• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

рисунок

Апта басында Ақжайық ауданының Тайпақ, бейсенбі күні Чапаев ауылында «Ашық әкімдік» күні өтті. Аудандық бөлім, мекеме, кәсіпорындар жетекшілеріне ауыл тұрғындары жолықты. Олар кәсіпкерлік үшін жер, елді мекендердің санитарлық тазалығы, медициналық қызметке қатысты сұрақтарымен келіп, жауап алды. 

Тайпақта аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовтың қабылдауына келгендер жұмысқа орналасу, бизнес үшін қосымша жер учаскесін алу, т.б. мәселелерді қаузады. 

Аудан басшысы ауылдағы бірсыпыра әлеуметтік нысандарда болды, Томпақ ауылы тұрғындарымен жүздесті. Олардың тарапынан көше жолдарын жайластыру, ауылды көріктендіруге қатысты сұрақтар көтеріліп, жауап берілді. 

Чапаевтағы «Ашық әкімдікте» бөлім, ұйымдар жетекшілеріне мысалы, Қонаев көшесі бойында 5 қабатты үй тұрғындарынан судың жоғары қабаттарға көтерілмейтіні, кейбір тұрғындар су ақысын төлемейтіні, жауаптылар бұл іспен тыңғылықты айналыса алмай отырғаны, маңайда қаңғыбас иттердің көптігі алаңдататыны айтылды. 

Ішкі істер бөлімі өкілдеріне көрші-көлемнің бір-бірінің аумағына күл-қоқыс төгуі жайында шағым айтып келгендер болды. 

Аудан әкімінің қабылдауына келген тұрғындардан жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі, көшелердің санитарлық жағдайына қатысты сұрақтар болып, тиісті жауаптар қайтарылды. Кейбір жерде көше жарығының жоқтығы, көпқабатты үйлер маңына жүргізушілер көліктерін тақап қоюы айналаны бүлдіретіні айтылды. 

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок


«Жайық таңы»


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы