• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Ақжайық ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа жер учаскесін жалға беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурс 2018 жылы «15»  тамыз  сағат 16.00-де Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Чапаев ауылы, Қонаев көшесі №70 мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізімі

Лот№ Жер учаскесінің орналасқан жері Жалпы ауданы, га  Соның ішінде: Топырақтың сапалық сипаттамасы Бонитет балы
жайылым шабындық басқа жерлер
1 Алмалы а/о 210 га       Қоңыр 12
2 Есенсай а/о 620 га 606 га   14 га Қызыл қоңыр 10
3 Есенсай а/о 950 га 946 га   4 га Қызыл қоңыр 10
4 Құрайлысай а/о 665 га       Қоңыр 16
5 Мерген а/о 100 га 45 га 54 га 1 га Қызыл қоңыр 12
6 Мерген а/о 200 га 176 га 24 га   Қызыл қоңыр 12
7 Чапаев а/о 300 га       Қызыл қоңыр 15
  Барлығы 5408 га          

   

Шарттар мен талаптар – жер телімдерін тиімді және ұтымды пайдалану.

Қосымша ақпаратты және анықтамаларды мына мекен-жай бойынша алуға болады:. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Чапаев ауылы, Қонаев көшесі №68 үй,. телефон - (8-71136) 91301, (8-71136) 91318 (сағат 9.00 ден 18.30- ға дейін)

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабының талаптарына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

. Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы