• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

рисунок

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге 1993 жылдың 15 қарашасында дүниеге келді. Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алды. Теңгенің авторлары — дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Меңдібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелханов. Алғашқы теңгенi «Harrison&Sons» компаниясы Англияда басып шығарды. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4, 75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге (КСРО) ауыстырылды.

Ұлттық валюта теңгенің айналымға енгізілген күнінен бастап, Қазақстан тарихында жаңа кезең басталды. Осы жылдар ішінде теңге өзінің қабілеттілігі мен тұрақтылығын дәлелдей отырып, түрлі сынақтарды және қиыншылықтарды басынан өткерді.

Егеменді Қазақстан үшін бұл күннің маңызы зор, өйткені, ұлттық валюта Конституциямен, Туы және Елтаңбасымен қатар кез келген мемлекеттің тәуелсіздігінің маңызды атрибуты болып қана қоймай, мемлекеттің тарихын, мәдениетін, тұрмысын және дәстүрін нақтылайтын «визиттік карточка» болып табылады.

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның барлық жетістіктері – еліміздің қалыптасуының алғашқы күнінен бастап барлық жағдайда, оның ішінде өз валютасын шығаруда тәуелсіз болуға бағытталған таңдаулы саясаттың нәтижесі.

Құрметті әріптестер ! Барлықтарыңызды қаржыгерлердің төл мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңе саулық, отбасыларың аман болсын дей тұрып, еліміздің,- соның ішінде ауданымыздың экономикасының дамуына өз үлестеріңізді қосады деп сенемін.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы