• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Аудан әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары


рисунокАудан әкімінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №27 өкімімен аудан бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл болып Серікқали Мұхтарұлы Бакманов бекітілді. С.М.Бакманов аудан әкімі аппаратының басшысы, кабинет № 3, қызмет телефоны: 91-4-54

 





Ақжайық ауданы орталығында, Чапаев ауылында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынының 5 басымдығын іске асыру барысында және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерден, студенттер мен оқушылардан, қариялар мен мүгедектерден құралған 350 адамның қатысуымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» форумы оздырылды.


Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресте бүкіл қоғамның белсене атсалысуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің арнайы тапсырмасы негізінде Ақжайық ауданы әкімінің өкімімен «Парасыз болашаққа! Бірге.» ұранымен мобильді топ құрылды.


2017 жылдың сәуір айының 12 жұлдызында  Ақжайық ауданының әкімі Ә.Т.Жоламановтың төрағалығымен және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім  басшысы Ардақ Есенғалиұлы Ізғалиев және «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облысы филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Махамбет Қайроллаұлы Мукашевтың арнайы шақырылып сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу бағытында  кеңес ұйымдастырылды. Онда Елбасының 100-нақты қадам - Ұлт жоспарының 13-қадамын жүзеге асыру мақсатында халқына жолдаған  «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында тапсырма ретінде көрсетілген сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оларды жою міндеті мен алғышарттары және заңбұзушылыққа жол берген жағдайда туындайтын мәселелер туралы ашық айтылып, кеңеске қатысушы мекеме басшылары мен мамандарына бейне роликтер көрсету арқылы толық түсіндірілді. Кеңес барысында аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалып жатырған іс-шаралар мен аудан әкімі жанынан құрылған тәртіптік комиссия отырысының 2016 жылғы және 2017 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі баяндама жасап, сөз соңында ауданымызға көп жыл бойы еңбегі сіңген мемлекеттік қызметте жүріп зейнетке шыққан Д.А.Жақсыбаев мемлекеттік қызметшілердің жұмыстарына ізгі ниетті тілегін білдіріп, қазіргі мемлекеттік қызмет саласы туралы өзінің ой-пікірін қалдырды.

 

Персоналды басқару бөлімі



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс

Бiз қазір жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Сонымен қоса шешiмi күрделi мәселелер де бар. Сол мәселенің бірі де бірегейі - сыбайлас жемқорлық. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма бес жыл болды. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Осы жолда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мемлекеттік стратегия­сы» жасақталып, бүгінде бұл стратегиямен қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Бүгінде Қазақстан Республикасы азаматтары, соның ішінде Еліміздің біз секілді жастары сыбайлас жемқорлықпен күресу және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін мүлтіксіз жұмыстану керек.

Ақжайық ауданының сәулет, қала

құрылысы және құрылыс бөлімінің

бас  маманы А.Хайруллина



Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс бабын пайдаланып жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуға заң жүзінде тыйым салынады.

 


http://anticorruption.gov.kz

 

Бейнеролик

 

ҚОҒАМДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ)

Ақжайық ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасы

Мүлдем төзбеушілік ахуалын құру

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау мәселелері бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының тармақтарының орындалуы туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны Ақжайық ауданы бойынша 2015 жылы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Ақжайық ауданы бойынша «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» 2015 жылдың ІІ тоқсанында іске асырылуы туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде атқарылған жұмыстар туралы мақалалар

Ақжайық ауданы бойынша «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» 2015 жылғы ІІІ тоқсан қорытындысы туралы ақпарат

Қатермен күрес – елдікке үлес

 


Осы жылдың 15 сәуір күні Ақжайық ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның І тоқсанға жоспарланған  отырысы өткізіліді. Отырысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, аудандық атқарушы органдар және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Комиссия отырысының  күн тәртібінде «НұрОтан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы туралы «НұрОтан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары - А.Ғ.Нысанбаеваның, «Қазақстан Республикасының 2015-2025  жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стратегиясының» орындалуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы М.А. Сердалиннің, Бударин ауылдық округінің әкімі Р.Д. Қайырмановтың, Базартөбе ауылдық округінің әкімі А.О.Ермухановтың баяндамалары тыңдалды.

Жасалған баяндамалар тыңдалып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес пен барлық мемлекет органдар басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.


 

 


Ауа райы