19 декабря 2018
838

Ақжайық аудандық мәслихаты аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы конкурс жариялайды

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ақжайық аудандық мәслихаты аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы конкурс жариялайды.

Конкурсқа жұмыс тобы мүшелігіне кандидат ретінде он сегіз жасқа толған, Ақжайық ауданында тұратын және ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы 10-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және азаматтар қатыса алады.

Қонкурсқа қатысу үшін:

1.Кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші

2.Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде, мына мекенжайға жолдау қажет:

Ақжайық аудандық мәслихаты, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70 үй,   37-кабинет, телефон 92-5-91, электрондық пошта Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Ақжайық аудандық мәслихаты