жайық, Жамбыл, Битілеу ауылдарын таза ауыз сумен қамту алдағы уақыттың еншісінде. Жобалық-сметалық құжаттамалары дайын, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды.

Газдандыру мәселесіне келетін болсақ, қазіргі уақытта аудан тұрғындарының 91,8 пайызы газбен қамтылған. 2017-2018 жылдарға жоспарланған ауданның 11 елді-мекенін /Жаңажол, Тегісжол, Жамбыл, Бітік, Үштөбе, Сарман, Битлеу, Тоған, Қарағай, Ақбұлақ, Есім/ табиғи көгілдір отынмен қамту жұмыстары аяқталғанда біз ауданды толық газбен қамтып шығамыз. Аталған 11 елді-мекеннің әлеуметтік нысандарын газдандыру үшін құжаттары сараптамаға тапсырылды.

 

Автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары да біркелкі атқарылуда. Өткен жылы 198,1 млн. теңге қаржыға Чапаев ауылында 6 көшені және 191,2 млн. теңгеге Тайпақ ауылындағы 2 көшені жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл Чапаев, Алғабас, Ілбішін ауылдарының кіре беріс жолдарын және аудан орталығындағы 8 көшенің /5,5 шақырым/ жолдарын жөндеуден өткізу үшін құжаттар дайындалуда. Бұның сыртында, Жаңабұлақ /ЖСҚ құны 1512,0 млн теңге/ және Жайық /ЖСҚ құны 1624,0 млн.теңге/ ауылдарына кіреберіс жолдарды жөндеуге жобалаушы мекемемен жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Сондай-ақ, аудан орталығында жаяу жүргіншілер жолын төсеу, көшені жарықтандыру, бағдаршам орнату жұмыстары да жалғасын табады.

 

Жеке тұрғындарға жер телімдерін беру бойынша 2007 жылдан бері 2432 адам жер теліміне  кезекке тіркеліп, күні бүгінге 450 адамға табысталды. Қазіргі уақытта Чапаев ауылының солтүстік-батыс тұрғын аумағын 55,0 млн теңгеге инженерлік желілермен жабдықтау жұмыстарын мердігер «ЖайықЭнергоСервис» ЖШС бастауда, бұл аймақтағы 218 жер телімі тұрғындарға берілетін болады. /Сонымен қатар 335,0 млн теңгеге 294 жер телімін инженерлік желілермен жабдықтау үшін құжаттар дайын./

Ағымдағы жылы кезекте тұрған аз қамтылған отбасыларға арналған 3 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысын аудан орталығында салу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 7 ауылда      2 пәтерлі (Жаңабұлақ, Қабыршақты, Мерген, Жамбыл, Ілбішін, Ақсуат, Алмалы) коммуналдық тұрғын үй салу жобасы қолға алынуда.

Аудандағы 66 көппәтерлі тұрғын үйдің 11 тұрғын үйі жаңғырту бағдарламасы бойынша 183,0 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

 

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген тұрғын үйлердің қайтарым қаражатының жоспары 40,0 млн.теңге болса, күні бүгінге 18,0 млн.теңге қайтарылып отыр, яғни 45 пайызды құрайды. Бұл бағытта қаражатты қайтару бағытында жұмыстанатын боламыз.

 

2017 жылы қайтарылған қаражат бойынша Ақжол ауылдық округіндегі 1 көппәтерлі тұрғын үй /15,7 млн. теңгеге/ қайта жаңғыртудан өтіп, тұрғындарға пайдалануға берілді.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала

 

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі тұрғындардың жұмыспен қамтылуына жағдай туғызу және кәсіпкерліктің көкжиегін көтеру екендігі белгілі. Бұл бағытта «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының заңды жалғасы болып табылатын «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы белгіленді, оның басты мақсаты – өз атауынан көрініп тұрғандай, азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға және тұрғындардың табыстарын арттыруға жағдай туғызу.

 

Осы орайда, ауданда да тұрақты жұмыс орындарын ашуға баса көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы экономиканың барлық салаларында 866 жұмыс орны ашылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 10 пайызға  артық. Нақты айтқанда, аталған бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жастардың нарық сұранысына сай мамандықтарды тегін игеруіне жол ашылып, 273 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуларға жолданды, оның 139-ы жұмысқа орналасты; ауыл тұрғындарының елеулі бөлігіне кәсіпкерліктің алғашқы қадамдарын орнықтыруға сондай–ақ, бизнес бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін екінші бағыт бойынша 36 адам 150,0 млн. теңге несие алып, соның 33-і мал шаруашылығына, 3-і түрлі салада жұмыс істеуге бағытталды, үшінші бағыты бойынша 144 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Сонымен қатар «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне (жоспар -188)208 адам оқытылды.

 

Қазіргі таңда бағдарлама аясында берілген несиені қайтару өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 2012 жылы ауданда 82 несие серіктестігі құрылып 511,0 млн тенге несие берілген болатын. Бүгінде оның 65,4 пайызы көлемінде қайтарылып отыр (қайтарылмай отырғаны 242,9 млн тенге, яғни 34,6%). Бұл бағытта жұмыстар  тиісті Заң аясында жүргізілуде.        

       

Биылғы жылдың басынан бастап әлеуметтік  төлемдер төлеу жүйесіне   бірқатар  өзгерістер енгізіліп, бұған дейін төленіп келген атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (зейнетақы төлеу орталығы арқылы төленетін) бірдейлендірілген, бір  жерден төленетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек біздің ауданда да бастауын тауып жатыр.

 

Білім саласы

 

Аудандағы білім беру саласының жүйесін 24 орта, 12 негізгі, 10 бастауыш – барлығы 46 мектеп, 4 қосымша білім беру мекемелері, 1 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті құрайды. Барлық оқушы саны – 6444.

 

Елбасы биылғы жолдауында білім саласына баса назар аударып, жаһандық әлемде өмір сүру үшін қажетті міндеттерді айқындап берді. Жетінші міндетінде білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқытудың сапасын арттыру, цифрлық білім беруді дамыту, кең жолақты интернетке қосу және білім берудің жаңартылған мазмұнына көшудің маңыздылығын айтқан болатын. Осы орайда 2017 жылы ауданымыздың 340 ұстазы мен мектеп әкімшіліктері жаңартылған білім жүйесі бойынша біліктілігін арттырды. Қазіргі таңда 9 мектепте жаратылыстану пәні ағылшын тілінде үйірме ретінде 13 сыныпта оқытылуда. Үстіміздегі жылы кең жолақты интернетті пайдалану бойынша облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Аталған бағытта 41 мектептің интернет желісінің жылдамдығын арттыру және 5 мектепке құрылғы қондыру жұмыстары жүргізіледі.

 

47 мектепке дейінгі ұйым, атап айтқанда 11 балабақша /2-еуі жеке балабақша/, 3 бөбекжай, 33 шағын орталық бүлдіршіндердің  99,9 пайызын мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтып отыр.

 

Сондай-ақ ауданда 2 колледж 374 оқушыға кәсіби білім беруде.

 

Өздеріңіз бейнефильмнен көргендеріңіздей білім саласында да құрылыс жұмыстары қарқын алуда. (Алдағы уақытта аудан орталығынан  300 орындық мектеп-гимназия ғимараты 100 орындық интернатымен /жоба құны 1150,0 млн теңге/ және Атамекен ауылында 108 орындық мектеп ғимаратының /жоба құны 555,7 млн теңге/ құрылысы жүргізілетін болады. Жобалық-сметалық құжаттары дайын. Сондай-ақ аудан орталығындағы №1 орта мектепті және Атамекен ауылындағы музейді күрделі жөндеу күн тәртібінен түскен емес).

 

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 1583 оқушыға жергілікті мекеме-кәсіпорын ұжымдары, кәсіпкерлердің атсалысуымен 6,6 млн. теңгенің көмегі көрсетілді. Осы орайда, жас бүлдіршіндерімізге өздерінің үлкен көмектерін көрсетіп, игілікті іс жасаған аудан жұртшылығына, кәсіпкерлерімізге зор алғысымды білдіремін.

 

Ауданның білім беру ұйымдарында 1039 педагог оқушыларға білім мен тәрбие беруде, 161 мұғалім жоғары және 438 мұғалім бірінші санатты, олардың үлесі 57,6 пайызды құрайды. Өткен жылы 33 жас маман жұмысқа келген болатын. Дегенмен, аудан бойынша әлі де кадрлар жетіспеушілігі бар. /Математика, биология, география, ағылшын, химия, қазақ,орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі/. Бұл бағытта да жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

 

Денсаулық сақтау

 

Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі.

 

Ауданымызда 2 аурухана, 2 емхана, 11 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік–акушерлік пункт, 29 медициналық пункт жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау саласы нысандарын күрделі жөндеу мақсатында Мерген, Қарауылтөбе, Есенсай, Қабыршақты ауылдық дәрігерлік амбулаториялары және Есім, Баянтөбе, Коловертное, Қызылжар медициналық пункттерін жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамаға жолданды.

 

Өткен жылы 627 сәби дүниеге келіп, 274 адам дүниеден өтті, табиғи өсім 353 адамды құрады.

 

Елбасының тапсырмасына орай, ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет. Осыған орай биыл аудандық емханада электронды кезекті жүзеге асыру қолға алынуда.

 

Мәдениет және спорт

 

Мәдениет пен руханият сақталған жағдайда ғана халықтың елдік қасиеттері өшпей, ұлт ретінде асқақтай береді.

Ауданымыздағы мәдениет, спорт  мекемелерінің жұмысын жандандыру және  инфрақұрылымын оңтайландыру әдістерін жетілдіру жұмыстары басты назарда.

Осы орайда, Ақсуат және Жамбыл мәдениет үйлерін және аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебін күрелі жөндеуге құжаттары дайын.

 

Ауданның мәдениет объектілерінің желісін 18 мәдениет үйі,  10 ауылдық клуб, 1 мәдени-демалыс орталығы және 45 кітапхана құрайды. («Халықтық» атақтары бар көркемөнерпаздар ұжымдары – 8. Олар - Халық ұлт-аспаптар оркестрі, Халықтық драма театры, Үлгілі «Сымбат» бишілер тобы, «Толқын» вокалды-аспаптар ансамблі, «Жайық сазы» фольклорлық ансамблі,«Балауса» бишілер тобы, «Жайдарман» әжелер ансамблі, Сәндібековтар жанұялық ансамблі.)

 

Жаңабұлақ, Ақжол және Тайпақ ауылдық кітапханаларына жаңа заман талабына сай «модельді» статусы берілді.

Мәдениет және спорт саласында да жерлестеріміздің жетістіктері мол.

Ауыз толтырып айтатын жетістігіміз - Кенжеқыз Қаупенованың Будапешт қаласында өткен жастар арасында ұйымдастырылған әлем біріншілігінде қол күресінен әлем чемпионы атанғаны.

 

Осындай жетістіктеріміз мол және спорттың бұқаралығын арттыру бағытында аудан орталығында жоба құны 503,0 млн теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өтті, құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жүзеге асыру жолдары қарастырылуда. Сонымен қатар биылғы жылы 5 ауылда (Қарауылтөбе, Базартөбе, Сарытоғай, Қабыршақты, Үштөбе) спорт алаңын салу жоспарлануда.

 

Ішкі саясат және қоғамдық тәртіп

 

Ауданымыздағы қоғамдық тәртіп мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Есепті кезеңде 370 қылмыстық оқиға тіркеліп, 2016 жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға азайып отыр. /2016 ж. - 443/. Ашылған қылмыс саны -311 немесе  84 пайыз /2016 ж – 368 немесе 83 %/.

 

Жергілікті полиция қызметі қылмысқа қарсы күрес пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарушы органдармен бірлесе жұмыстар атқаруда. Жергілікті полиция қызметінен бұл бағыттағы жұмыстарды талап ету үшін алдымен біз оларды тиісті материалдық-техникалық базамен қамтуымыз қажет. Осы орайда, өткен жылдың ішінде жергілікті полиция қызметіне аудандық бюджеттен 9,3 млн.  теңге бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар алынып берілді. /20 компьютер, 2 бейнебақылау камерасы, 2 тұрғын үй/. Алдағы уақытта әлі де бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

 

Зайырлылық, жариялылықты мақсат еткен егемен елімізде азаматтық қоғам институттарының дамуына барлық жағдай жасалуда. Атап айтар болсақ, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «100 нақты қадам» ұлт жоспары мен халыққа арнаған әр Жолдауында еліміздің біртектілігі мен бірлігін сақтауға, азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыруға басым көңіл бөліп келеді. Осындай үздіксіз қолдаудың арқасында ауданымызда ресми тіркеліп, қызмет ететін 11  үкіметтік емес ұйым  жергілікті тұрғындардың әлеуметік қорғалуы, ұлттық келісім мен діни тұрақтылықты  қалыптастыруға ықпал ететін күш болып отырғаны аудан тұрғындарына мәлім.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында біркелкі жұмыстар атқарылды. Өткен жылы аудан бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында меценаттардың 11,6 млн. теңге құрайтын 21 жобасы жүзеге асты.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланған ауқымды жоба - ақиық ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтің есімін ұлықтау мақсатында аудан орталығынан Жұбан атындағы мәдениет және өнер орталығын ашу.  

 

Құрметті ағайын!

 

Елімізді әлемдегі  дамыған 30 мемлекеттің құрамына енгізу мақсат-мұратына жетуде 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

 «Бірлік түбі – береке» дейді ежелден дана халқымыз. Өткен жылдың еншісінде аудан көлемінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл біздің ортақ іске жұдырықтай жұмылып, бірлескен еселі еңбегіміздің нәтижесі.

Дегенмен, өткен жылда жеткен жетістіктерімізбен тоқталып қана қоймай, өңіріміздің одан әрі өркендеуі жолында алдымызда бірқатар мақсат-міндеттер тұр. 

Ендеше, ел игілігі жолындағы еселі еңбектеріңізге жарқын жетістіктер мен табыс тілеймін! 

 

Тыңдағандарыңызға рахмет!

 


 

Аудан әкімі Әділ Жоламановтың халық алдындағы есепті баяндамасының тезисі 

 

 

 

Экономика және қаржы

 

2017 жылға бекітілген аудан бюджеті 8,1 млрд. теңге, соның ішінде 4,5 млрд. теңге субвенция, 2,5 млрд. теңге трансферт, 1,1 млрд. теңге жергілікті кіріс. Бюджеттің игерілуі – 99,6 %.

 

Есепті мерзімде 1142,5 млн. теңге салық түсімі жинақталып, жоспар 103,4 пайызға орындалды. Өткен жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 091,3 млн. теңгеге, ал негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 3 035,5 млн. теңгеге жетті.

 

2017 жылғы бөлшек саудадағы тауар айналымы 8 708,0 млн. теңге құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 69 маманға 10,9 млн.теңге көтерме жәрдемақы және 37 маманға 125,9 млн.теңге бюджеттік несие берілді.

 

 

Ауыл шаруашылығы

 

Сала жалпы өнімінің көлемі өткен жылы 14,4 млн. теңгені құрады.

 

Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүйізді ірі қара мал саны 79396, қой мен ешкі 218770, жылқы 31533, түйе 204 басқа жетіп, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ірі қара малы 10,9, қой мен ешкі 3,4 жылқы 17,2 пайызға көбейсе, түйе саны өзгеріссіз.

 

Аналық малдан 26,2 мың бұзау, 114,2 мың қозы–лақ, 8,2 мың құлын алынып, өткен жылмен салыстырғанда бұзау 12,2қозы мен лақ 5,7 құлын 11,4 пайызға көбейіп отыр.

 

Табындағы асыл тұқымды мал үлесін арттыру, тұқымды түрлендіру мақсатында «2017 - 2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда аудан бойынша 30 ірі қара, 7 жылқы малын, 2 қой өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтар бар.

 

Өткен 2017 жылы ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары асыл тұқымды 1259 бас МІҚ, 76 бас жылқы және 462 бас қой сатып алды.

Ауданда тұқымдық түрлендіру аясында селекциялық және асылдандыру жұмыстарына қатысатын шаруа қожалықтарының үлесі басым. 2016 жылы 211 шаруа қожалығы және 21 ауылшаруашылық кооперативі 15658 бас аналықпен қатысса, 2017 жылы ауданның 248 ауылшаруашылық құрылымы базалық норматив бойынша 16113 бас аналықпен қатынасты. Сонымен қатар, қойдың аналық малына селекциялық және асылдандыру жұмыстарына 2017 жылы 26 шаруа қожалығы 12 414 бас аналықпен, (2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға артық)қатысып отыр.

 

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде үкімет тарапынан төленіп отырған демеуқаржының көлемі 2017 жылы 572 млн.теңгеге жетті.

 

Бруцеллез ауруына 97164 бас ірі қара мен 290481 қой–ешкі зерттеліп, 781 бас ірі қара, 704 бас қой мен ешкі оң нәтиже беріп, тиісті шаралар алынды, ірі қара және ұсақ малдың ауруға шалдығуы 2016 жылмен салыстырғанда 1,1 есеге азайды.

 

Сондай-ақ, 31790 бас ірі қара мен 122000 бас қой-ешкі, 28 бас түйе сырғаланса, 6929 мың бас жылқы таңбаланып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізілді.

 

Өткен жылы ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарына 572,0 млн. теңге көмек қаржы төленді.

Мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 9 шаруа қожалығы 186,3 млн. теңге несие алып, 19 бас асыл тұқымды аталық мал мен 676 бас аналық мал сатып алды.

 

«Құлан» бағдарламасына 3 шаруашылық құрылымы қатысып, 95,0 млн. теңге несиеге 6 бас асыл тұқымды аталық жылқы және 278 бас бие сатып алды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалығы 5,0 млн. теңге несие алып, 6 бас асыл тұқымды қошқар және 180 бас қой сатып алды.

«Береке» бағдарламасы бойынша 81 адам 308,1 млн.теңге несие алып, 1628 бас мал сатып алды, оның 527 басы бордақыланып сатылса, 1101 бас бордақылауда тұр.

Аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру қажеттілігіне байланысты жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тарту мақсатында 2016 жылы жұмыс жасаған 21 ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің саны былтыр 46-ға жетті, олардың 28-і тұқымдық түрлендірумен, 16-сы мал бордақылаумен, екеуі сүт өндірумен айналысуға бағытталып отыр.

 

Ауданда ауылшаруашылық техникаларын жаңарту жұмыстары бойынша шаруашылық құрылымдары мен жеке тұрғындар лизинг арқылы және өз қаражаттарына 100 дана техника, соның ішінде 40 трактор сатып алды. Сонымен қатар, 2014 жылы енгізілген қолдаудың жаңа түрі – инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы көптеген ауыл шаруашылық техникасы жаңартылды. Бағдарламаға өткен жылы 29 шаруа қожалығы қатысып, 77,7 млн. теңге көлемінде инвестициялық субсидияға қол жеткізді.

 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында аудан бойынша пайдаланылмай немесе тиімсіз пайдаланып жатқан жерлердің иелерімен жүргізілген түсіндіру жұмыстары негізінде 8 шаруашылық субьектісінің 14,6 мың га. жері солардың өтініштерімен мемлекет меншігіне қайтарылып алынды.

Ауылшаруашылық саласын дамыту бағытында 12 шаруа қожалығына 6,7 мың га. жер пайдалануға берілді.

Жыл қорытындысы бойынша – ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің 47 пайызы /1 млн. 198 мың га/ айналымда.

Қосалқы шаруашылық ретінде өсімдік шаруашылығы бойынша 2016 жылы 1008 га. алқапқа картоп, бау–бақша және көкөніс өнімдері егілсе, былтыр меморондумға сәйкес азайып, 840 га. егілді.

 

Ауданда су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке алу қолға алынуда. Бұл бағытта 2017 жылыоблыстық бюджеттен 37,5 млн.теңге қаражат бөлініп, 4 суландыру каналының /Қашкен, Ащы-Азнабай –Тайпақ, Азнабай – Тайпақ, Тоғыз/, 1 көлтабанның /№ 53 лиман/ техникалық паспорттарын, сонымен қатар Солянка өзеніндегі Ақжайық су қоймасының техникалық құжатын, Аяқ су қоймасы және Қос-Жүген суландыру каналының құжаттарын жасақтау жұмыстары аяқталды. Күні бүгінге аудандағы 24 көлтабанның, 11 суландыру каналының және 2 су қоймасының құжаттары толығымен рәсімделді.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік

 

2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауданның шағын және орта кәсіпкерлік саласында 1739 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, соның ішінде 150 заңды тұлғалар, 777 жеке кәсіпкерлер, 812 шаруа қожалықтар. Жұмыс жасайтын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1454, яғни тіркелген субъектілердің 84,0 пайызы.

 

Шағын кәсіпкерлік саласында аудан бойынша 3142 адам жұмыс жасайды, с.і. 390 адам заңды тұлғаларда, 1060 адам жеке кәсіпкерлерде, 1092 адам шаруа қожалықтарда. Өткен жылы жаңадан ашылған жұмыс орны – 235, 2016 жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға көп.

Кәсіпкерлік субъектілерімен өндіріс, қызмет көрсету көлемі 5849,5 млрд. теңгені құрап, өз кезегінде 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,0 пайызға көбейді.

2017 жылы ауданның шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 274,5 млн. теңге салық түсіп, 2016 жылмен салыстырғанда 4 пайызға көбейіп отыр.

2016 жылы аудан бойынша жалпы сомасы 651,0 млн. теңге құны бар 18 жоба жүзеге асырылса, өткен жылы құны 120,1 млн. теңгені құрайтын 21 нысан іске қосылды. Олардың ішінде 3 кешен (1 көп салалы, 2 жол сервисі), 1 шағын цех, 1 тойхана, 1 жанармай құю, 1 машина жөндеу станциясы, 1 газ құю бекеті, 2 шаштараз, 11 дүкен. Нәтижесінде 57 адам жұмысқа орналасты. 

Бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша ауданда жалпы сомасы 368,7 млн. теңгеге 3 жоба іске асты. Олар: тәулігіне 50 бас мүйізді ірі қара малының етін өндіру кәсіпорны «Батыс Нық» ЖШС кешені – айналымдық қаражат көлемін толтыру, «БатысГрантОйл» ЖШС – өндірістік жаңғырту және Бударин ауылындағы терек қалдықтарынан ағаш көмірін өндіру орны.

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

Аудан бойынша 52 елдімекеннің 24-і таза ауыз сумен қамтылып, бұл аудан тұрғындарының 81,4 пайызын құрап отыр. Таза сумен қамту 10 елдімекенде “Таза су” бағдарламасымен, 5 елді-мекенде «Нұрлы жол» және 9 елдімекенде “Ақбұлақ” бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды.

 

2017 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қор бюджетінен 1млрд.092,0 млн. теңге қаржы бөлініп, Атамекен, Қабыршақты, Базаршолан, Баянтөбе, Есім ауылдарына және «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Ақсуат, Ақбұлақ ауылдарына орталықтандырылған таза ауыз су тартылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Сайқұдық, Кеңсуат, Шабдаржап, Томпақ, Базартөбе, Қадырқұл, Қызылжар, Көнеккеткен, Қамыстыкөл, Жайық ауылдарына таза ауыз су құбырын тарту мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Ал Жамбыл, Битілеу ауылдарын таза ауыз сумен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда.

 

33 елдімекен табиғи газбен қамтылған (аудан тұрғындарының 91,8 пайызы).

 

Биыл бюджеттен 199,8 млн теңге қаражат бөлініп, ауданның 11 елдімекеніне, атап айтсақ, Жамбыл, Үштөбе, Бітік, Тегісжол, Жаңажол, Қарағай, Тоған, Сарман, Битілеу, Ақбұлақ, Есім ауылдарына табиғи газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыстар аяқталған соң аудан халқын көгілдір отынмен қамту 98,3 пайызды құрайтын болады.

Елді-мекендерді абаттандыру жұмыстары бойынша Чапаев ауылының көшесіне 2,6 шақырым жаяу жүргіншілер жолы төселді және 2,1 шақырым жаяу жүргіншілер жолын төсеуге жобалық-сметалық құжат жасақталып, сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жергілікті бюджеттен 8 млн. теңге қаралып, аудан орталығындағы саябақ күрделі жөндеуден өткізілді, Чапаев ауылының кіреберісіне тану белгісі (арка) орнатылса, жол қозғалысын ретке келтіру және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қонаев-Республика көшелерінің қиылыстарына бағдаршам орнатылды.

Ауылішілік жолдарды жөндеу барысында өткен жылы 198,1 млн. теңге қаржыға Чапаев ауылында 3,8 шақырымдық 6 көшені орташа жөндеу және 191,2 млн. теңгеге Тайпақ ауылындағы 2 шақырымдық 2 көшені күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Чапаев ауылының кіре беріс жолын орташа жөндеу және аудан орталығындағы 3 көшені күрделі жөндеу мақсатында жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өткізілді. Сондай-ақ, Алғабас, Ілбішін ауылдарының кіреберіс жолдарын күрделі жөндеу, Чапаев ауылының 4 көшесінің ауылішілік жолдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өткізу үшін құжаттар дайындалуда. Қосымша Жаңабұлақ және Жайық ауылдарына кіреберіс жолдарды орташа және күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталатын болады.

 

Есепті кезеңде Чапаев ауылының Құрманғазы көшесіне 7,3 млн.теңге қаржыға жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

 

1 қаңтарға аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 310 адам бар. Соның ішінде тұрғын үйі апатты жағдайдағы 16 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. Аталған санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында 2016 жылы 22,0 млн теңгеге ғимарат сатып алынып, өткен жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті азаматтарға табысталды.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құны 65 млн.теңге Чапаев және Тайпақ ауылында 6 екі пәтерлі бір қабатты және 47 млн.теңгеге Есенсай, Алғабас, Базаршолан, Бударин, Құрайлысай және Көнеккеткен ауылдарында 1 қабатты 1 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй көтерілді. Тайпақ және Чапаев ауылдарындағы 12 тұрғын үй кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған, 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша 2 адамға және әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар санаты бойынша 10 адамға табысталды. Ағымдағы жылы аудан орталығында 3 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Сонымен қатар 7 ауылда коммуналдық тұрғын үй салу үшін құжаттар жасақталуда.

Аудан бойынша 66 көппәтерлі тұрғын үйдің 11-і «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жөнделген. 2017 жылы қайтарым қаражаты бойынша Ақжол ауылдық округіндегі 1 көппәтерлі тұрғын үй 15,7 млн. теңгеге қайта жаңғыртудан өтіп, тұрғындарға пайдалануға берілді.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

 

 

2017 жылы жұмыссыздық деңгейі 0,8 %-ды құрады. Есептік кезеңге 848 жаңа жұмыс орыны ашылса, тұрақты немесе маусымдық жұмыс орындарына 2323 адам орналастырылды.

 

Азаматтарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін 55,9 млн. теңге бөлініп, нәтижесінде 803 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жұмыс орындарымен 144 адам қамтылып отыр.

 

Арнаулы орта және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 79жас маман жолданып, 38-і тұрақты жұмысқа орналасты.

2017 жылдың басынан ел өңірлерінде жүзеге асырыла бастаған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында 273 адам кәсіби оқуларға жолданып, оның 136-сы жұмысқа орналасты. Бағдарламаның ІІ бағыты бойынша 36 адам 150,4 млн. теңге несие алса, соның 33-і мал шаруашылығына, 3-і түрлі салада жұмыс істеуге бағытталды.

 

Жанбасылық табыстары кедейлік шегінен төмен тұратын 26 отбасындағы 128 адамға 5,5 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

2018 жылдың 1 қаңтарына 1312 отбасының 3474 баласына міндетті мемлекеттік жәремақылар 75,0 млн. теңге көлемінде төленсе, сәйкесінше өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда отбасы саны 7,8%-ға азайып отыр.

Тұрғын үй көмегі 2018 жылдың 1 қаңтарына 96 отбасыға 5,4 млн. теңге көлемінде көрсетілді.

«Өрлеу» бағдарламасы аясында 62 отбасыға 14,9 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, 28 адам тұрақты жұмысқа, 30-ы ақылы қоғамдық жұмысқа, алтауы әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Олар төленген 14,9 млн. теңгеге 47 бас ірі қара, 387 бас қой-ешкі, 1 бас жылқы, 55 үй құсы, 3 торай өсіруде, екі отбасы қоғамдық тамақтану орнын ашып, кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс істеуде.

 

Халықты жұмысқа орналастыру мақсатында 6 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 299 адам қатысты. Нәтижесінде 89 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 6 адам жастар тәжірибесіне жолданды, 102 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылды.

 

Мүмкіндігі шектеулі 39 азамат жұмысқа орналастырылып, жеке оңалту бағдарламасы бойынша 20 мүмкіндігі шектеулі жан Бурабай қаласындағы «Алмаз» шипажайына жолданды.

 

 

Білім

 

Аудандағы білім беру саласының жүйесін 24 орта, 12 негізгі, 10 бастауыш – барлығы 46 мектеп, 4 қосымша білім беру мекемелері, 1 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті құрайды. Барлық оқушы саны – 6444.

 

Ауданның білім беру ұйымдарында 1039 педагог оқушыларға білім мен тәрбие беруде, оның 873-і жоғары, 166-ы арнаулы орта білімді. 161 мұғалім жоғары және 438 мұғалім бірінші санатты, олардың үлесі 57,6 пайызды құрайды. 2017 жылы ауданға 33 жас маман жұмысқа келді. Кадр жетіспеушілігі – 22 мұғалім /10 білім беру ұйымында/.

 

Бөлімнің 2017 жылғы бюджеті 4 млрд 020 млн.теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға артты.

 

Өткен жылы Есенсай орта мектебі күрделі жөндеуден өтті, қазіргі уақытта Шабдаршап ауылында жоба құны 635,7 млн.теңгені құрайтын 198 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде.

 

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында компьютерлер, спорттық инвентарь, мектеп асханаларына қажетті құрал-жабдықтар, жазғы лагерлерге 2 бассейн, 17 орта мектепке роботты техника құрылғылары сатып алынып, 42 мектепке 117интерактивті тақталар орнатылды.

Аудан орталығынан 300 орындық мектеп-гимназия ғимараты 100 орындық интернатымен және Атамекен ауылында 108 орындық мектеп ғимаратының құрылысына жобалау-сметалық құжаттар жайындалды, мемлекеттік сараптамаға құжаттар жинақталуда.

 

Өткен жылы аудандық бюджеттен 11,5 млн.теңге қаржы бөлініп, балалар 100 пайыз жазғы демалыспен қамтылды.

Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне 500-дан астам бала барып, тамашалап келді, соның 280-і – жергілікті бюджет қаражатымен.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 1583 оқушыға 6,6 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.

Аудандық бюджеттен 149,8 млн. теңге қаржы бөлініп, 1-4 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасылардың балалары ыстық тамақпен қамтылды /аудан бойынша жалпы оқушылардың қамтылуы 64,9%/.

 

Оқушыларымыздың 93,8 пайызы қосымша білім беру үйірмелеріне қатысуда /4 қосымша білім беру ұйымында 6060 бала/

2017 жылы 291 мектеп түлегінің 208-і ҰБТ-ға қатысып, орташа балл 70,28-ді құрады. 8 оқушы «Алтын белгі», 8 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. 62 түлегіміз мемлекеттік грантқа ие болды.

 

Ауданда 9 балабақша, 3 мектеп-бөбекжай кешені, 33 шағын орталық және 2 жеке балабақша жұмыс жасайды. Бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамту 99,9 пайызды құрайды.

 

Денсаулық сақтау

 

Ауданның денсаулық сақтау саласында 2 аурухана, 2 емхана, 11 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік–акушерлік пункт, 31 медициналық пункт жұмыс жасайды.

Аудан бойынша 58 дәрігер, 293 орта буын медицина қызметкерлері халыққа медициналық қызмет көрсетеді.

 

2017 жылы 653 сәби дүние есігін ашып, табиғи өсім 366 адамды немесе 8,8 пайызды құрады.

 

Халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған «Денсаулық» бағдарламасы бойынша мақсатты топтардың арасында ауруды ерте анықтауға бағытталған скринингтік зерттеулер жоспарлы түрде жүзеге асырылып, 28420 адам скринингтік тексерулерден және туберкуллезді ерте анықтау мақсатында 17221 адам флюробайқаудан өтті.

 

Денсаулық сақтау саласы нысандарын күрделі жөндеу мақсатында Мерген, Қарауылтөбе, Есенсай, Қабыршақты ауылдық дәрігерлік амбулаториялары және Есім, Баянтөбе, Коловертное, Қызылжар медициналық пункттерін жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамаға жолданды. Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ауданымызға 2 (орталық ауруханаға, Сайқұдық ауылы) жедел-жәрдем көлігі алынды. Сонымен қатар, аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 15,5 млн. теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды.

 

Мәдениет және спорт

 

Мәдениет объектілерінің желісін 18 Мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 1 мәдени-демалыс орталығы, 1 жастар мәдениет орталығы және 45 кітапхана құрайды. 8 кітапхана модельді кітапхана статусына ие.

 

Халықтық атағы бар 8 өнер ұжымы бар.

 

Ұлттық қордан 52,7 млн. теңге қаражат қарастырылып, Ақжол және жергілікті бюджеттен бөлінген 24 млн. теңгеге Тайпақ ауылдық Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Ақсуат және Жамбыл Мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу үшін конкурс жарияланды.

 

Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 28,6 млн. теңгеге LED экран жинағы, рәміздер, сахналық киімдер, жиһаздар және Тайпақ Мәдениет үйі, Томпақ, Жаңажол ауылдық клубтарына, аудан орталығындағы koworking орталығына музыкалық аппаратуралар сатып алынды.

Тұрғындарға рухани дем беретін әр түрлі мәдени –көпшілік шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді.

 

К.Жұмабековтың «Адасқандар» драмалық қойылымы сомдалды, Қала күні мен «Туған жер» ауданаралық өнер фестивалі аясында Ақжайық ауданының өнерпаздары оралдықтарға ұлттық өнердің үздік туындыларын паш етті. 

 

Айтулы шаралардың бірі – «Цифрлы Қазақстан: Кітапхана дамуына жаңа серпін» тақырыбындағы Батыс Қазақстан аймақтық кітапханашыларының форумы өтті. Атырау қаласында өткен «Границы не разделяют сердца друзей» атты VІ Халықаралық фестивальге «Радуга» славян ұлттық мәдени орталығы қатынасып қайтты, әйгілі «Екі жұлдыз» әнінің авторы Сейітқали Қайырғалиев әндерін орындаушылардың облыстық «Екі жұлдыз» байқауы өткізілді. «Радуга» славян ұлттық мәдени орталығының Теректі, Зеленов аудандарының этномәдени орталықтарымен әріптестік кездесуі өтті.

 

2017 жылғы кітапхана жүйесінің кітап қоры – 580863 дана әдебиетті, оқырман 29568 адамды құрап отыр. Кітап қоры 9683 дана жаңа әдебиетпен толықты. Жаңабұлақ, Ақжол және Тайпақ ауылдық кітапханаларына жаңа заман талабына сай модельді мәртебесі берілді.

Аудан халқының 27 пайызы спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Жыл басынан 327 спорттық шара өткізіліп, оған 9710 адам қатынасты.

Саламатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген 35 млн теңгеге аудан орталығы және Тайпақ ауылдық округінде жасанды төсеніші бар денешынықтыру және спорт алаңы салынды. Орталық аурухана ғимаратында нәзік жандыларға арналған фитнес орталығы ашылды.

Сондай-ақ, аудан орталығында жоба құны 467 млн теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мақсатында жергілікті бюджеттен 1,5 млн теңге бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жүзеге асыру жолдары қарастырылуда. 5 (Қарауылтөбе, Базартөбе, Сарытоғай, Қабыршақты, Үштөбе) ауылда спорт алаңын салу жоспарлануда.

 

 

Ішкі саясат және қоғамдық тәртіп

 

Ауданымыздағы қоғамдық тәртіп мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Есепті кезеңде 370 қылмыстық оқиға тіркеліп, 2016 жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға азайып отыр /2016 ж. - 443/.

 

Жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында өткен жылы аудандық бюджеттен 9,3 млн. теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді /2 тұрғын үй, 20 компьютер, 2 бейнебақылау камерасы/.

Ауданымызда 11 Үкіметтік емес ұйым жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Елбасы саясатын қолдау бағытында белсенді жұмыстар атқаруда.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында біркелкі жұмыстар атқарылды. Өткен жылы аудан бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында меценаттардың 10,6 млн. теңге құрайтын 15 жобасы жүзеге асты.

Бағдарлама аясындағы ауқымды шараларға тоқталатын болсақ: «Алашорда» үкіметінің 100 жылдығына арналған «Ақжайықтағы Алаш іздері» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция және белгілі ақын, әдебиеттанушы Сағынғали Сейітовтың 100 жылдығы ауданда жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өңіраралық байланыстарды нығайту мақсатындағы көршілес Атырау облысының Индер ауданы делегациясы ауданға сапарлады. Кезінде Тайпақ ауылында денсаулық сақтау саласында қызмет жасап, қазір облыс аумағында, көршілес Атырау облысында жұмыс істейтін 32 дәрігердің қатысуымен «Ақжелеңді абзал жандар» атты форум өтті.

 

Жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатын оңтайландыру мақсатында 2017 жылы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық арқылы барлық ауылдық округке жастар ісі жөніндегі кеңесші-маман штаты берілді.

 

Жастардың қатысуымен көптеген шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде «Жастарға кеңес» консультациялық акциясы, «Жас маман» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, аудан жастарының «Өрле, ауылым!» керуені ауылдық округтерде жастармен кездесу, облыстық мекемелер мен көршілес Атырау облысының Индер ауданынан жастар қатысқан «Жастар, еңбек, жаңғыру!» атты форум және «Жастар қуаты – болашақтың қуаты» атты облыстық форум өткізілді. Сонымен қатар аз қамтылған, мұқтаж отбасыларға мүмкіндігінше көмек қолын созуға ниетті тұрғындардың көмегін ұсынатын «Шапағат» қайырымдылық дүкені және жастардың интеллектуалдық, шығармашылық мүмкіндігін арттыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Өркен» коворкинг орталығы ашылды.

 


 

 Аудан әкімі Ә.Жоламановтың аудан тұрғындарымен қорытынды есеп беру туралы мәлімет

 

Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес аудан әкімі Ә.Жоламановтың аудан тұрғындарымен қорытынды есеп беру кездесуі 2018 жылғы 5 ақпан күні сағат.16:00-де мәдени-демалыс орталығында өтеді.

 


 

Ақжайық ауданы бойынша облыс әкімі А.С.Көлгіновтің 2018 жылғы 5 ақпанда өтетін халық алдындағы есебіне тұрғындардың ұсыныстары мен ескертпелеріне арналған ауылдық округтер мен елді мекендерге қойылатын арнайы жәшіктердің тұратын орындары туралы мәлімет

 

Ауылдық округтер

Жәшіктер саны

Жәшіктердің орналасқан жері

1

Ақсуат

3

1) Ақсуат ауылы (ауылдық округ әкімі аппараты, С.Ошанов ат. ОЖББМ)

2) Ақбұлақ ауылы (кітапхана)

2

Ақжол

5

1) Ілбішін ауылы (ауылдық округ әкімі аппараты Қонаев к-сі, 21, мәдениет үйі)

2) Қабыл ауылы (ауылдық  клуб)

3) Тінәлі ауылы (НЖББ мектебі)

4) Битілеу ауылы (И.Тайманұлы ат. НЖББ мектебі)

3

Алғабас

6

1)Алғабас  ауылы  (ауылдық округ әкімі аппараты, мәдениет үйі)

2) Жаңажол ауылы (ауылдық  клуб)

3) Қарағай ауылы (кітапхана)

4) Тегісжол ауылы (кітапхана)

5) Бесоба ауылы («Бесоба КБГ үйі»)

4

Алмалы

3

1) Алмалы ауылы (ауылдық округ әкімі аппараты, мектеп ғимараты)

2) Атамекен ауылы (М.Өтемісов ат. Негізгі мектеп)

5

Базаршолан

3

1) Базаршолан ауылы (ауылдық округ әкімі аппараты, Ғ.Махамбетов ат мектеп)

2) Есім ауылы (кітапхана)

6

Базартөбе

4

1) Базартөбе ауылы(ауылдық округ әкімі аппараты, мәдениет үйі)

2) Қызылжар ауылы (негізгі мектеп)

3) Қадырқұл ауылы (негізгі мектеп)

7

Бударин

3

1) Бударин ауылы  (мәдениет үйі),

2) Самал ауылы, (кітапхана) ,  

3) Коловертное ауылы, (кітапхана)

8

Есенсай

4

1) Есенсай ауылы (ауылдық округ әкімі аппараты, мектеп ғимараты)

2) Кеңсуат ауылы (негізгі мектеп)

3) Тасоба ауылы (бастауыш мектеп)

9

Жамбыл

3

1) Жамбыл ауылы (мәдениет үйі Жағалау к-сі, 5)

2) Бітік ауылы (бастауыш мектеп)

3) Үштөбе ауылы (Болдырев НМ)

10

Жаңабұлақ

3

1) Жаңабұлақ ауылы (ауылдық округ әкімі аппараты М.Абатов к-сі, 50, Мәдениет үйі)

2) Қосшығыр ауылы (кітапхана)

11

Көнеккеткен

3

1) Көнеккеткен ауылы (ауылдық округ әкімі аппараты, О.Исаев ат ЖОББМ)

2) Қамыстыкөл ауылы (бастауыш мектеп)

12

Қабыршақты

2

1) Қабыршақты ауылы (ауылдық округ әкімі аппараты, мәдениет үйі)

13

Қарауылтөбе

3

1) Қарауылтөбе ауылы (ауылдық округ әкімі аппараты, Тайпақ орта мектебі, амбулатория)

14

Құрайлысай

4

1) Жұбан ауылы (ауылдық округ әкімі аппараты Ж.Молдағалиев к-сі, 6, Мәдениет үйі С.Дат к-сі, 7 үй)

2) Әтібек ауылы (медпункт)

3) Сайқұдық ауылы (ауылдық клуб)

15

Мерген

4

1) Мерген ауылы (ауылдық округ әкімі аппараты, Мәдениет үйі)

2) Жолап ауылы (кітапхана)

3) Мойылды ауылы (кітапхана)

16

Сарытоғай

2

1) Жанама ауылы  (ауылдық округ әкімі аппараты ,С.Сейфуллин көшесі, 9)

2) Сарман ауылы (ауылдық кітапхана)

17

Тайпақ

4

1) Тайпақ ауылы  (ауылдық округ әкімі аппараты, мәдениет үйі)

2) Шабдаржап ауылы (Харкин ЖОББМ, мәдениет үйі)

3) Томпақ ауылы (Краснояр НМ)

18

Чапаев

3

1) Чапаев ауылы (ауылдық округ әкімі аппараты Д.Қонаев к-сі, 35, «Мерей» МДО)

2) Жайық ауылы (мәдениет үйі)

БАРЛЫҒЫ

62

 

   

 

Аудан әкімі аппаратының

Басшысы м. а.:                                                                          А.Кадисова