• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына 4-қосымшасымен «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.

Осы стандартқа сәйкес қызмет алушы келесі құжаттарды тапсырады.

1) өтініш (еркін нысанда);

2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;

3) мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы. 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күн. Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда).

Үйде жеке тегiн оқыту мүмкiншiлiктерi шектеулi балаларды, оның iшiнде бала кезiнен мүгедектердi және мүгедек-балаларды жалпы орта бiлiм немесе арнайы бiлiм беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкiншiлiгi жоқ жағдайда iске асырылады.Үйде тәрбиелеу мен оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балаларды анықтау жөнiндегi медициналық көрсеткiштер тiзбесiне сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының (ПМПК) тұжырымдамасы негiзiнде балалар белгiленедi.Үйде жеке оқыту жалпы бiлiм беру және арнайы бiлiм беру ұйымдарының, оның iшiнде оңалту орталықтарының, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерiнiң, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерiнiң мамандарымен әр жылдың мамыр айларында көшпелі кеңес өткізіп отырады.

Ауданымыз бойынша 2017-2018 оқу жылы 302 мүмкіндігі шектеулі бала бар, оның ішінде 158 бала (52,3%) инклюзивті біліммен қамтылып отыр.

Үйден жеке дара 22 оқушы  (Сарытоғай орта мектебінде -2 оқушы, Алғабас орта мектебінде -3 оқушы, Талап орта мектебінде -1 оқушы, Тайпақ орта мектебінде -3 оқушы,  Жаңабұлақ орта мектебінде -1 оқушы, №1 орта мектебінде -4 оқушы, М.Әуезов ат.орта мектебінде -1 оқушы, Бітік орта мектебінде -1 оқушы, Мерген орта мектебінде -1 оқушы, Алмалы орта мектебінде -2 оқушы,) оқиды.

Оның ішінде 8 оқушыбағдарламалық-техникалық құралдармен қамтылып отыр.

Қазіргі танда барлық орта және 9 негізгі мектеп  даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қолайлығы үшін пандус орнатып, аудан бойынша «кедергісіз аймақпен» қамтылып отырған мектептердің көрсеткішін 83 пайызда ұстап отыр.  Кейбір мектептер портативті пандустар жасақтап қолданады.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды дер кезінде анықтап, балаларға түзеу қолдауын, педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуде және ата-аналрға көмек көрсетуде 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жұмыс жасайды.

Аудандық білім бөлімі


 


Ауа райы