26 декабря 2018
840

2017 жыл

Аудан әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

 «БЕКІТЕМІН»

Аудан әкімі

______________ Ә.Жоламанов

«    » __________ 2016 жыл

 

Аудан әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде айтылған

ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Айтылған ескертулер/ұсыныстар

Ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен орындалу мерзімі

Жауапты

Ескертпе

АҚЖОЛ АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

1

Тозығы жеткен электр желілерін ретке келтіру

«Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-на ұсыныс беру

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

С.Ашабаев

 

Жергілікті «Сахарный»  мұнай жылыту бекетінің 150 дана бағанамен демеушілік көрсетуімен Ілбішін-Тналиев елдімекендері бағытындағы тозығы жеткен 11 шақырымдық электр бағаналары мен сымдары ауыстырылып, электр желісі толығымен қалпына келтірілді.

2

Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу

Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу жөнінде облыстық басқармаға ұсыныс беру

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

Г.Құлмұқанова

Лбішін ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

АЛҒАБАС АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

3

Тозығы жеткен электр желісі сымдарын жаңарту

«Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-на ұсыныс беру

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

С.Ашабаев

2016 жылдың шілде-тамыз айларында Бударин-Верхне-Вологино бағытындағы 22 шақырымдық электр желісін жаңарту жұмыстары жүргізіліп, ескі электр бағаналары мен сымдары толық ауыстырылды.

АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

4

Бағырлай өзенінен өтетін көпірді жөндеу

Атқарылатын жұмыс көлемін анықтап, ұсыныс беру

Мерзімі: 2016 жыл

А.Абуғалиев

С.Ашабаев

Ж.Ахмет

«Қазсушар» мекемесінің және жергілікті шаруа қожалығының техникаларымен  аталмыш көпір толықтай жөнделді

БАЗАРТӨБЕ АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

5

Базартөбе ауылында балабақша салу

ЖСҚ дайын. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу жөнінде облыстық басқармаға ұсыныс беру

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

М.Зиналиев

А.Жаншин

Бала санының жетіспеушілігіне байланысты балабақша салынбайды.

Қазіргі уақытта мектеп жанындағы шағын орталықта 50 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі біліммен бүлдіршіндерді толық қамтып отыр. Балабақша кезегіне тіркелушілер жоқ.

6

Базартөбе мәдениет үйіне музыкалық аппаратура алып беру

Қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмыстану

Мерзімі: 2016 жыл

А.Ермұханов

Аудандық «Мерей» мәдени демалыс орталығы арқылы музыкалық аппаратура алынды

7

Мектептерге шаңғы алып беру

Мектептерді шаңғымен қамтамасыз етуге жұмыстану

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

М.Зиналиев

Жергілікті бюджеттен бөлінген 5,4 млн. теңгеге 2016 жылдың мамыр айында 175 дана  шаңғы сатып алынып, мектептерге таратылды

БАЗАРШОЛАН АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

8

Ауылдық дәрігерлік амбулаторияны жөндеуден өткізу

Қажетті материалдармен көмектесу

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

Д.Хайрушев

Ғимарат төбесі  жөндеуден өткізілді. Дегенмен, күрделі жөндеуді қажет етеді.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жоспарына енгізілді

9

Ғ.Махамбетов атындағы орта мектеп пен «Балдәурен» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу

Жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу жөнінде облыстық басқармаға ұсыныс беру

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

М.Зиналиев

2016-2020 жылдарға арналған БҚО-ның аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар жоспарына Ғ.Махамбетов атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 2017 жылға ЖСҚ дайындау, «Балдәурен» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу 2018 жылға енгізілді

БУДАРИН АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

10

Бударин дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу

Жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу жөнінде облыстық басқармаға ұсыныс беру

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

Д.Хайрушев

«Жолаушы Жол» ЖШС-і күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтап, 2016 жылдың 27 желтоқсанында іске қосылды.

ЕСЕНСАЙ АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

11

Есенсай ауылындағы жолды жөндеу (300 м)

Қажетті қаражат көлемін анықтап, ұсыныс беру

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

С.Ашабаев

Қ.Арыстанғалиев

 

Есенсай ауылындағы 300 м жолды жөндеу үшін алдын ала болжам бойынша 700000 теңге көлемінде қаражат қажет.

Қазіргі уақытта мүмкіншілік жоқ.

12

Есенсай орта мектебін күрделі жөндеу

ЖСҚ дайын. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу жөнінде облыстық басқармаға ұсыныс беру

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

М.Зиналиев

Облыстық білім басқармасына  2016 жылдың 29 наурыз күні  № 1-10/546 және  14 сәуір күні  №1-10/675 хаттарымен ұсыныс берілді.

2016-2020 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар жоспарына Есенсай орта мектебін күрделі жөндеу 2017 жылға енгізілді

ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

13

Ауыл ішіндегі электр бағаналарын жөндеу

«Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-на  ұсыныс беру

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

С.Ашабаев

 

«Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы» АҚ-ның Чапаев аудандық филиалымен  ауыл ішіндегі электр бағаналарын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

14

Жамбыл ауылына газ құбырын тарту

Газ құбырын жүргізетін мердігерлер іздестіріп, бірлесе жұмыстану

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

С.Ашабаев

Қ.Елешев

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы ауданның  11 елді мекеніне көгілдір отын тарту жоспарланып, бюджеттен 200 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып процесін жүргізу жұмыстары атқарылуда

ЖАҢАБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

15

Мектептің шатыры мен жылу жүйесін жөндеу

Күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасақтауға қаржы бөлу туралы облыстық басқармаға ұсыныс жолдау

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

М.Зиналиев

2008 жылы мектепке күрделі жөндеу жүргізілген болатын.

Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі жоқ.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақтауға қаржы бөлу туралы облыстық салалық басқармаға ұсыныс берілмеген.

КӨНЕККЕТКЕН АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

16

Ауыз су құбырларын жөндеу

Нақты қажетті қаржыны анықтап, ұсыныс беру

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

С.Ашабаев

 

Су құбыры техникалық жағынан қалыпты жұмыс жасауда. Алайда мәселе ауыз су сапасының төмен болуында.

Суды залалсыздандыратын құрылғы және су жинайтын резервуар қажеттілігі туындауда. «Жайықтехсервис» МКК тарапынан әзірге мүмкіншілік болмауда

 ҚҰРАЙЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

17

Сайқұдық сайынан көпір салу

Қажетті қаржы көлемін анықтап, ұсыныс беру

                   Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

С.Ашабаев

 

А.ж. көпір салу жұмыстары жергілікті тұрғындардың күшімен және «Жайықтехсервис» мекемесінен бөлінген техниканың көмегімен жүзеге асырылды

ТАЙПАҚ АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

18

Шабдаржап ауылында жаңа мектеп ғимаратын салу

Құрылыс жұмыстарына КПО б.в. тарапынан қаржы бөлу мүмкіндігі жөнінде ұсыныс енгізу

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

М.Зиналиев

2016 жылы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг B.V» Консорциумы қаражаты есебінен іске асырылатындығы жоспарланды. Алайда, қаражаттың қысқаруына байланысты кейінге қалдырылды

19

Бағырлай өзеніне су жіберу

«Казсушар» мекемесімен бірлесіп жұмыстану

                 Мерзімі: 2016 жыл

А.Абуғалиев

М.Сердалин

2016 жылы Тайпақ магистралды каналы арқылы Бағырлай өзеніне 11,130  млн. куб.м. су берілді.                 

20

Мектептерге шаңғы алып беру

Мектептерді шаңғымен қамтамасыз етуге жұмыстану

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

М.Зиналиев

Жергілікті бюджеттен спорттық тауарлар алуға бөлінген 5,4 млн. теңгеге 2016 жылдың мамыр айында 175 дана шаңғы сатып алынып, мектептерге таратылды.

ЧАПАЕВ АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІ

21

Мұнай базасы аумағында балалар ойын алаңын салу

Балалар ойын алаңын салуға орын анықтау және ЖСҚ жасақтау

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

М.Зиналиев

А.Жаншин

«Есмуханов» ЖК - і 3 840 000 теңгеге ұтып алды. Қараша айында құрылыс жұмыстары басталуы керек болатын. Алайда уақытында жұмыс басталмауына байланысты жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану жөнінде сотқа арыз берілді.                    2017 жылдың 16 қаңтары күні сот отырысы өткізіледі

22

Н.Майданов атындағы саябақты қоршау

ЖСҚ жасақтауға жұмыстану

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

С.Ашабаев

Н.Набиденов

Мердігер «ҚұрылысЖөндеуСервис» ЖШС-мен қоршау жұмыстары жүргізілді.

23

Бос тұрған ғимараттың (модуль) жөндеу жұмыстарын жүргізу

Жеке кәсіпкерлер тарапынан инвестиция тарту

Мерзімі: 2016 жыл

Т.Шиниязов

Д.Карабалин Н.Набиденов

 

А.ж. 5 маусым күні өткен конкурс қорытындысы бойынша ғимарат ЖК «Реал Снаб»-қа  1 жылға сенімгерлік басқаруға берілді.   Модульді ғимараттың жөндеу жұмыстарының аяқталуы  а.ж. 23 қаңтарына жоспарланды

 

АҚЖОЛ, АҚСУАТ, БАЗАРШОЛАН, ҚАБЫРШАҚТЫ, ҚАРАУЫЛТӨБЕ, САРЫТОҒАЙ, ТАЙПАҚ АУЫЛДЫҚ  ОКРУГТЕРІ

24

Бруцеллез ауруына шалдыққан мал басына өтемақы төлеу

Қаржының мүмкіндігіне қарай тиісті өтемақының бөлінуін ұйымдастыру

Мерзімі: 2016 жыл

А.Абуғалиев

М.Нұралиев

Облыстық бюджеттен 162 млн. теңге қаражат бөлініп, 2015 жылы бруцеллезге шалдыққан мал иелеріне өтемақы толық төленді.

 

 

Аудан әкімінің ауыл шаруашылық саласы

және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері 

жөніндегі орынбасары                                                                                   А.Абуғалиев

 

Аудан әкімінің ішкі саясат және

әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары                                                      Т.Габдушев

 

Аудан әкімінің экономика

мәселелері жөніндегі орынбасары                                                               Т.Шиниязов 

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы                                                            С.Бакманов

 

 

Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы  5 ақпандағы № 190 Жарлығын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімдерінің 2017 жылы округ орталықтарында есеп беру кездесулерін өткізу кестесі

Ауылдық округ атауы

Округ орталығының атауы

Өтетін уақыты

Өткізілетін орны

күні

сағаты

1

Алғабас

Алғабас

17.01.2017

10.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

2

Бударин

Бударин

15.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

3

Қабыршақты

Первомай

18.01.2017

10.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

4

Жамбыл

Жамбыл

15.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

5

Жаңабұлақ

Жаңабұлақ

19.01.2017

10.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

6

Мерген

Мерген

15.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

7

Құрайлысай

Жұбан

20.01.2017

10.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

8

Көнеккеткен

Көнеккеткен

14.30

Орта мектептің акт залы

9

Есенсай

Есенсай

17.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

10

Чапаев

Чапаев

23.01.2017

16.00

«Мерей» МДО

11

Алмалы

Алмалы

24.01.2017

11.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

12

Тайпақ

Тайпақ

16.00

Ауылдық округ әкімі аппаратының мәжіліс залы

13

Сарытоғай

Жанама

25.01.2017

10.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

14

Базаршолан

Базаршолан

15.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

15

Ақсуат

Ақсуат

26.01.2017

10.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

16

Ақжол

Лбішін

15.00

Орта мектептің акт залы

17

Қарауылтөбе

Қарауылтөбе

27.01.2017

10.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

18

Базартөбе

Базартөбе

15.00

Мәдениет үйінің мәжіліс залы

 

 Ауылдық округ әкімдерінің шағын елді мекендерде есеп беру кездесулерінің кестесі

Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы  5 ақпандағы № 190 Жарлығын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімдерінің шағын елді мекендерде есеп беру кездесулерінің  кестесі

Округ атауы

Елді - мекен атауы

Өтетін уақыты

Қатынасатын лауазымды тұлғалар

күні

уақыты

Алғабас

Тегісжол

15.01.2017

9.30

Т.Шиниязов

Жаңажол

12.00

Бесоба

16.00

Сарытоғай

Сарман

9.30

Т.Габдушев

Базаршолан

Есім

12.00

Жаманқұдық

15.30

Ақсуат

Ақбұлақ

9.00

А.Абуғалиев

Ақжол

Тінәлі

11.00

Қабыл

15.00

Мерген

Мойылды

17.00

Алғабас

Қарағай

16.01.2017

9.00

Т.Шиниязов

Тоған

11.00

Бударин

Коловертное

15.00

Самал

17.30

Жамбыл

Үштөбе

9.30

Т.Габдушев

Бітік

11.30

Жаңабұлақ

Қосшығыр

15.00

Ақжол

Битілеу

9.30

А.Абуғалиев

Мерген

Жолап

12.00

Чапаев

Жайық

16.00

Құрайлысай

Әтібек

17.01.2017

9.30

Т.Габдушев

Сайқұдық

12.00

Есенсай

Тасоба

18.01.2017

9.30

А.Абуғалиев

Кеңсуат

11.30

Көнеккеткен

Қамыстыкөл

15.30

Тайпақ

Томпақ

9.30

Т.Шиниязов

Шабдаржап

11.30

Алмалы

Жантемір

14.30

Атамекен

17.00

Базартөбе

Қадырқұл

9.30

Т.Габдушев

Қызылжар

11.30

Қарауылтөбе

Қырыққұдық

15.30

 

Аудан орталығының атауы

Өтетін уақыты

Өткізілетін орны

күні

сағаты

1

Чапаев

03.02.2017

18.00

«Мерей» МДО

 

Экономика және қаржы

2016 жылға бекітілген аудан бюджеті 5,2 млрд. теңге, соның ішінде 3,2 млрд. теңге субвенция, 1,1 млрд. теңге трансферт, 0,9 млрд. теңге жергілікті кіріс.

Есепті мерзімде 1044,4 млрд. теңге салық түсімі жинақталып, жоспар 111,8 пайызға орындалды.

2016 жылдың 11 айында өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1534,5 млн. теңгеге, ал негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1246,3 млн. теңгеге жетті.

2016 жылдың 1 желтоқсанына бөлшек саудадағы тауар айналымы 7454,0 млн. теңге құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 14,5 пайызға өсті.

Өткен жылы инженерлік инфрақұрылымдары жүргізілген 149 жер телімі беріліп, 5315 шаршы метр жеке тұрғын үй салынды.

 

Ауыл шаруашылығы

Салада жалпы өнімінің көлемі өткен жылдың 11 айында 12340,4 млн. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 105,3 %-ды құрады.

Барлық санатта 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүйізді ірі  қара 71541, қой  мен  ешкі 212152, жылқы 26894 басқа жетіп, 2016 жылдың осы кезеңімен  салыстырғанда ірі  қара  малы 3,9, қой мен  ешкі 1,9, жылқы  12,9  пайызға  көбейді.

Аналық малдан 23,3 мың бұзау, 108,0 мың қозы-лақ, 7,4 мың құлын алынып, өткен жылмен салыстырғанда бұзау 0,1, қозы мен лақ 1,9, құлын 6,6 пайызға көбейіп отыр.

Бруцеллез ауруына 102316 бас ірі қара мен 240611 қой-ешкі зерттеліп, 1275 бас ірі қара, 317 бас қой мен ешкі оң нәтиже беріп, тиісті шаралар алынды.

Сондай-ақ, 26886 бас ірі қара мен 103200 бас қой-ешкі, 58 бас түйе сырғаланса, 6703 мың бас жылқы таңбаланып, бірдейлендіру дерекқорына енгізілді.

Өткен жылы ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарына 496,9 млн. теңге көмек қаржы төленді.

Мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 16 шаруа  қожалығы 246,4 млн.  теңге  несие  алып,  53  бас  асыл  тұқымды  аталық мал  мен 1272  бас аналық  мал сатып  алды.

«Құлан» бағдарламасына 5 шаруашылық құрылымдары қатысып, 123,7 млн. теңге несиеге 33 бас асыл тұқымды аталық жылқы және 400 бас бие сатып алды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы 39,9  млн. теңге несие алып, 62 бас асыл тұқымды қошқар және 1469 бас қой сатып алды.

Аудан бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасының шебер-жоспарлары шеңберінде 2016 жылға 5 шебер-жоспар бойынша 9 жоба жоспарланып, бесеуі орындалса, төртеуі қолданыстағы заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты нақтылануда.

Шаруашылық құрылымдары мен жеке тұрғындар лизинг арқылы және өз қаражаттарына 64 дана  ауылшаруашылық техникасын, соның ішінде 17 трактор  сатып алды. Сонымен қатар, 2014 жылы енгізілген қолдаудың жаңа түрі инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы көптеген ауылшаруашылық техникасы жаңартылды. 2015 жылы бағдарламаға 32 шаруа қожалығы қатысқан болса, өткен жылы 60 шаруа қожалығы және 1 ЖШС қатысып, 514,5 млн. теңге көлемінде инвестициялық субсидияға қол жеткізді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында аудан бойынша пайдаланылмай немесе тиімсіз пайдаланып жатқан жерлердің иелерімен жүргізілген түсіндіру жұмыстары негізінде 35 шаруашылық субъектісінің 39,1 мың га. жері мемлекет меншігіне өз өтініштері бойынша қайтарылып алынды.

94 шаруа қожалығына 100,450 мың га жер пайдалануға берілді.

Жыл қорытындысы бойынша ауданның ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің 74  пайызы /1 млн. 183 мың га/ айналымда болып, 2015 жылмен салыстырғанда 3,9 пайызға өсіп отыр.

Өсімдік  шаруашылығы да дамып келеді. 2015 жылы 978 га. алқапқа картоп, бау-бақша  және  көкөніс  өнімдері  егілсе, былтыр 1008  га. егілді.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік

2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауданның шағын  және  орта  кәсіпкерлік саласында 1717 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, соның ішінде 131 заңды тұлғалар, 834 жеке кәсіпкерлер, 752 шаруа қожалықтар.  Жұмыс жасайтын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1624, яғни тіркелген субъектілердің  94,6 пайызы.

Шағын кәсіпкерлік саласында аудан бойынша 2637 адам жұмыс жасайды, с.і. 385 адам заңды тұлғаларда, 888 адам жеке кәсіпкерлерде, 1364 адам шаруа қожалықтарда. Өткен жылы жаңадан ашылған жұмыс орны - 518, 2015 жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға көп.

Кәсіпкерлік субъектілерімен өндіріс, қызмет көрсету көлемі 6154,7 млрд. теңгені құрап, өз кезегінде 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,4 пайызға көбейді.

2016 жылдың 11 айында ауданның шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 91,0 млн. теңге салық түсімдері түсіп, 2015 жылмен салыстырғанда 52 пайызға көбейіп отыр.

2015 жылы аудан бойынша жалпы сомасы 2926,0 млрд. теңге құны бар 14 жоба жүзеге асырылса, өткен жылы құны 651,0 млн. теңгені құрайтын 18 жоба іске асты. Олардың ішінде 1 ет өңдеу кәсіпорны, 5 шағын цех, 3 тойхана, 1 дәмхана, 1 жылыжай, 1 газ құю бекеті, 1 балық өсіру, 1 шаштараз, 4 дүкен. Нәтижесінде 64 адам жұмысқа орналасты. 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру және сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау» бағыты бойынша ауданда жалпы сомасы 96,5 млн. теңгеге 4 жоба іске асты. Олардың ішінде - жеке балабақша ғимаратын сатып алу, қоғамдық тамақтандыру орнын абаттандыру, модульдік ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу, демалыс орын ашу. Сонымен қатар, «Даму-Өндіріс» бағдарламасы арқылы тәулігіне 50 бас мүйізді ірі қара малының етін өндіру кәсіпорны «Батыс Нық» ЖШС кешенінің құрылысын аяқтауға несие алды. Жалпы, кәсіпкерлік саласын дамытуға  берілген  несие  687,7  млн.  теңгені  құрады.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2016 жылы жұмыссыздық деңгейі 0,4 %-ды құрады. Есептік кезеңге 856 жаңа жұмыс орындары ашылса, тұрақты немесе маусымдық жұмыс орындарына 1352 адам орналастырылды.

Азаматтарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін 52,3 млн. теңге бөлініп, нәтижесінде 790 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жұмыс орындарымен 169 адам қамтылып отыр. Жастар тәжірибесіне 99 жас маман жолданып, 
24-і тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасы бойынша 61 адам кәсіби оқуларға жолданып, оның 28-і жұмысқа орналасты.

Жанбасылық табысы кедейлік шегінен төмен тұратын 63 отбасындағы 240 адамға 8,8 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

2017 жылдың 1 қаңтарына 1423 отбасының 3713 баласына міндетті мемлекеттік жәрдемақылар 75,5 млн. теңге көлемінде төленсе, сәйкесінше өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда отбасы саны 8,3%-ға азайып отыр.

Тұрғын үй көмегі 2017 жылдың 1 қаңтарына 92 отбасыға 3,9 млн. теңге көлемінде көрсетілді.

«Өрлеу» бағдарламасы аясында 58 отбасыға 9,5 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, 6 адам тұрақты жұмысқа, 44 ақылы қоғамдық жұмысқа, 16 әлеуметтік жұмыс орнына, 1 оқуға және 1 жас маман жастар тәжірибесіне жолданды. Төленген 9,5 млн. теңгеге 21 бас ірі қара, 272 бас қой-ешкі, 2 бас құлын, 30 үй құсын өсіруде, екі отбасы шаштараз қызметіне қажетті құралдар сатып алып, кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс істеуде.

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» І бағыты бойынша ауданға 18 жобаға қаржы бөлініп, 134 адам жұмысқа тартылды. Бағдарламаның «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» атты ІІ бағыты бойынша 26 адам 75,0 млн. теңге несие алса, соның 20-ы мал шаруашылығына, 6-ы түрлі салада жұмыс істеуге бағытталды. 7 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 342 адам қатысты. Нәтижесінде 159 адам тұрақты, маусымдық жұмыстарға орналасып, 33 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылды.

Мүмкіндігі шектеулі 43 азамат жұмысқа орналастырылып, жеке оңалту бағдарламасы бойынша 24 мүмкіндігі шектеулі  жан  Бурабай  қаласындағы

«Алмаз» шипажайына жолданды.

 

Білім

Барлық оқушы саны - 6385. 10,0 млн. теңгеге компьютер, спорттық инвентарь, мектеп асханаларына қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, 9,2 млн. теңгеге 27 білім беру ұйымына 157 бейнебақылау камералары орнатылды. Сонымен қатар, аудан орталығындағы «Бөбек» балабақшасына күрделі жөндеу   жұмыстары   жүргізіліп,  Жанама ауылындағы Сарытоғай мектебіне ойын алаңы жасақталды.

Мектептерді  күрделі  жөндеу  үшін  жобалау-сметалық  құжаттарын жасақтау  және  ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық  бюджеттен 5,6 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Жазғы демалыспен балалар 100 пайыз қамтылды. «Мектепке жол» акциясы аясында 1393 оқушыға 6,6 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.

Аудандық бюджеттен 151,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 1-4 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасылардың балалары ыстық тамақпен қамтылды /аудан бойынша жалпы оқушылардың қамтылуы 69,9%/.

Оқушыларымыздың 93,8 пайызы қосымша білім беру үйірмелеріне қатысуда /4 қосымша білім беру ұйымында 6039 бала/

2016 жылы 349 мектеп түлегінің 253-і ҰБТ-ға қатысып, орташа балл 81,32-ні құрады. 4 оқушы «Алтын белгі», 14 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. 71 түлегіміз мемлекеттік грантқа ие болды.

Ауданда 9 балабақша, 3 мектеп-балабақша, 33 шағын орталық және 2 жеке балабақша жұмыс жасайды. Бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамту 99,9 пайызды құрайды (2015 жылы - 93,5%).

 

Денсаулық сақтау

Ауруды ерте анықтауға бағытталған скринингтік зерттеулер жоспарлы түрде жүзеге асырылып, 27652 адам скрининг-тік тексерулерден өтті.

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық ауруханаға және Бударин ауылдық дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 19,0 млн. теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды.

 

Мәдениет және спорт

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Жаңабұлақ Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілсе, Тайпақ және Лбішін Мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өткізілуде.

Мәдениет ошақтарының мате-риалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 21,8 млн. теңгеге музыкалық аппаратура, сахналық киімдер, жиһаздар сатып алынды.

Ауданымызда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы кең көлемді шаралармен аталып өтті. Мерекелік шаралар аясында дәстүрлі әншілердің шеруі, әлеуметтік автопоезд, аудан жастарының «Өрле, ауылым!» керуені, «Ауыл күндері», «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы, «Асқақтай бер, Тәуелсіз ел - Қазақстан» атты көркемөнерпаздар ұжымдарының фестивалі, түрлі байқаулар өткізілді.

2016 жылғы кітапхана жүйесінің кітап қоры - 580560 дана әдебиетті, оқырман 29433 адамды құрап отыр. Кітап қоры 6880 дана жаңа әдебиетпен толықты. Есенсай ауылдық кітапханасына модельді кітапхана статусы берілді. Аудан тарихынан сыр шертетін «Ақжайық ауданы. Тайпақ өңірі» атты кітаптың жалғасы ретінде өткен жылы «Ақжайық ауданы. Ілбішін өңірі» кітабы жарық көрді.

Аудан халқының 25,4 пайызы спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Жыл басынан 344 спорттық шара өткізіліп, оған 10912 адам қатынасты.

Салауатты өмір салтын насихаттау, «Streetworkout» спорттық қозғалысын дамыту мақсатында аудан орталығындағы «Жастар» спорт алаңында және барлық ауылдық округте көше тренажерлары орнатылды.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

2016 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 41,4 млн. теңгеге Исаев, Қонаев көшелеріне ұзындығы 3,0 шақырым жаяу жүргіншілер жолы төселсе, Исаев және Меңдалиев көшелеріне 11,5 млн. теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Чапаев ауылының оңтүстік тұрғын аумағын электрмен жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен 85,7 млн. теңге қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен бөлінген 40,7 млн. теңгеге 10 ауылдың қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орындарын қоршау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 3,2 млн. теңге қаржы бөлініп, аудан орталығындағы қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орын қоршалды.

Жалғыз тұрғын үйі белгіленген тәртіп-пен авариялық жағдайда деп танылған санаты бойынша кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген 22,0 млн. теңгеге ғимарат сатып алынды.

 

Ақжол

2017 жылдың 1қаңтарына 5719 бас мүйізді ірі қара малы, 18833 бас қой мен ешкі , 2387 бас жылқы және 12 бас түйе тіркеліп отыр. Жылма жыл мал басы өсіп келеді. 2016 жылы бруцеллез ауруына шалдыққан 57 бас мүйізді ірі қара мен 97 бас ұсақ мал түгелдей жойылып, тұрғындар бұл малға өтемақыларын алды.

Кәсіпкерлік саласында 232 адам еңбекпен қамтылған, оның ішінде 188 адам ауыл шаруашылығы саласында, саудада 17 адам, ал 27 адам түрлі қызмет көрсету саласында еңбек жасайды.

Өткен жылы 9 адам тұрақты және 49 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 100 орын бөлініп, кезекпен 90 адам жұмысқа тартылды. 1 жас маман жастар тәжірибесінен өтті. Жыл ішінде 71 отбасы (185 адам) 3 млн. 622 мың теңгенің 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алса, аудан әкімі жанындағы арнайы комиссияның шешімімен 49 отбасына 1 млн. 266 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілді.

«Мектепке жол» акциясы шеңберінде кәсіпкерлер, тұрғындар, мұғалімдер, «Сахарный» МЖС, «Семсер» КБ мекемелері тұрмысы төмен отбасыларынан оқитын 92 оқушыға барлығы 296.0 мың теңгеге оқу құрал- жабдығын, киім-кешек алып берді.

Аз қамтылған отбасылардың балалары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Округ орталығы мен Қабыл, Тінәлиев елді мекендеріне табиғи газ құбыры жүргізілген. Қазіргі уақытта 457 үй мен 13 әлеуметтік нысан газбен қамтамасыз етілген. Ауылдық округтегі тұрғын үйлердің 80 пайызына газ жүргізілген. Ал Битілеу ауылына ауыз су тасымалданып құйылады. Осы жылы бұл елдімекенге газ жүргізіледі деп жоспарлануда.

1300 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылып, 260 түп көшет отырғызылды. Интернет жүйесі қалыпты жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта 63 тұрғын үй мен 9 мекемеге ғаламтор нүктесі қосылған.

Былтыр 25 қылмыс тіркелді, ашылғаны - 23. Ашылмағаны-2 мал ұрлығы. 85 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.

 

Ақсуат

Мал басының тұқымдық сапасын арттыру, селекциялық асылдандыру мақсатында 14 шаруа қожалығы 1113 бас мүйізді ірі қара аналығына, бұл округтегі аналық малдың 67 %-ы, 1 шаруа қожалығы 900 бас қойға, 4 шаруа қожалығы асыл тұқымды 372 бас мүйізді ірі қараға, 2 шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы малына субсидия алды.

28 аталық мал есептен шығарылып, 36 бас асыл тұқымды аталық мал сатып алынды. «Сыбаға» бағдарламасымен «Аманжол», «Құлет» шаруа қожалығы 32,0 млн.т.несие қаржысына 200-дей бас аналық, 3 бас асыл тұқымды аталық сатып алды. «Құлан» бағдарламасымен «Ақсуат» шаруа қожалығы 8,0 млн. теңгеге 25 бие, 2 айғыр сатып алды.88 бас аналығы, 3 бас асыл тұқымды аталығы бар «Ақсуат-К» АШК-і 2015 жылы үкіметтен 2 046 ,0 мың теңге демеуқаржы алуға қол жеткізді.Биылға субсидия алуға қажетті құжатын рәсімдеді.

Округ аумағындағы 2 суарнасы мен 3 көлтабанның құжаты жасақталуда.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы «Демеу» дәмханасы меңгерушісі, жеке кәсіпкер Н.Көркембаев 1,5 млн.т. несие алды. Округ бойынша картоп, көкөніс және бау-бақша дақылдарының көлемі- 40,6 га, оның ішінде ұжымдық бау-бақша 2 га , картоп 8 га., көкөніс 16,2 га., бақша 15,8 га.

2016-2017 оқу жылында 22 оқушы тасымалмен қамтылып, соның ішінде Ақбұлақ елдімекенінен 17 бала тасымалдануда. «Балапан» бағдарламасы бойынша округ орталығында 40 бала, Ақбұлақ елді мекенінде 10 бала шағын орталықта тәрбиеленуде.

Есепті уақытта ана мен бала өлімі болған жоқ. Туберкулезбен ауыратын адам саны-1.

Бас бостандығынан айыру орындарынан келгендер арасында дәрігерлік бақылаудан өтпегендер жоқ. Балаларына екпе егуден бас тартқан ата-аналар жоқ.

Ауылдық округ орталығында екі ескі мектеп ғимараты ауылдың аз қамтылған, көпбалалы, асыраушысынан айрылған, мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар 8 отбасына берілді. Қазіргі уақытта екі ғимараттың да жер актісі мен техникалық паспорты рәсімделіп, Әділет басқармасында тіркеліп, енді жеке тұрғындардан өздерінің тұрған пәтерлерін жеке меншікке айналдыруды сұраған өтініштері алынып, күні бүгінге 6 отбасы құжаттарын тиісті орынға тапсырды.

Газоператорлар мезгілінде жұмысқа алынып, ойдағыдай жұмыс жасауда.

Ардагерлер саябағын қоршау жұмысы жүргізіліп, күзде екпе ағаштар отырғызылды. Ауылға кіреберіс жолдың екі жағындағы жыртылған жерге көктемде, күзде қараағаш тұқымы себілді.

Тұрмыстық қалдықтар төгетін орынға «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2 240,0 мың теңге қаржы бөлініп, қоршау жұмыстары жүргізілді.

 

Алмалы

Ауылдық округтің әлеуметтік-экономи-калық дамуының негізі болып табылатын жылдық қаржы көлемі 21 млн. 904 мың теңгені құрады. Жұмсалғаны 21 млн. 765 мың теңге.

2016 жылы 150 бас сиыр қолдан ұрықтандырылды. 537,6 га. алқапқа, соның ішінде 14,1 га. картоп, 82,6 га. көкөніс және 440,9 га. жерге қауын-қарбыз егілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 4 жақты келісім шарт негізінде «Салтанат», «Орынбасар», «Әбіш», «Жігер» шаруа қожалықтары арқылы 2 адам техник-осиминатор, 2 адам дәнекерлеуші, 1 адам аспаз, 2 адам шаштараз мамандықтары-
на оқыды. 4 адам 10 млн. 500 мың теңге көлемінде несие алып, өз ісін ашу(мал шаруа-шылығын дамыту) бойынша жұмыстануда. 3 жас маман жастар тәжірибесінен өтті.

«Өрлеу» әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы арқылы аз қамтылған, еңбекке жарамды 2 отбасы 445548 теңге (Б.Малғаспаев 254 640 тг, Рамазанова Анжела 190 908тг) ақшалай жәрдемақы алып, оған 26 бас қой-ешкі, 1 бас ірі қара және жемшөп сатып алды. Малды бордақылау бағытында «Береке» бағдарламасы бойынша 2 адам құжаттарын әзірлеп, тиісті орындарға өткізді, енді шаруашылықтарын жүргізуге несие күтуде.

Мектепте 116 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды, оның ішінде 1-4 сыныптан 71 оқушы, жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 5-11 сыныптан 45 бала.

Есепті кезеңде жалпы сомасы 1 млн. 421 мың 498 теңгені құрайтын дәрі-дәрмек рецепт арқылы тегін берілді. Соның ішінде 5 жасқа дейінгі балаларға 202 мың 64 теңгеге, 1 жасқа дейінгі сәбилерге 24 мың 80 теңге, жасанды сүт қоспасы - 155 мың 420 теңге және үлкендердің дәрі-дәрмегі 1 млн 219 мың 434 теңгеге. Туберкулезбен ауыратын- 7 адам, оның ішінде 1 топта-3 адам, 2 топта- 4 адам.

Қазіргі уақытта табиғи газ жүйесі 282 үй мен ғимаратқа тартылып, ауылдық округтегі үйлердің 64,4 пайызына газ жүргізілген. 191 тұрғын үй таза ауыз суы жүйесіне қосылған.

Ауылдық округ әкімінің атына 2016 жылы заңды тұлғалардан 1, жеке тұлғалардан 65 өтініш түсті. Түскен өтініштердің 40-ы толық қанағаттандырылып, 9-ына түсінік берілді, 17-сі аумақтық құрылымдық бөлімшелерге жолданды.

 

Базартөбе

2016 жылы тұқымдық түрлендіру бойынша мал тұқымын асылдандыру бағытында 8 шаруа қожалығы мен 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 19 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, жұмыстануда. Округ бойынша 10 шаруа қожалығы мен «Базартөбе» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 14,5 млн. теңге демеуқаржыға қол жеткізді.

1 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 17 млн. несиеге қол жеткізіп, 2 бас асыл тұқымды бұқа және 47 бас аналық сатып алып, мал басын көбейтуде.

2016 жылы 41 отбасыға (197 бала) 18 жасқа дейінгі балаларға 795,3 жәрдемақысы берілді.

Аудан әкімі жанындағы арнайы комиссияның шешімімен 17 отбасыға 405,1 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілді.

Есепті мерзімде жыл басынан бері 61 жұмыссыз жұмысқа орналасты. 17-сі - тұрақты, 44-і - уақытша жұмыс орындары.

Мектеп бойынша 3 пәндік, 3 спорттық және «Өлкетану», «Туризм», «Жас лингвист», «Жас атқыш», «Жас мерген» үйірмелері жұмыс жасап, 12 үйірмеде 238 оқушы қамтылып отыр.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тұрғындар арасында негізгі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скрининг зерттеулерден 1404 адам, флюрографиядан 802 адам өтті.

Округке табиғи газ құбыры 2013 жылы жүргізілді. Қазіргі уақытта табиғи газ жүйесі 74 тұрғын үй мен 13 ғимаратқа тартылған. Өткен жылы 3 тұрғын үй газ құбырын тартса, тағы 3 тұрғын үй көгілдір отынды биыл қосуды жоспарлап отыр.

Тұрғын үйіне қызмет көрсету және өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 9 өтініш түсіп, аудандық құрылыс, қала құрылысы және архитектура бөліміне жолданды.

Елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 60 мың теңге бөлініп, Базартөбеде тал-көшеттер отырғызылды.

Ауылдық округ әкімінің атына 2016 жылы жеке тұлғалардан 122 өтініш түсті. Жазбаша түскен өтініштердің 9-ы толық қанағаттандырылып, 113 -іне түсінік берілді.

Округте 3 үкіметтік емес ұйым белсенді түрде қоғамдық шараларға атсалысуда.

 

Базаршолан

Ауылдық округтің әлеуметтік - экономикалық дамуының негізі болып табылатын жылдық бюджет көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 0,68 пайызға өсіп, 22249 мың теңгені құрады.

Былтыр 1 шаруа қожалығы жұмысын тоқтатса, биыл 2 шаруа қожалығы құрылып, екеуі құрылу үстінде. Бруцеллез ауруына шалдыққан 38 бас ірі қараға 2308,7 мың теңге, 120 бас ұсақ малға 899,0 мың теңге көлемінде өтемақы төленді.

Бау-бақша егу 3,3 га.-ны құрады, оның 1,1 га. картоп болса 2,2 га. көкөніс дақылдары.

16 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 92 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 2 адам жастар практикасы арқылы жұмыс жасап, екеуі тұрақты жұмысқа қабылданды.

Скринингтік тексеруден 678 адам өтті (100 пайыз).

Аудандық әжелер ансамблі конкурсында біздің «Шалқыма» әжелер ансаблі ІІ орынды, термешілер арасынан Даукенбаев Сатыбалды І орынды, балалар арасында өткен «Балдаурен» фестивалінде Орынбасар Ұлту, Еламанова Арайлым ІІ орынды иеленді. Мәдениет үйінің меңгерушісі Ж. Серікқалиев аудан құрамасымен облыста мәдениет үйі қызметкерлері арасында өткен фестивальда ІІІ орынды иеленді, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Округке табиғи газ құбыры 2012 жылы жүргізілді. Қазіргі уақытта табиғи газ жүйесі 52 үй мен 5 мекемеге тартылса, оның біреуі биыл қосылды. Жылдың аяғына дейін тағы да 5 үйдің көгілдір отын желісіне қосылуы жоспарлануда.

Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне орай округ көлемінде 70 түп жас тал егілді.

Жас ұрпақты саламатты өмір салтына бейімдеу мақсатында Street Workout орнатылды.

Интернет жүйесі қалыпты жұмыс жасауда.

Есепті мерзімде 4 қылмыстық іс әрекет тіркеліп, оның барлығы ашылды. Мал ұрлығы қылмыстары тіркелген жоқ. 57 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 202556 теңе айыппұл салынды.

Ауылдық округ әкімінің атына 2016 жыл бойы жазбаша түскен өтініштердің саны 42-і, соның ішінде 8-і -  жер телімін алуға, 32-сі - ақылы қоғамдық жұмысқа орналасуға. Барлығы қанағаттандырылды.

 

Қарауылтөбе

3211 бас ірі қара, 8012 бас ұсақ мал, 919 бас жылқы, 5 бас түйе бірдейлендіруден өтіп, соның ішінде 1558 бас ірі қара электронды жүйеге енгізілді.

2016 жылы 101 бас сиыр ұрықтандырылды.

2016 жыл басында шаруа қожалықтары: «Жаңай» 1 бас, «Султан» 2 бас, «Рустамбек», 2 бас «Майдан»-2 бас, «Қанат»2 бас, «Қрым», «Ихсан», «Әйгерім» бір-бір бастан асыл тұқымды бұқа сатып алды.

«Рустамбек», «Ихсан» шаруа қожалықтары және ауыл тұрғындар 12,5 га жерге бау- бақша екті.

Кәсіпкерлік субьектісі жалпы саны 34 - ке жетті. Оның 12-сі жеке кәсіпкерлер, ал 22 -сі шаруа қожалығы. Кәсіпкерлік саласында 72 адам еңбекпен қамтылып отыр. 

2016 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 77 орын бөлініп, кезекпен 77 адам жұмысқа тартылды. 4 жас маман жастар тәжірибесінен өтті.

Шаруа қожалықтары 4 жаңа жұмыс орны мен әлеуметтік жұмыс орындарын ашып, 6 адамды жұмыспен қамтыды.

2016 жылы 41 отбасыға (103 бала) 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы берілді.

Жыл басынан бері мекемелер мен ұйымдардың қатысуымен 10 адамға 59700 теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Аудан әкімі жанындағы арнайы комиссияның шешімімен 27 отбасыға 570619 млн теңге көлемінде материалдық көмек берілді.

Округке табиғи газ құбыры 2013 жылы жүргізілді. Қазіргі уақытта табиғи газ жүйесі 163 үйге және ғимараттарға тартылды. Ауылдық округтегі үйлердің 45 пайызына газ жүргізілген. Жылдың аяғына дейін тағы да 6 үйдің көгілдір отын желісіне қосылуы жоспарлануда.

123 тұрғын үй, 2 кафе, 2 мекеме таза ауыз суы жүйесіне қосылған.

12 қылмыс тіркелді, соның ішінде ұрлық 4,ашылған қылмыс саны 11. Тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 8.

Ауылдық округ әкімінің атына 2013 жыл бойы жеке тұлғалардан 122 өтініш түсті оның 122-сіне түсінік берілді. Өтініштермен жұмысқа заман талабына сай серпін үстелетін болады.

 

Сарытоғай

Ауылдық округтің әлеуметтік - экономикалық дамуының негізі болып табылатын жылдық бюджет көлемі 15 093 мың теңгені құрады. Бюджеттің шығыс бөлігі 99,1 пайызға игеріліп, жергілікті салық түсімдері 496000 теңгені құрады.

Жыл басынан бері бруцеллез ауруына шалдыққан 45 бас мүйізді ірі қара мен  48 бас қой - ешкі, эпидидимит ауруына шалдыққан 101 бас қой-ешкі түгелдей ет комбинатына тапсырылды.

630 бас мүйізді ірі қара, 2500 бас қой-ешкі, 70 бас жылқы, 2 бас түйе бірдейлендіруден өтті. Бірдейлендіруден өткен барлық мал басы компьютерлік қорға енгізілді.

«Сарман+А» селолық тұтыну кооперативі 2 бас, «Жәрдем» шаруа қожалығы 2 бас, «Дәулет» шаруа қожалығы 1 бас, «Құралай» шаруа қожалығы 2 бас, «Алмас» шаруа қожалығы 1 бас, «Дос» шаруа қожалығы 2 бас, «Бақдаулет» шаруа қожалығы 1 бас, «Байғазы» шаруа қожалығы 1 бас  асыл тұқымды бұқа сатып алды, демеуқаржыға қол жеткізді.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 1 отбасы қамтылып, 104340 теңгеге 3 бас ұсақ мал, 1 бас ірі қара сатып алды.

Жыл басынан бері мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен  381 300 теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.

«ҚазАгро» бағдарламасы негізінде 3 шаруа қожалығы («Бақдәулет», «Жәрдем», «Дос») трактор жабдықтарын, 1 шаруа қожалығы («Дәулет») шөп жинағыш алды.

Жанама ауылында 155 тұрғын үйге, Сарман ауылына 1 нүктеге таза ауыз су жүйесі қосылды.

Елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстарына қолма-қол бақылау шотынан 946 мың теңге жұмсалды, 5600 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Осындай істерді өрістете түсу керек.

Жыл ішінде 2 қылмыс - ұрлық тіркелді. 

 

Чапаев

86 жұмыссыз жұмысқа тартылып, 1 млн. 7 511 мың 901 теңге еңбекақы төленді. 208 отбасына материалдық көмек көрсетіліп, 5 млн. 183 мың 600 тенге қаражат берілді.

237 отбасына, яғни 573 балаға 11 млн. 100 мың 200 теңге көлемінде балалар жәрдемақысы көрсетілді. 30 отбасына, яғни 113 адамға 4 млн. 22 мың 100 тенге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

48 отбасына 1 млн. 835 мың 500 теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

Ауыл бойынша 296 дана көше жарық шамдары орнатылды. Исаев көшесі мен Меңдалиев көшесінің бөліктеріне көше жарық шамдары орнатылды.

Ауыл бойынша 185 қаңғыбас ит ұсталып, жойылды.

Тұрмыстық қалдықтар мен сұйық қалдықтарды шығару «Набиденов К» ЖК арқылы жүргізілуде. Тұрмыстық қатты қалдық төгетін орын қоршалды.

Ауыл тазалығын реттеу мақсатында аудандық санэпидстанция, экология және АІІБ қызметкерлерімен бірігіп, тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуде.

2012 жылдан бері Чапаев ауылының бас жоспарына сәйкес, арнайы жер телімінің кезегіндегі азаматтарға кезек бойынша 299 жер телімі берілген болатын. Ауылдың оңтүстік-шығыс бөлігіне бас жоспар бойынша газ жүйесі, электр желісі тартылып, тағы да кезекте тұрған 149 адамға жер телімдері берілді. Аталған жер телімдерінде жеке тұрғындар тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізуде.

Чапаев ауылында қазіргі таңда 67 дүкен, 25 халыққа қызмет көрсету орыны (асхана, дәмхана, тойхана, шаштараз, салондар) жұмыс жасауда.

Ауыл бойынша 196 мұғалім оқушыларға білім беруде. Соның ішінде 36 - сы жоғарғы санатты, 65-і бірінші санатты, 53-і 2 санатты. 44 дәрігер, 186 орта мед. қызметкер жұмыс жасайды.

Спорт алаңдарының саны - 7.

Чапаев ауылдық округі бойынша 1877 аула таза ауыз сумен қамтылған. Табиғи газ Чапаев ауылы бойынша 2111 аулаға, Жайық ауылы бойынша 80 аулаға тартылған.

Ауыл тазалығын сақтау мақсатында санитарлық-экологиялық айлықтар өткізу, ауылды көгалдандыру үшін саябақтардың жағдайын жақсарту, те-ректер егу жұмыстарын әлдеде ауқымды жүргізу керек.

Чапаев ауылындағы көпқабатты үйлерді «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарлама-сы негізінде жөндеуден өткізуді жалғастыруда көп іс тұр.

Жеке тұрғындар малының бағымы мәселесі өткір күйінде тұр.

Шағын және орта бизнесті қолдау арқылы кәсіпкерлік субъектілерін көбейту жөнінде ауқымды істер атқарылуы керек.

 

Тайпақ

Бруцеллез ауруына шалдыққан 123 мүйізді ірі қара мен 443 бас ұсақ мал анықталып, барлығы 123 бас ірі қара және 443 бас ұсақ мал етке тапсырылды.

2016 жылы 8600 бас қой-ешкі, 1150 бас мүйізді ірі қара, 400 жылқы, 9 түйе бірдейлендіруден өтіп, түгелдей электронды жүйеге енгізілді, 63 бас сиыр қолдан ұрықтандырылды.

2016 жылы 83,6 га. алқапқа картоп, көкөніс және бақша дақылдары егілді.

2016 жылы 15 кәсіпкерлік субъектісі, соның ішінде 8 шаруа қожалығы тіркеліп, олардың жалпы саны 203-ке жетті. Кәсіпкерлік субъектілердің 143-і жеке кәсіпкер, 57-сі шаруа қожалығы, 3 заңды тұлға- АТК тіркелген. Табындағы малдың сапасын, өнімділігін арттыру мақсатында 8 бас асыл тұқымды ақбас бұқа сатып алынды.

2016 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 349 орын бөлініп, кезек бойынша 144 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Есепті мерзімде 14 жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтті. Шаруа қожалықтары 11 жаңа жұмыс орны мен 31 әлеуметтік жұмыс орындарын ашып, 42 адам жұмыспен қамтылды.

2016 жылы Тайпақ ауылдық округі бойынша жаңадан туберкулез ауруына шалдыққан адам анықталған жоқ.

Елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1855,6 мың теңге қаржы бөлінді. Қаражаттың тиісті бөлігі - 888,8 мың теңге саябақтарды абаттандыру жұмыстарына және ауылдан қатты тұрмыс қалдықтарын шығаруға жұмсалды, 70 мың теңге ағаш көшеттерін егуге, 892,7 мың теңге ауылдағы саябақтарға су жеткізуге жұмсалды.

Елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 2016 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 2002 тонна, ауылдық округ тұрғындарының өз қаражаты есебінен 500 тонна қатты тұрмыстық қалдықтары полигонға шығарылды.

Жеке кәсіпкер Е. Байбатыров ассенизатор автокөлік сатып алып, қалдықтарды тазарту жұмысымен жеке айналысуда.

2016 жылы Тайпақ ауылының И. Тайманов және А. Молдағұлова көшелерінің 2,2 шақырым жолын тегістеуге 1400 мың теңге қаражат бөлініп, жұмысты орындауға 1240 мың теңгенің шарты жасалды, электр бағандары, жол бойындағы аялдамалар сырланып, жаңартылды. Көппәтерлі үйлердің ауласына 1 спорттық және дене шынықтыру алаңы, 1 балалар ойын алаңы жасақталды.

 

Жаңабұлақ

Жылдық бюджет көлемі 2016 жылы 15,7 млн теңгені құрады.

«Батыс Марка Ламб» ЖШС-іне қозы өткізу межесі 796 бас болса, бұл 1275 басқа орындалды.

«Сыбаға бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалығы 30 млн., «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бойынша 1 жеке кәсіпкер 8,7 млн., «Құлан» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы 46,5 млн., «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы 1 шаруа қожалығы 30 млн. теңге.

Шаруа қожалықтары арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына 10 адам жолданды. 7 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек - 53422 теңге, ал 92 отбасыға 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы - 498 963теңге, 2 отбасыға 14253 теңгенің тұрғын үй көмегі берілді.

Аудан әкімі жанындағы арнайы комиссияның шешімімен 10 адамға 267246 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді.

«Мектепке жол» акциясымен табысы аз отбасылардан 40 балаға 568 мың теңгенің оқу құралы, киім-кешек берілді.

Аз қамтылған отбасылар балаларының 73,5%-ы ыстық тамақпен қамтылды.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша скрининг - зерттеулерден 128 адам өтті. «Street Workout» көше тренажерінде, орта мектептегі 4 үйірмеде түрлі спорттық сайыстар, іс-шаралар өткізілуде.

Табиғи газ құбыры 224 үй мен ғимаратқа жүргізілді.

234 телефон нүктесі жұмыс жасайды.

Округ бойынша 16 қылмыс тіркелді, соның ішінде ұрлық - 12, қоғамдық орында жа-салған қылмыс-3, Ашылған қылмыс саны 13. Әкімшілік құқықбұзушылықтар саны - 74.

Ауылдық округ әкіміне жеке тұрғындардан 32 жазбаша ұсыныс түсіп, барлығы да қанағаттандырылды, ұғындырылды.

 

Құрайлысай

Түліктерді бірдейлендіру жұмыстары ветеринария мамандарына берілген жоспар бойынша атқарылуда. 2016 жылы 1100 бас қой, 841 бас ірі қара төлі сырғаланды. Қожалықтар есебінен 193 ірі қара төлі бірдейлендіруден өтті.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттен несие мен демеуқаржыны пайдалану, мал басын көбейту бағытында 6 шаруа қожалығы жұмыстануда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалығы 30 бас аналық мал сатып алды.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмысқа тартып, мал сатып алуға аудандық жұмыспен қамту мекемесі арқылы ақшалай көмек берілуде.

Шағын орталықта 40, балабақшада 25 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Флюрографиялық тексеруден әзірге 433 адам өтті. Туберкулез ауруына шалдыққан адам саны - 3.

Теректі ауданының «Жаман» елдімекенінен тартылған су құбырында егер құрылғы істен шықса, дер кезінде ауыстырылып тұрады. Сайқұдық, Әтібек ауылдарына ауыз су құбырын тарту әзірге мүмкін болмай отыр. Жұбан ауылынан бұл елдімекендерге су тасымалданады. Жұбан ауылы тұрғындарының үйлеріне су құбырын кіргізу жұмыстары жалғасуда. Сайқұдық, Әтібек ауылдарына ауыз су құбырын тарту жобасы жасақталуда.

Жергілікті бюджеттен 200 тал  егуге 40 мың теңге қаржы бөлінді.

Байланыс жүйесінде біршама жұмыс іске асырылды. «Билайн» ұялы байланыс жүйесі де іске қосылды. Өлеңті өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу жұмыстары іске асырылды. Бұған «Жайықтехсервис» коммуналдық кәсіпорнынан көмекке техника келді, тұрғындар көмектесті.

 

Бударин

Жылдық бюджет көлемі 25 млн. 469,3 мың теңгені құрады.

13 шаруа қожалығы және 2 ауылшаруашылық кооперативі тұқымдық түрлендіру мақсатында 28 бас асыл тұқымды бұқа және 57 бас қошқар алып, 25 305,0 млн.теңге демеуқаржыға қол жеткізді.

3 көлтабанның жобалау-сметалық құжаты, жер актісі және техникалық паспорты жасақталды.

Жолаушыларға қызмет көрсету кешені, бөлшек және көтерме сауда орталығы, нау-байхана құрылыстары жүріп жатыр.

Бударин ауылы маңынан сүт фермасы үшін 3,5 га. жер бөлінді.

Сүт өңдеу цехына 1,6 га жер бөлінді.

Жыл бойына 27 адам ақылы қоғамдық жұмысқа алынды.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 1 отбасы 225 мың теңге көмек алып, малданды.

Әкімшілік теңгеріміндегі жылдық тұрғын үйдің 4 пәтеріне құжаттары жасақталып, газ және су тарту жұмыстары жүргізілді. 1 шаруа қожалығына 1,5 шақырымнан электр желісі тартылды.

Әкімшілік, Мәдениет үйі ғимараттарында  мүгедектер және кемтар адамдарға қол жетімді болу үшін пандустар жасалды.

Көшелерді жарықтандыру мақсатында 3125 метр ұзындыққа «СИП» кабелі тартылып 3 трансформаторға есептеу құралдары орнатылды.

4 рет сенбілік өткізілді. 120 тал отырғызылып, 12 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Мәдениет үйіндегі 5 үйірмеге 35 тұрғын қатысады. 3 секцияда 51 бала спортпен шұғылданады.

 

Алғабас 

Ауылдық округтің әлеуметтік - экономикалық дамуының негізі болып табылатын жылдық бюджет көлемі 16918,8 млн теңгені құрады. Жергілікті салық түсімдерінен жер салығы 17000 теңге, мүлік салығы 22374, техника 314345, барлығы - 353719  мың теңгені құрады.

Малдың асылдандырылуына көп көңіл бөлінуде. Округ бойынша 2016 жылы 20 бас асыл тұқымды бұқаға қажеттілік болса, 26 бас сатып алынды. 24 қожалық 1 8684 000 және 2 өндірістік кооператив 3 672 000, барлығы 22 млн. 356 мың теңге субсидияға қол жеткізді.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Мансұр»шаруа қожалығы 30 млн. несие алып, асыл тұқымды қой өсірумен жұмыстануда.

«Қамыстыкөл» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5 млн. несие алып, шаруашылығын өркендетуде.

«Алғабас КБГ» селолық өндірістік кооперативінде 172 бас аналық пен 6 бас асыл тұқымды бұқа бар. «Бесоба» селолық өндірістік кооперативінде  60 бас аналық пен 2 бас асыл тұқымды бұқа бағылады.

Ақылы қоғамдық жұмысқа кезекпен 12 адам жұмысқа тартылды.

2016 жылы 77 отбасыға (229 бала ) 4 млн. 300 мың теңге көлемінде  18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы берілді. Жыл басынан бері мекемелер мен ұйымдардың қатысуымен 147 отбасыға 906 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек берілді. Аудан әкімі жанындағы арнайы комиссия шешімімен 12 отбасыға 364 мың 600 теңге біржолғы материалдық  көмек көрсетілді. 

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 7 отбасыға 1 млн. 306 мың 812 теңге көлемінде көмек беріліп, 4 бас ірі қара малы, 35 бас қой және 22 бас ешкі малы сатып алынды.

Есепті кезеңде «Мектепке жол» акциясы бойынша 336500 теңге көлемінде 51 балаға  көмек көрсетілді. Аудандық мәслихат депутаты Д.Боранбаев 200 мың теңгесіне оқушыларға оқу-құрал, парталар алып беріп, алғысқа бөленді.

Табиғи газ құбыры 2002 жылы жүргізілді. Қазіргі уақытта табиғи газ жүйесі 200 үй мен әлеуметтік нысандарға  тартылған. Ауылдық округ орталығындағы үйлердің 90 пайызына газ жүргізілген.

Күні бүгін Бесобадан басқа 4 елдімекенге табиғи газ желісін тартуға техникалық негіздеме жасалуда.

 

Көнеккеткен

Уақыт өткен сайын дала төсіндегі тәжірибесін толықтырған Серік Сәрсенғалиев жетекшілік ететін «Сәрсенғалиев» шаруа қожалығы қазақтың ақбас сиырын өсіру бойынша Ұлттық палатаға тіркелді. «Сыбаға» бағдарламасымен «Талапкер» шаруа қожалығының иесі, жас еңбеккерлердің бірі Еркебұлан Өткелбаев 5,0 млн. теңге несиеге 20 бас аналық пен 2 бас асыл тұқымды аталық алып, ісін одан әрі өрістетуде.

Нұрлан Есболатов өзінің «Есболат» шаруа қожалығына лизингпен 10 млн. теңге көлемінде қаржыға трактор және оған қажетті барлық агрегат алды.

Малдәрігерлік сауықтыру шаралары жоспарға сай жүргізілуде. 2016 жылы бруцеллез ауруына шалдыққан 54 мүйізді ірі қара мен 9 бас уақ жандық түгел жойылды. 14 аталық мал есептен шығарылып, 24 бас асыл тұқымды аталық мал сатып алынды.

Жеке кәсіпкер Үміт Есболатова көлемі 120 шаршыметр болатын «Ажар» дүкенін іске қосты. Мұнда азық-түлік, құрылыс және тұрмыстық заттар сатылады. Жылдар жүзінде тірнектеп жинаған қаржысына осындай ғимарат көтеріп, ауылға ажар сыйлаған Үмітке тұрғындар дән разы.

2017 жылы «Молдағалиев» ЖК автодоңғалақ жөндеу орталығын, «Аймырза» шаруа қожалығы құс өсіруді, «Самал» шаруа қожалығы қымыз сататын орын, «Сымбат» шаруа қожалығы жазғы демалыс орталығын ашуды жоспарлауда.

Атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасылар жоқ.

«Өрлеу» қанатқақты бағдарламасына 3 отбасы қатысу-да. Бұл бағдарламаның тиімділігі бір жағынан малы жоқ отбасылардың малдануына, екінші жағынан, тұрғындарды жұмыспен қамтуға септігін тигізіп, масылдық салдарын болдырмауда.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс тіркелген жоқ.

Табиғи газ құбыры 2013 жылы жүргізілді. Қазіргі уақытта газ жүйесі 123 үй мен 6 мекеме ғимаратына тартылды. Үйлердің 53,2 пайызына газ жүргізілген.

Ауыз су құбыры аудан орталығындағы «Жайықтехсервис» МКК мекемесінің сенімгерлік басқаруына берілді. Күні бүгін 9 колонканың жетеуі қалыпты жұмыс істеп тұр. Көнеккеткенде 125 үй ауыз су жүйесіне қосылған.

10 көше қазақша атау иеленді.

Халықты электрмен қамтуда кемшін тұстар бар, бұның себебі, электр сымдары ескі. Тиісті орындарға бұл мәселе айтылғанымен, шешімін табар емес. Тұрғындар мұның оң шешілеріне сенімді.

Тұрғындардан келіп түскен өтініштер саны 30, 20-сы қанағаттандырылды. 14 жазбаша түскен және 16 жеке қабылдауда болған азаматтардың өтініштеріне тиісті жауаптары берілді. Қосалқы шаруашылық туралы 203 өтініш түсіп, барлығы қанағаттандырылды.

4 қылмыстық іс тіркелді, ашылғаны - 3. 66 адамға хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.

 

Жамбыл

Жылдық бюджет көлемі 2015 жылмен салыстырғанда, республикалық бюджетті қосқанда 47 пайызға өсіп, 26.417 млн. теңгені құрады.

2414 мүйізді ірі қара бруцеллез ауруына зерттеліп, оң нәтиже көрсеткен 70 бас мүйізді ірі қара ет комбинатына тапсырылды.

Ірі қара малының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық асылдандыру жұмыстарымен айналысатын шаруа қожалықтарының саны артып келеді. 7 шаруа қожалығы мерзімі өткен 5 аталықты ауыстырып, 7 бас асыл тұқымды аталық сатып алды. 2015 жылы селекциялық және асылдандыру жұмыстарына қатысқан аналық малдың саны 390 бас болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 780 басқа дейін өсті. 2015 жылы 1 селолық тұтыну кооперативі құрылып, 7 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынған болатын, 2016 жылы кооперативтер туралы заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты ауылшаруашылық кооперативі болып қайтадан тіркеліп, есебінде 210 бас аналық малымен тұқымдық түрлендіру бағдарламасына қатысты.

1 шаруа қожалығы «Ақжайық Агро» несие серіктестігі арқылы арқылы 6 млн. теңге несие алып, «Сыбаға» бағдарламасына қатысып отыр. 28 бас қашар, 3 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, тұқымдық түрлендірумен айналысады.

Тұрғындарға көкөніс, жеміс ағаштарын отырғызуға, егістік көлемін ұлғайтуға мүмкіндік жасалуда. Жамбыл ауылында аулаларға Көшім өзенінен құбыр арқылы су жеткізіліп тұр.

Шағын кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің саны 44. Оның бесеуі жеке кәсіпкер, 39-ы шаруа қожалығы. Кәсіпкерлік саласында 53 адам еңбекпен қамтылып отыр.

Мектеп жасындағы балалардың барлығы да жалпыға бірдей білім берумен қамтылған. 2016-2017 жылғы оқу жылында оқушылардың 100 пайызы ыстық тамақпен қамтылды. 3 шағын орталықта 57 бала тәрбиеленеді. Жазғы демалыс кездерінде 85 бала мектеп жанындағы және аудандық лагерьлерде демалды.

Есепті кезеңде 57 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 3 жас маман жастар тәжірибесінен өтті.

Аудан әкімі жанындағы арнайы комиссияның шешімімен 5 отбасына 212.070 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілді.

Жыл ішінде орындалған басқа да қам-қарекеттер әрине, аз емес.

Елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 300 мың теңге бөлінді.

Тұрғындардан 60 өтініш түсті. Соның 53-і қанағаттандырылды.

6 қылмыс тіркелді,  соның үшеуі ашылды.Аса ауыр қылмыс тіркелген жоқ. 61 адамға әкімшілік құқықбұзушылық жасағандары үшін хаттама толтырылды.

 

Қабыршақты 

2016 жылғы бюджет көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 24 пайызға өсіп, 3,428 млн. теңгені құрады.

Жыл басынан бері бруцеллез ауруына шалдыққан 17 мүйізді ірі қара мен 146 бас ұсақ мал түгелдей жойылды.

19,1 га. алқапқа, соның ішінде 7,7 га. картоп, 5,4 га. көкөніс және 6,0 га. жерге бақша дақылдары егілді.

Кәсіпкерлік саласында 37 адам еңбекпен қамтылып отыр. Олардың 23-і ауыл шаруашылығында, 9-ы жеке кәсіпкер. 2 шаруа қожалығы ашылып, тіркелді.

2016 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 32 адам жұмысқа тартылды. 2 жас маман жастар тәжірибесінен өтті.

3 отбасыға (13 адам) атаулы әлеуметтік көмек, 37 отбасыға (100 бала) 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы төленді. Аудан әкімі жанындағы арнайы комиссияның шешімімен 8 отбасыға 220,5 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілді.

Аз қамтылған отбасылар балаларының 65 пайызы ыстық тамақпен қамтылды.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тұрғындар арасында негізгі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скрининг - зерттеулерден 445 адам, флюорографиядан 427 адам өтті. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ, туберкулез ауруына шалдыққан 1 адам тіркелді.

Табиғи газ құбыры 2008 жылы жүргізілді. Қазіргі уақытта табиғи газ жүйесіне 184 үй қосылып, округтегі үйлердің 73,6 пайызына газ жүргізілді.

235 тұрғын үй, 3 мекеме таза ауыз су жүйесіне қосылды.

Тұрғын үй құрылысына жер пайдалану үшін жер телімдерін сұраған 7 өтініш түсті.

Жергілікті бюджеттен 200 мың теңге бөлініп, 170 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес бюджеттен 3,7 млн. теңге бөлініп, қатты тұрмыстық қалдық төгу орны қоршалды.

12 қылмыс тіркелді, соның ішінде ұрлық 5, қоғамдық орында жасалған қылмыс 4. Ашылған қылмыс саны 9. 2015 жылы тіркелген әкімшілік құқықбұзушылықтар саны 67 болса, 2016 жылы - 65.

Ауылдық округ әкімінің атына 2016 жыл бойы жеке тұлғалардан 43 өтініш түсті. Жазбаша түскен өтініштердің 33-і толық қанағаттандырылып, 10-ына түсінік берілді.

 

Мерген

Қазіргі таңда жылдық санақ бойынша ірі қара малы 5541, қой мен ешкі 15721, жылқы 2591. 1800 бас ірі қара, 4000 бас ұсақ мал, 507 бас жылқы бірдейлендіруден өтіп, соның ішінде 1800 бас ірі қара, 4000 бас қой-ешкі мен 507 жылқы электронды жүйеге енгізілді.

2016 жылы 13 шаруа қожалығы 25 бас асыл тұқымды бұқа алды.

Кәсіпкерлік саласында 175 адам еңбекпен қамтылып отыр. Олардың 165-і ауыл шаруашылығында, 8-і саудада, ал екеуі қызмет көрсету саласында.

Жыл бойы 4 жаңа жұмыс орны ашылып, 10 адам әртүрлі жұмыспен қамтылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 81 орын бөлініп, кезекпен 28 адам жұмысқа тартылды.

2016 жылы 35 отбасыға (109 бала) 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, 2 отбасыға тұрғын үй көмегі берілді.

Жыл басынан бері мекемелер мен ұйымдардың қатысуымен 48 адамға 800 мың теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Аудан әкімі жанындағы арнайы комиссия-ның шешімімен 9 отбасыға 286 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілді.

3 әлеуметтік қызметкер 12 жалғызбасты қария мен мүгедекке, 1 қызметкер 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 4 адамға, 1 әлеуметтік қызметкер 16 жасқа дейінгі 8 мүгедек балаға қызмет көрсетуде.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы 2 шаруа қожалығы 30,5 млн теңге несие алды.

Шағын орталықтарда 14, балабақшаларда 45 бүлдіршін тәрбиеленуде.

3 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетуде. Онда 1 дәрігер мен 8 орта буынды медицина маманы жұмыс жасайды.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тұрғындар арасында негізгі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скрининг - зерттеулерден 453 адам, флюорографиядан 658 адам өтті.

Мерген Мәдениет үйіндегі 3 үйірмеге 28 ауыл тұрғыны қатысуда, 2015 жылмен салыстырғанда үйірмелерге қатысушылар саны 4 пайызға өсіп отыр.

Табиғи газ құбыры 2001 жылы жүргізілді. Қазіргі уақытта табиғи газ жүйесі 249 үй мен ғимаратқа тартылса, оның төртеуі биыл қосылды. Ауылдық округтегі үйлердің 66 пайызына газ жүргізілген.

Газдандыруды өрістетуге қатысты істер басты бір назарда ұсталуда.

226 тұрғын үй, 1 монша, 1 кафе, 8 мекеме ғимараты таза ауыз су жүйесіне қосылған.

Елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 30 мың теңге бөлініді. 450 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Есепті мерзімде округ бойынша 15 қылмыс тіркелді, соның ішінде ұрлық 13, қылмыстың басқа түрлері - 2. Ашылған қылмыс саны 15.

Ауылдық округ әкімінің атына 2016 жыл бойы жеке тұлғалардан 78 өтініш түсті. Жазбаша түскен өтініштердің 78-і толық қанағаттандырылды.

 

Есенсай

Жергілікті салық түсімі 2016 жылғы көрсеткіші бойынша 359 мың 112 теңгені құрап, 100 пайызға орындалып отыр.

«Ата жолы» шаруа қожалығы 6 бас, «Дәулет» шаруа қожалығы, «Әділ» шаруа қожалығы бір-бір бас асыл тұқымды бұқа сатып алса, ал «Ақ жол» шаруа қожалығында 1 бас асыл тұқымды бұқа, 5 бас асыл тұқымды қошқарды өз қаражатына сатып алды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ардагер» шаруа қожалығы 12 млн. теңге алып, 60 аналық, 3 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

2 ауылшаруашылық кооперативі құрылып, тіркеуден өтті. 12 бас асыл тұқымды бұқа алынып, кооперативтерге 357 бас аналық мал тіркелді.

«Ағайын» шаруа қожалығының басшысы Қанатұлы Қуаныш өз қаражатына 780 түп шие ағашын отырғызды.

Жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының жалпы саны 47-ге жетті. Оның 16-сы - жеке кәсіпкер, ал 31-і шаруа - қожалығы.

Кәсіпкерлік саласында 64 адам еңбекпен қамтылып отыр.

2016 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 87 орын бөлініп, кезекпен 39 адам жұмысқа тартылды. Шаруа қожалықтары әлеуметтік жұмыс орындарымен 9 адамды қамтыды.

Мемлекеттік «Өрлеу» бағдарламасына 2 отбасы қамтылып, 177544 теңге көлемінде қаржы алып, 6 қой, 16 ешкімен малданды.

1 әлеуметтік қызметкер 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 6 адамға, 1 әлеуметтік қызметкер 16 жасқа дейінгі 5 мүгедек балаға қызмет көрсетуде.

66 мұғалім оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Соның ішінде 52 -сі жоғары, 11-і арнаулы орта білімді. Жоғары санатты ұстаздар - 3, І санатты - 41, ІІ санатты - 10, санатсыз - 9.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тұрғындар арасында негізгі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скрининг - зерттеулерден 763 адам өтсе, ал флюорографиядан 684 адам өтті.

Табиғи газ құбырының құрылысы 2013 жылы басталып, 2015 жылы аяқталды. Қазіргі уақытта көгілдір отын құбыры барлық әлеуметтік нысанға қосылған, 76 жеке тұрғын үй газбен қамтылды.

260 тұрғын үй «Ақбұлақ» бағдарламасымен құбырға 2011 жылы қосылды.

2016 жылы ауыл бойынша 16 қылмыс тіркелді, ашылғаны - 13.

Ауылдық округ әкімінің атына 2016 жылға жеке тұлғалардан 94, ал заңды тұлғалардан 1 өтініш түсті. Жазбаша түскен өтініштердің бесеуі толық қанағаттандырылып, 75-іне түсінік беріліп, 15-і құзыретті орындарға уақтылы жолданды.

Үкіметтік емес ұйымдар белсенді түрде қоғамдық шараларға атсалысуда.

 

Ақжол ауылдық округі

Лбішін - әкімшілік ғимаратында, мектепте

Битілеу - мектепте

Қабыл - мектепте

Тінәлі - мектепте

Барлығы: 5

 

Ақсуат ауылдық округі

Ақсуат - әкімшілік ғимараты, мектепте

Ақбұлақ - ауылдық кітапхана

Барлығы: 3

 

Алғабас ауылдық  округі

Алғабас - әкімшілік ғимараты

Жаңажол - ауылдық клуб

Қарағай - фельдшерлік акушерлік пункт

Тегісжол -  мектеп

Тоған - ауылдық кітапхана

Барлығы: 5

 

Алмалы ауылдық округі

Алмалы - әкімшілік ғимараты, мәдениет үйі

Атамекен - мектеп, «Айдана» сауда дүкені

Жантемір - ауылдық кітапхана

Барлығы: 5

 

Базартөбе ауылдық округі

Базартөбе - әкімшілік ғимараты

Қадырқұл - мектеп

Қызылжар - мектеп

Барлығы: 3

 

Базаршолан ауылдық округі

Базаршолан - әкімшілік ғимараты, мектеп

Есім - ауылдық кітапхана

Жаманқұдық - фельдшерлік акушерлік пункт

Барлығы: 4

 

Бударин ауылдық округі

Бударин -  мәдениет үйі

Самал - ауылдық кітапхана

Коловертное - ауылдық кітапхана

Барлығы: 3

 

Есенсай ауылдық округі

Есенсай - әкімшілік ғимараты, мектеп

Кеңсуат - мектеп

Тасоба - мектеп

Барлығы: 4

 

Жамбыл ауылдық округі

Жамбыл - әкімшілік ғимараты, мәдениет үйі

Үштөбе - мектепте

Бітік - мектепте

Барлығы: 4

 

Жаңабұлақ ауылдық округі

Жаңабұлақ - мәдениет үйі

Қосшығыр - ауылдық кітапхана

Барлығы: 2

 

Қабыршақты ауылдық округі

Первомай - әкімшілік ғимараты

Барлығы: 1

 

Қарауылтөбе ауылдық округі

Қарауылтөбе - әкімшілік ғимараты, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория

Қырыққұдық - мектеп

Барлығы: 4

 

Құрайлысай ауылдық округі

Жұбан - әкімшілік ғимараты, мәдениет үйі

Әтібек - фельдшерлік акушерлік пункт

Сайқұдық - мәдениет үйі

Барлығы: 4

 

Көнеккеткен ауылдық окургі

Көнеккеткен - әкімшілік ғимараты, мектеп

Қамыстыкөл - мектеп

Барлығы: 3

 

Мерген ауылдық округі

Мерген - әкімшілік ғимараты

Мойылды - ауылдық клуб

Жолап - ауылдық кітапхана

Барлығы: 3

 

Сарытоғай ауылдық округі

Жанама - әкімшілік ғимараты

Сарман - ауылдық кітапхана

Барлығы: 2

 

Тайпақ ауылдық округі

Тайпақ - әкімшілік ғимараты

Томпақ - ауылдық клуб

Шабдаржап - ауылдық клуб

Барлығы: 3

 

Чапаев ауылдық округі

Чапаев -  әкімшілік ғимараты

Жайық - ауылдық клуб

Барлығы: 2

 

Барлығы 60 жерде ұсыныс-пікірлерге арналған жәшіктер ілінді