• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Әділет басқармасы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы С.Бақманов «мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесін» ресми түрде ашып, сөз сөйледі.

Жәрмеңкенің мақсаты тұрғындарға электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметті кеңінен пайдалануды түсіндіру. Аталған жәрмеңкеге Әділет басқармасы және Халыққа қызмет көрсету орталығы басшылары, мемлекеттік қызмет көрсететін ауданымыздағы тоғыз бөлімнің бас мамандары қатынасып халыққа қызмет көрсетті. Шара барысында мемлекеттік қызмет алушылар мен қызмет көрсетуші тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатындағы видеоролик көрсетілді. Аталған іс-шарада 45 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді және мемлекеттік қызмет көрсетілуі туралы жадынамалар таратылды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы