• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

рисунок

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік тобының мүшелері Ақжайық тарихи-өлкетану музейінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында «Парасыз болашақ» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға мобильдік тобының мүшелерімен қатар Жасыл ел» жастары және музей қызметкерлері де қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мобильдік топ мүшелері қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудың маңыздылығын түсіндірді.

Сондай-ақ, аталмыш шарада бірқатар мәселелер талқыға салынып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оны болдырмау, алдын алу жайында пікірлер айтылды. Өткізілген іс-шара аясында, әр мемлекеттік қызметкер мемлекеттік органның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындап қана қоймай, сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын-алуы керектігі аталып, бейнеролик көрсетілді.

Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күрес жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті әрі борышы.Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстап сыбайлас жемқорлықпен күресте ат салысуы қажет.

рисунок

рисунок


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы