• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

рисунок

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Г.Құлмұқанованың төралығымен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты  мамандар және ауыл тұрғындары қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел  отырысы өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысы барысында «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Э.Қанатқызы хабарлама жасады.

Баланың дүниеге келуі – әрбір адамның өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам. Бала тууға қалай дайындалған дұрыс, бұл жерде бала тууды тіркеуге өтінішті қалай беруге болады? Бала туу және оның күтімі бойынша әйел қандай төлемақы алады? Декрет демалысын қалай ресімдеуге және жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төлемақы көлемін қалай есептеуге болады? Қандай қызметтерді онлайн алып, өз уақытыңызды үнемдеуге болады – бұл туралы «электрондық үкімет» порталында білуге болады.

Әйелді ауруханадан шығарған кезде оған баланың туу туралы медициналық куәлігі беріледі. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы ҚР Кодексінің 187 бабына сәйкес бала тууды тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік немесе туу туралы фактін дәлелдейтін сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады. Баланы туу туралы медициналық куәлікте баланың анасы туралы барлық қажетті деректер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), сондай-ақ баланың туылған күні мен жынысы, құжатты беру күні көрсетіледі. Куәлікке лауазымды тұлға қол қоюы және медицаиналық ұйымның мөрімен куәландыруы тиіс.

Баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.

Бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті береді.

Үш жұмыс күні өткен соң берілген өтініш бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.»;

«Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оның туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс»;

Бала тууды тіркеу үшін өтінішті тура тіркеу органы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  арқылы сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталында онлайн тіркеуге болады. АХАЖ бен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ды баланың тууы бойынша немесе ата-аналарының туратын жері бойынша таңдауға болады. Баланы мемлекеттік тіркеу мерзімі – екі жұмыс күні.

Сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталында баланың тууын тіркеудің екі тәсілі бар. Бірінші – ата-аналар баланың тууын онлайн режимінде тіркейді, бұдан кейін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға электрондық өтініш береді. Онлайн өтініш берудің екінші нұсқасы баланың тууына байланысты қызметтердің кешенін композиттік қызмет ретінде алуды пайымдайды. Бір қызмет арқылы баланың тууын тіркеуге өтініш, бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға өтініш беруге, сондай-ақ баланы балабақшаға кезекке қоюға (бұл жерде аталған қызметтер жеке де көрсетілуі мүмкін екенін атап өту қажет).

рисунок

Ақжайық ауданының мәдениет,

тілдерді дамыту, дене шынықтыру

 және спорт бөлімінің

 бас маманы Э.Қанатқызы


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы