• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

1. Діннің, діни догмалардың ерекшеліктері туралы идеялардың болуы.

2. Зайырлы тәртіпті, оның ішінде заңдарды, билік және басқару органдарын мойындамайтын ұйғарымдардың болуы.

3. Діни алауыздық немесе араздық тудыратын, қауіпсіздікке, өмірге, денсаулыққа, адамгершілікке немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретін ұйғарымдардың болуы.

4. Діни догмалардың ғылыми түсіндірмесін мойындамау, «мазхабтарды» (исламдағы діни мектептерді) теріске шығару, оның ішінде Орталық Азия мұсылмандары үшін дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабын сыни түрде қабылдамау.

5. Адамдарды шынайы діндар, діннен безгендер немесе адасқандар деп бөлу.

6. Халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын мойындамау, оларды ұстанудан үзілді-кесілді түрде бас тартуға шақыру.

7. Діндарлардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға баруын, теледидар, әсіресе ойын-сауық және музыкалық бағдарламалар мен хабарларды қарауын шектеу.

8. Әйелдердің киім үлгісін таңдау еркіндігін шектеу немесе әйелдерді, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған қыз балаларды анық көрінетін діни киімді немесе басқа елдер мен халықтарға тән киімді киюге мәжбүрлеу.

9. Діни талаптар мен рәсімдер бойынша некеге тұру және некені бұзу ұйғарымы.

10. Ұлттық тілге және мәдениетке нұқсан келтіретін өзгеше сөйлемдерді, сөздерді, сленгтерді қолдану ұйғарымы.

11. Ұлттық дәстүрлерге, мәдениетке және қазіргі заманғы талаптарға нұқсан келтіретін өзгеше түрге ие болу және өзгеше киім кию ұйғарымы:

Ер адамдар үшін:

- күтім көрмеген, бей-берекет өсірілген сақал. Мұрт қырып тасталады;

- тобықтан төмен түспейтін, кең пішімді қысқартылған шалбар (дене пішінін анық көрсететін киім үлгісіне тыйым салынады).

Әйел адамдар үшін:

- Денені толығымен немесе толық дерлік жабатын кең үлгідегі киім (паранджа, бурка, чадра, химар, хиджаб). Көбінесе қара түсті немесе басқа да қараға жақын түстер (қара-қоңыр, қара-көк, сұр).

Қазақстанда Дін саласындағы мемлекттік саясаттың тұжырымдамасы бекітілді

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы 2017 жылғы 20 маусымындағы №500 Жарлыққа қол қойды.

Елбасының тиісті Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірледі.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу болып табылады.

Тұжырымдамада дін саласындағы мемлекеттік саясаттың дамуының үш негізге басымдықтары айқындалған.

Бірінші басымдық болып заңнаманы жетілдіру мен мемлекеті және діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды реттеу табылады.

Екінші – мемлекет дамуындағы зайырлық принциптерін нығайту. Құжатта «Мемлекеттің зайырлы құрылысы – Қазақстан халқының маңызды тарихи жетістігі», – делінген.

Тұжырымдама ар-ождан бостандығына және діни сеніміне деген азаматтардың құқықтарын, діни бірлестіктердің толымды қызмет атқаруын және ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің конституциялық негіздерін жоюға, халықтың белгілі бір топтарының радикалдануына алып келетін деструктивті діни ағымдарға жол бермеуді қамтамасыз етеді.

Үшінші басымдық ретінде діни экстермизм мен деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы тұру жүйесін дамыту анықталған.

Терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресте маңызды рөлді деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру ойнайды.

Бұл мақсатта ақапраттық-түсіндірме жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, мәдениет және спорт қайраткерлерін белсенді атсалысуға тарту қарастырылған.

Аталған құжат дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғам институттарының құзыреті мен жауапкершілік аясын нақтылайды.

Құрметті дін қайраткерлері!

Құрметті форум қатысушылары мен қонақтары!

Ең алдымен, елордамыз Астанада өтіп жатқан ІІ Имамдар форумына қатысушыларға өз ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер.

Бұл өте маңызды кездесу деп ойлаймын.

Қоғамда жоғары руханият нұрын орнықтырып, халықты бірлікке, бейбітшілікке, келісім мен өзара түсіністікке шақыратын азаматтармен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын.

Діни қайраткерлер осындай іс-шараларда бас қосқан кезде моральдық және рухани негіздерді сақтау қажеттігі туралы айтады, себебі бұл – біздің ортақ міндетіміз.

Сіздердің жұмыстарыңызға өз алғысымды білдіре отырып, жаһандық қауіп-қатерлерге – діни экстремизмге, фанатизмге және терроризмге қарсы тұру жолындағы өзекті проблемалар мен Қазақстанның көпконфессиялы халқының ортақ мүддесі үшін мемлекет пен мұсылман дінбасыларының қарым-қатынастарын дамыту жолдары туралы әңгімелескім келеді.

Форумның ойлары, идеялары мен шешімдері басқа да конфессиялар өкілдерінің, тұтастай алғанда көпконфессиялы мемлекетіміздің барлық азаматтарының қызығушылығын тудырады деп сенемін.

Қазақстанның гүлденуі, көптеген факторларға, оның ішінде діннің рөлі мен орнын дұрыс түсінуге байланысты.

Қазақстан – мұсылман тұрғындары басым ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев исламның әлемдегі жетекші діндердің бірі екендігін, оның бөліну мен өшпенділікке емес, бейбітшілік пен бірлікке шақыратынын үнемі айтып жүр.

Исламдағы мектептер мен ағымдардың алуан түрлі болуына қарамастан, республиканың мұсылман үмбеті қоғамға қызмет етуде біртұтастық танытуда. Сондықтан мемлекеттің ұлттық-мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауда өзінің стратегиялық әріптесі ретінде еліміздегі дәстүрлі исламның бірден-бір мойындалған құрылымы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын көруінің толық қисыны бар.

Діни қатынастар саласын реттейтін «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңда мемлекеттің халқымыздың рухани өмірінде ханафи мазхабы мен православиелік христиандықтың орны мен рөлін танитыны нақты бекітілген.

Исламмен уағыздалатын жоғары құндылықтарды әрдайым мемлекет қолдайтын болады. Десек те, біз Қазақстанның зайырлы мемлекет екендігін ұмытпауымыз керек.

Қазақстанның зайырлылық қағидаттары исламның және құқықтық алаңда әрекет ететін барлық діндердің рухани мұрасын құрметтеуге, сондай-ақ әр адамның діни сенімді таңдау бостандығын қамтамасыз етуге негізделеді.

Мемлекет басшысы атап өткендей «...Конституцияны, заңдарды сақтау мен елдің бірлігін нығайту мәселелерінде ешқандай бөлінушілік болмауы керек».

1990 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылуы тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа тарихындағы маңызды оқиға болды.

Діни басқармамен осы ширек ғасыр ішінде басқа да дәстүрлі діндердің өкілдерімен конструктивті диалог орнатуға және мұсылмандарды біріктіру арқылы исламдық ілімнің сенімді және дұрыс түсіндіруге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды.

Этносаралық және конфессияаралық келісімді ілгерілету, қазақстандық патриотизмді нығайту, Қазақстан халқы үшін дәстүрлі болып табылатын адамгершілік және моральдық құндылықтарды қорғау, қайырымдылық пен мейірімділікке негізделген гуманизм идеаларын бекіте түсу істерінде ҚМДБ тарапынан қолға алынып, іске асырылып отырған жұмыстар мойындауға тұрарлық.

Тәуелсіздік жылдарында біздің елімізде дін саласындағы үдерістерді басқару және діни мүдделерді қамтамасыз ету жүйесі жолға қойылды.

2016 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың «Астана ақшамы» газетіне берген сұхбаты.

– Нұрлан Байұзақұлы, еліміздегі діни ахуал өткен жылдармен салыстырғанда қалыпты. Десек те, зайырлы мемлекеттің заң талаптарын мойындағысы келмейтіндердің қатары көбейіп келеді деген пікірмен келісесіз бе?

– Бұл жерде міндетті түрде басын ашып алатын мәселе бар, ол – діни ахуал ұғымы. Діни ахуалдың тұрақтылығы еліміздегі мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас, конфессиялар арасындағы өзара әрекеттестік, азаматтардың ар-ождан бостандығының деңгейі, дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнама талап­тарының сақталуы, азаматтардың дін саласындағы саясатқа қатынасы мен дін саласындағы ахуалды бағалауы тәрізді көп қатпарлы өлшемдердің нәтижесінен құралады.

Бұл жағынан алғанда еліміздің дін саласында шешімін таппай отырған мәселе жоқ. Мемлекеттік-конфессиялық тұрғыдан дәйекті қатынас орнатылып, азаматтардың діни бостандығы толығынан қамтамасыз етілген.
Өкінішке қарай, дінді біржақты түсінетін радикалдық ағымдардың идеяларын ұстанушылар тарапынан елімізде соңғы 5-6 жылда бірқатар жантүршігерлік оқи­ғалардың орын алғаны мәлім. Десек те, осындай оқиғалардың өзі еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығына сызат түсіре алмайды. Керісінше, мұндай лаңкестік оқиғалар қоғамда берік орныққан конфессияаралық келісім мен ауызбіршіліктің баға жетпес құндылық екеніне көзімізді жеткізе түседі. Сондықтан еліміздегі діни ахуал тұрақты екендігін және діни себептерді бүркеніп, радикалдардың қатысуымен орын алған бірді-екілі оқыс жағдайлар оған түбегейлі әсер етпеді деп толық сеніммен айта аламыз.

Әрине, бұл еліміздің дін саласында ешқандай мәселе жоқ дегенді білдірмесе керек… Біздің қоғамымызда радикалдық діни ағымдардың деструктивті идеяларының таралуынан көрініс тауып отырған және көпшілікті алаңдатып отырған мәселелердің бар екені сөзсіз. Мен былтырғы жылы қазан айында өткен брифингте салафизм идеологиясын еліміз үшін мүлдем жат әрі теріс діни ағым деп санайтынымыз туралы Үкіметтің ұстанымын білдірдім.

– Салафизм идеологиясы­ның терістігі неде?

– Радикалдық діни ағымдардың ұстанушылары өз идеяларын біздің ұлттық мәдениетімізден, рухани дәстүрлеріміз бен құндылықтарымыздан жоғары қояды және діни талаптармен өмір сүретін мемлекетті қоғамдық құрылыстың «ең дұрыс жүйесі» деп есептейді. Ал мұндай шетін идеялардың біздің мемлекетімізге және сан ғасырлық тарихымыз бен мәдениетімізге қайшы келетіні айтпаса да түсінікті.

Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім бүгінгі таңда әлемдік деңгейде мойындалған конфессияаралық қатынастың бірегей үлгісіне айналып отыр.

Қазақстан Үкіметі конфессияаралық келісімді кемелдендіре түсу бағытында байыпты қадамдар жасап келеді. Солардың бірі – 2016 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құрылуы. Аталмыш министрлік елде конфессияаралық келісімді дамыту, азаматтық қоғамды өркендету мен жастар саясатын кемелдендіру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбымен халыққа арнаған кезекті Жолдауында басқа да өзекті мәселелермен қатар, дін саласында орын алып отырған ахуалға баса көңіл аударған болатын.

Заманауи әлемнің әлеуметтік – саяси, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына кері ықпалын тигізіп отырған өзекті мәселелердің қатарында зорлық-зомбылыққа негізделген экстремизм мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр.

Экстремизм – адамның басқа түсініктерді, сенімдерді, дәстүрлер мен құндылықтарды қабылдауына кедергі болатын белгілі бір сенімдер мен идеяларға қатысты шектен тыс радикалды көзқарас жолын ұстануы. Негізінен, экстремизм сауатсыздық пен сыңаржақтыққа бейімделген көзқарастардан туындайды. «Тек менің пікірім ғана дұрыс, өзгелердің пікірі бұрыс» деген ұстанымдағы шетін көзқарастағылардың кемшілігі –басқа көзқарасты қабылдай алмау, түсінбеу, түсінгісі келмеу. Экстремистік көзқарастағылар өздерінен басқалардың барлығын адасушыларға жатқызады, олардың пікірлерін мойындамайды.

Міне, осы себептерден түрлі қақтығыстар, төңкерістер, дау-жанжалдар орын алуы ықтимал. Экстремистік ағымдар қатарында жүргендер өз мақсаттарына жету үшін ешнәрседен бас тартпайды, тіпті өздерін құрбан етуге де дайын.

Олар күш пен қару қолдану арқылы заңды аяқ асты етеді, дін атын жамылып ислам қағидаларын бұрмалайды. Оған Таяу Шығыстағы бірқатар елдерде кеңінен орын алған зорлық-зомбылық дәлел бола алады. Өкінішке қарай, мұндай әрекеттер былтыр Ақтөбе мен Алматыда да көрініс берді. Сарапшы мамандар экстремизмнің пайда болу себептері туралы әрқилы пікірлер айтады. Солардың бірі – халықтың саяси-құқықтық мәдениетінің және діни сауатының төмендігі. Еліміздегі дін саласының дамуы туралы ортақ түсінік қалыптастыру үшін біз «Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын» сарапшылардың үлкен тобымен бірлесе отырып әзірледік. Бұл тұжырымдама қоғамда дәстүрлі рухани құндылықтарды бекіте түсуді, зайырлы мемлекет қағидаларын ілгерілетуді, ұлттық бірегейлікті нығайтуды көздей отырып, діни экстремизмге қарсы қоғамның иммунитетін нығайтатын нақты шаралар ұсынады. Жуырда ол Үкімет деңгейінде мақұлданды. Осы тұжырымдама негізінде ҚР «Кейбір заңнамалық актілерге діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленуде. Заңнама жобасында діни білім алу тәртібін реттеу, жасөспірімдерді діни қызметке 3заңсыз тартуға жол бермеу, діни әдебиеттерді тарату тәртібін жетілдіру және тағы басқа да мәселелер бар. Заңнамалық өзгерістер еліміздің барлық азаматтарының мүддесін ескеріп қабылданады. Мәселен, Министрлікке кәмелетке толмаған жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тартуға тосқауыл қою мәселесін шешу туралы тұрғындардан ұсыныстар түсуде. Мұның екі жағы бар. Біріншісі –үйде діни сенімнің шектен тыс уағыздалуы. Біз ата-аналар өз балаларын өздерінің діни сеніміне сай тәрбиелеуіне қарсы емеспіз. Десек те, балаға діннің шамадан тыс уағыздалуы оның әлеуметтік ортадан шеттелуіне, жора-жол­дас­тарымен араласпауына алып келетінін және осыдан туындайтын болашақ салдарларды ата-ананың жете сезінуі керек деп ойлаймын.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Астана телеарнасына берген сұхбаты.

–Нұрлан Байұзақұлы, жақында президенттің қабылдауында болдыңыз. Сол кезде мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге тойтарыс беру үшін бірқатар заңға өзгеріс енгізуді тапсырды. Қандай құжатқа, қандай түзетулер енеді?

–Мемлекет басшысы дін саласында орын алып отырған мәселелерді шешудің пәрменді жолын табуды тапсырды. Заңнамалық өзгерістерге келер болсақ, ең алдымен мемлекеттің дін саласына көзқарасының жүйесін қалыптастыру керек деп есептейміз. Осыған байланысты ең алдымен министрлік сол мемлекеттік дін саласындағы саясаттың тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама көптеген сарапшылар мен дінтанушылардың ой-пікірлерін, ұсыныстарын ескеріп, кең талқылаудан өтті. Қазір тұжырымдама дайын, жақын арада үкіметтің талқылауынан өтіп, бекітілетін болады деп үміттенеміз.

–Елде дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуы бірқатар проблемаларды тудырғаны белгілі. Олардың қауіптілігі неде?

–Қазіргі таңда біз деструктивті ағым деп кез келген радикалды фанатизмге негізделген, Қазақстанға жат жат діни ағымдарды айтып отырмыз. Бірақ олардың ішінде қазіргі таңда ең өзекті – ол салафизм деген радикалды ағым. Деструктивті діни ағым, мысал үшін салафизм болсын, олар қателік діни түсініктерді біздің тарихи дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, біздің халқымыздың көп этносты, конфессиялық сипатынан жоғары қояды. Олар тек шариғатқа, баяғы ежелгі діни талаптарға негізделген мемлекеттің құрылысын дұрыс жүйе деп есептейді. Мұндай шетін идеялар сан ғасырлық тарихымызға, сан ғасырлық мәдениетімізге қайшы келетіні сөзсіз. Шетелдерден белгілі бір шейхтардан сигнал келсе, ол кез келген уақытта қолға қару алып, өз жерлестеріне, үкіметке, мемлекетке қарсы шыға алады. Сондықтан оларға сенім деген жоқ. Министрлік мемлекеттік құзырлы органдармен бірлесіп, заңсыз уағыз жүргізіп, заңыз әдебиет таратып, заңсыз діни жиындарға жол бермеу бағытында кешенді жұмыстар атқарылып келеді.

–Ақтөбедегі терактіден соң президент сойқан салған салафит ағымының өкілдері екенін айтты. Сіз де «бұл ағым біздің қоғам үшін жат, теріс, деструктивті» деп мәлімдедіңіз. Биліктің позициясы – тыйым салмай, тұсаулау. Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

–Екі бағытта жұмыс жүргізіліп келеді. Дін саласына қатысты дұрыс сипаттағы білім беру. Экстремистік идеологияны жақтырмайтын көзқарас қалыптастыру. Екінші бағыт – ол мақсатты реабилитациялау. Ол ең алдымен экстремизм үшін сотталған жазасын өтеуші мен олардың отбасы мүшелерімен жұмыс жүргізу. 2016 жылдың ішінде 70 адам бұрынғы қателік діни көзқарастан, діни райынан қайтты. 150 адам қателік діни сенімге күмәнданды.

–Басқа елде діни теологиялық білім алғысы келетіндер бар. Оған қатысты биліктің ұстанымы қандай?

–Шетелде жекелеген діни білім беру оқу орындарына кеткен, өз беттерімен кеткен жастардың радикалды діни ағымның ықпалына түсуі әбден мүмкін. Шетелдердегі түрлі діни білім беру иелері солар арқылы қоғамды басқаруды қалайды. Сондықтан біздің ұсынысымыз, жастар егер шетелге діни білім алуға барғылары келсе, олар алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағылармен ақылдасып, жолдама алып, шетелге барса болар еді. Егер өз беттерімен шетелге барып білім алса, ҚМДБ оларды жұмысқа қабылдамайды.

Ақпарат көзі: «Астана» телеарнасы

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер. 

 

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда

халыққа арналған жаднама

 

Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері

1) сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;

2) құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);

3) жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;

4) тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;

5) бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.  

 

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:  

1) Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;

2) Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;

3) Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.

 

 

 

Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға

 арналған жаднама

 

Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.    

Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері:

1) көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы;

2) бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;   

3) табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән).

 

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:

1) қоғамдық көлікте:

-  заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;

- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.

 

2) үйіңіздің кіре берісінде:

- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

 

3) көшеде, саябақта және т. б.:

- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);

- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

 

4) мекемелерде, ұйымдарда:

- тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

 

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға;

- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;

- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;

- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;

- табылған заңсыз затты пайдалануға;

- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

 

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде  жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

 

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану - бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

 

Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекітулі кеңістікте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз.  Оттегін сақтаңыз. 

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша  бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер  және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң  көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

 

 

Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша

тұрғындарға арналған жаднама

 

Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді. 

Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз: 

1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз; 

2) егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз; 

3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдары кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;  

4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз; 

5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда көмегі тиеді;

6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды  анықтауға тырысыңыз;

7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;

8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады; 

9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген. 

 

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1) агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;

2) мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;

3) бастапқыдан - ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;

4) пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін  дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз;

5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;

6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін  денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады.

 

Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:

1) уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;

2) ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;

3) жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына  сеніңіз. 

4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз;

5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

 

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Келесі ережелерді ұғып алған пайдалы:

1) аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;  

2) барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;

3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді   есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды  (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек.

4) егер мүмкіндік боласа, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.  

5) Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай,  сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық - бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі - өз ішіңізде жатыр.  

 

 

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі

 тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама

 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты  үйіңізде естісеңіз:

1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;

3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз; 

4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты  жұмыс орныңызда естісеңіз:

1)  асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке  немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;

2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;  

3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;

4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген бағытпен жүріңіз; 

5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.


 

 


Ауа райы