• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Ақжол ауылдық округінің орталығы Ілбішін ауылындағы Мәдениет үйінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші-термеші Қатимолла Бердіғалиевтың концерті өтті. Жылдың басында күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйінде көптеген іс-шара ұйымдастырылып, елімізге танымал бірнеше эстрада шеберлерінің концерттері өткен болатын.

Ауыл түлегі, спорт ардагері, Ақжайық ауданының құрметті азаматы Асқар Шораевтың 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні құрметіне Оралдан Қ.Бердіғалиевты ертіп келіп, ән кешін сыйлауы тұрғындардың көңілін жадыратты. Әрине, бұл сахна саңлағының Ілбішінге бірінші рет келуі емес. Бұрында да өнерсүйер қауымның жүздесулері болды.

Шараны аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлбану Құлмұқанова кіріспесөзбен ашты. А.Шораев барша ауылдастарына ақ тілегін арнады.

Қазақтың халық әндері, Мұхиттың, Ғ.Құрманғалиевтың кең тынысты қажет ететін әндерімен қатар, өткен ғасырлардағы Бұхар, Базар, Қашаған, т.б., көптеген жыраудың терең философиялық мән-мағынаға толы терме-жырларын ел арасына кеңінен насихаттап жүрген Қатимолла Жәңгірұлы ілбішіндіктердің зор ықыласқа бөленді. Ол «Сартайдың термесі», Абайдың «Жаз» әні, Өмір Көшекбайұлының термесі, Махамбет, Мұхит, Ғарифолла, Естайдың, басқа да даралардың ән-толғауларының шығу тарихына тоқтала отырып, зор шабытпен орындады.

Осындай өнер иесінің отбасы да өнерге етене жақын екенін көпшілік жақсы біледі. Әншінің ұлы, облыстық Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрінің концертмейстері, домбырашы Аңсар Қатимоллаұлы көптеген күй орындап, жиналғандардың құлақ құрышын қандырды. Әншінің шашбауын көтере барған ақындар Сағынтай Бисенғалиев пен Мәлік Берді Әлі жүрекжарды жырларын оқыды.

Кеш соңында Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісов сөз алып, Ілбішінге жырдың көшін әкеліп, ән қалықтатқан Қатимолла Бердіғалиевке бүкіл тұрғын атынан зор алғыс білдірді. Айта кетейік, бұл ән-жыр мерекесін көрші ауылдардан да өнерсүйер жұрт келіп тамашалады.

Бекболат ҚАЛЕНОВ.
АҚЖОЛ.
Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН.

Өткен көктемде Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Шапағат» қайырымдылық дүкені ашылып, жұмыс істей бастаған еді. Оған ескі болса да тұтынуға жарайтын, иә болмаса, үйлерде жап-жаңа күйінде болса да киілмей, тіпті «ұмытылып» қалған киім-кешектер бірден-ақ көптеп түсіп, алушыларға ұсынылып келеді.

Осылайша, «Шапағаттың» біраз тұрғыннан ризашылыққа бөленуі басқа ауылдағы азаматтарды да ойландырғаны бүгінде сөзсіз байқалады. Мұның бір мысалы – Көнеккеткен ауылында да осындай дүкен жұмыс істей бастады. Осында алдымен ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері бастап, тұрғындар, кәсіпкерлер өздерінің үй-іштерінен артылған киім-кешекті жинастырды.

Бүгінге бұл жерден 13 отбасы өзіне қажеттерін тапқан. Жуырда қайырымдылық дүкендері Базаршолан мен Қарауылтөбе ауылдарында да ашылды.

Бекем БЕКҰЛЫ.
Ақжайық ауданы.

Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында әйгілі әншілер, композиторлар Донеділ Қажымов пен Гүлнәр Дәукенованың тұрғындармен емен-жарқын кездесуі, ән кеші өтті.

Ақын Мәлік Берді Әлі жүргізген көрікті шара барысында екеуі де еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, «Құрмет» орденінің иегерлері болып табылатын олар өнер жолдарынан, Ақ Жайықтың ауылдарына концерттік сапарларынан естеліктер айтып, ел-жұрт сүйер тыңдайтын әндерін әуелетті. Бұл сахна саңлақтарының туындыларын жергілікті әншілер Венера, Әнуар Нұрғалиевтар, Дәурен Ғилманов, Есенгелді Тапаловтар шырқап, кештің көркін асыра түсті. Тағы бір тамаша сәт – осы кеште тұсауы кесіліп, алғаш сахнаға шыққан Тайпақ балалар музыка мектебінің жанынан құралған фольклорлық ансамбльге «Донеділ» есімі берілді.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев пен Тайпақ ауылдық округі әкімі Болат Шаленов меймандарға ізгі тілегін білдіріп, аудан әкімі Әділ Жоламановтың алғысхатын, естелік сыйлықтар табыстады.

Бекем БЕКҰЛЫ.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне және Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасын іске асыру мақсатында ауылымызда ауыл әкімдігі мен "Жағалау", "Тәуелсіздік" көше жетекшілерінің ұйымдастыруымен мерекелік көше тойы оздырылды. Ауыл әкімі Ұлдаш Зайдағалиқызы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Оразбай Жігербайұлы және ауыл үлкендері мен тұрғындары қатысты. Шара барысында ауыл әкімі құттықтау сөз сөйлеп, сол екі көшенің "Үздік аула" аталымына "Тәуелсіздік" көшесінің тұрғыны Молдағалиев Жанболаттың отбасы, "Жағалау" көшесінің тұрғыны Зағыпаров Жандарбектің отбасы, "Үздік оқырман" аталымына Нұғманов Серік, "Белсенді оқырман" аталымына Сұлтанғалиева Қалия, мәдени-көпшілік шараларға үнемі қатысатын өнерпаз Қабылтай Аружан мен Сүлейменовтер отбасы алғыс хатпен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, көше, көрші туралы мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылып, жастар флешмоб биімен әрледі. Соңында ауыл қариялары Қараша ата мен Әбілтай ата сөз сөйлеп, көшелер арасындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, көшенің тұрғындарына ауызбіршілікке шақыру, көше тазалығын кадағалау жөнінде айтып, ризашылықтарын білдірді. Үлкен-кіші ән айтып, би билеп, көңілді тарқасты.

2017 жылдың 28 қараша күні "Рухани жаңғыру" мақаласы аясында, "Туған жер" бағдарламасына орай, көшелер арасындағы қарым - қатынасты нығайта отырып, көше тұрғындарын ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа шақыру мақсатында О. Исаев пен Құлышев көше тұрғындарының ұйымдастыруымен көше тойы өткізілді. Шара барасында ауыл әкімі Татжан Есенұлы Утемисов құттықтау сөз сөйлеп, "Үздік көше" аталымымен О. Исаев көшесін, "Үздік аула" аталымымен О.Исаев көшесінің тұрғыны Токтабекова Жеміс Нығметқызын дипломмен марапаттады. Сонымен қатар әйелдер кеңесінің төрайымы Н. Давлетьярова, НұрОтан партиясының төрайымы Абуова Ажар Меңдібайқызы ауыл тұрғындарын құттықтау сөз сөйледі. Ажар Меңдібайқызы О Исаев пен Құлышев көшесінің үлгілі мұғалімдері мен белсенді оқушыларына алғыс хат табыс етті. Шара концерттік бағдарламалар мен спорттық шаралармен өз жалғасын тапты.

Елбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру жəне "Мәңгілік ел" идиясын қолдау жасөспірімдермен жастар арасында кең насихаттау, Таланты мен талабы, бағы мен бабы қатар жүретін дарынды балалардың мəдениетін кеңістігін қалыптастыру, адамгершілікке азаматтық патриоттыққа баулу жəне отансүйгіштікке тəрбиелеу өз өнерлерін сынау арқылы үлкен сахнаға шығуына жол ашу мақсатында 2-ші желтоқсан күні "Үркер" дамыту орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында өткен "Менің елім - Мəңгілік ел" ІІІ Республикалық рухани патриоттық байқауына Ақжайық аудандық Балалар шығармашылығы орталығының үйірме мүшелері вокал, би, жас қалам, аспапта орындау, қолөнер бөлімдері бойынша қатысып келді.

Қорытындысында: қолөнер аталымы бойынша бшо үйірме мүшесі Жандаулет Арайлым ІІ-орын Жетекшісі: Г.Ережепова, Вокал бөлімі бойынша Есенсай ОЖББМ үйірме мүшесі Ғаділжанова Гүлназ бас жүлде, Есқара Динара ІІ-орын Жетекшісі: М.Бейлов, Жайық НМ үйірме мүшесі Меңдешов Ерлан бас жүлде Жетекшісі: А.Уалиев, аспапта орындау бөлімі бойынша М.Əуезов ат. ОЖББМ нің үйірме мүшесі Марат Мансур ІІІ-орын, Қобланды Азалия ІІ-орын Жетекшісі: С. Тоғызбаева, би бөлімі бойынша бшо "Дарын" би тобы бас жүлде Жетекшісі: Г. Оңғар, Үлгілі "Балауса тобы кіші топ І-ші, ересек топ ІІ-ші орын Жетекшісі: А. Бекетаева, Жас қалам бөлімі бойынша Ж. Молдағалиев ат ОЖББМ -нің жас тілші үйірме мүшесі Мейрамова Ақжарқын ІІ-орын иеленді. Жетекшісі: Р Елеубаева.

КҮНІ 14.11.2017,

Тілек ҒАБДУШЕВ, аудан әкімінің орынбасары.

Елбасы бұған дейінгі әлемге әйгілі болған әлденеше кітаптарын жариялаумен қатар ауқымды бағдарламалар, мақалалар да ұсынып келеді. Солардың ішінде «Қазақстанның Әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» (2012 жыл), «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» (2016 жыл), «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа интеллектуалдық секіріс» (2009 жыл), басқа да мақалаларын білеміз. Осы жылдың 12 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы осыған дейін көтерілмеген идеялық және идеологиялық жұмысты жолға қоюдың бағытын көрсетіп берген айтулы еңбек болып табылады. Терең ғылыми-практикалық негізде жазылған осыған алыс-жақын шетелдерде де назар аударылуы әрине, тектен-тек емес.

Мұнда ұлттық бірегейлікті сақтауға маңыз берілген. Бұ-лар: ұлттық салт-дәстүрлері-міз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, қысқасын айтқанда, ұлттық рухымыз. Рухани жаңғыру бойынша таяу жылдардағы міндеттер айқындалды. Сөйтіп, түйіндеп айтсақ, біртіндеп латын әліпбиіне көшу қажеттілігі негізделді, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынуда. Президентіміздің «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынуы да елімізде кең қолдау табуда. «Туған жер» бағдарламасы «Туған ел» бағдарламасына ұласады. Жергілікті нысандар мен елдімекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, жалпыұлттық қасиетті орындарға қатысты терең бі-луге тиіспіз.


 

 


Ауа райы