• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында әйгілі әншілер, композиторлар Донеділ Қажымов пен Гүлнәр Дәукенованың тұрғындармен емен-жарқын кездесуі, ән кеші өтті.

Ақын Мәлік Берді Әлі жүргізген көрікті шара барысында екеуі де еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, «Құрмет» орденінің иегерлері болып табылатын олар өнер жолдарынан, Ақ Жайықтың ауылдарына концерттік сапарларынан естеліктер айтып, ел-жұрт сүйер тыңдайтын әндерін әуелетті. Бұл сахна саңлақтарының туындыларын жергілікті әншілер Венера, Әнуар Нұрғалиевтар, Дәурен Ғилманов, Есенгелді Тапаловтар шырқап, кештің көркін асыра түсті. Тағы бір тамаша сәт – осы кеште тұсауы кесіліп, алғаш сахнаға шыққан Тайпақ балалар музыка мектебінің жанынан құралған фольклорлық ансамбльге «Донеділ» есімі берілді.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев пен Тайпақ ауылдық округі әкімі Болат Шаленов меймандарға ізгі тілегін білдіріп, аудан әкімі Әділ Жоламановтың алғысхатын, естелік сыйлықтар табыстады.

Бекем БЕКҰЛЫ.


 

 


Ауа райы