19 декабря 2018
705

Ақжайық аудандық мәслихаты аудандық Қоғамдық кеңесі мүшелеріне кандидаттарды ұсыну туралы конкурс жариялайды

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ақжайық аудандық мәслихаты аудандық Қоғамдық кеңесі мүшелеріне  кандидаттарды ұсыну туралы конкурс жариялайды.

Конкурсқа Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат ретінде он сегіз жасқа толған, Ақжайық ауданында тұратын және ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы 10-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және азаматтар қатыса алады.

Қонкурсқа қатысу үшін:

1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші

2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде, мына мекенжайға жолдау қажет:

Ақжайық аудандық мәслихаты, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70 үй,   37-кабинет, телефон 92-5-91, электрондық пошта Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Ақжайық аудандық мәслихаты