• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнер кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мақсатында Ақжайық ауданы активінің жиналысы өтті. Осында аудан әкімі Әділ Жоламанов жаңа экономикалық революцияға бет бұруды үндеген бұл тарихи құжат қасай, тыңидеяларға, нақты істерге атсалысу нағыз парыз, борыш екенін түйін деп айты.

Жолдауда айтылған он негізгі міндетке орайтыныс-тірлігімізгеолжа салу жайында жан-жақты баяндалды. Мысалы, денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда алдағы уақытта халық тілегіне сай өзгерістер күтілуде. Мерген, Қарауылтөбе, Есенсай, Қабыршақты дәрігерлік амбулаториялары мен Есім, Баянтөбе, Коловертное, Қызылжар медициналық пункттерін жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаты дайындалып, сараптамаға жіберілді. Кадр мәселесін шешу жолында медициналық жоғарғы оқу орнында оқып жатқан студенттер мен байыпты әңгіме жүргізілуде.

Ауданда осы күнгедейін 9 мектепте ғана кеңжолақты интернет болса, енді барлық мектепті жылдамдығы 4 м/бит интернет желісімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Оғанқоса интернет жылдамдығы төмен білім ұяларын «Білім-лэнд» бағдарламасы арқылы қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр және қаражат та жеткілікті. Бұл туралы жиналыста аудандық білім бөлімінің басшысы Бақыт Абдолова айтты. Бүгінде 198 сыныпта 2474 оқушы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білімалуда. Бөлім басшысы осы тұрғыда Жолдауда айқындалған тапсырмалар бойынша жұмыстану дыбастағандарын жеткізді.

Жеке кәсіпкер Ләззат Сейткереева (Ақсуат), аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапханашы Ануар Қайыржанов, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Дәулетжан Жақсыбаев Жолдауға байланысты пайым-пікірлерімен бөлісті.

Аудан  әкімі Әділ Жоламанов жеке кәсіпкерлер Ләззат Сейткереева, ДәргүлСүлейменова, Құрманғазы Жақсыбаев, Ақылбек Сағитовқа «Парыз» республикалық конурсына қатысқандар үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың дипломын табыстады.

Актив жиналысына Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев қатысты.

Бекболат ҚАЛЕНОВ.

Ақжайық ауданы.

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН.


 


Ауа райы