• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

2018 жылдың 28 ақпанында Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы дөңгелек үстел өткізілді. Бөлімнің бас маманы А.Замеров дөңгелек үстелге қатысушыларға бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы қысқаша баяндама жасады. Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын айтты.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес ағымдағы жылдың 23 ақпанында ауданымыздағы Базартөбе ауылдық округ әкімін сайлау өтеді. Осыған орай бүгін аудан орталығында аталмыш округ әкімі лауазымына үміткерлер аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Үміткерлер өздерін таныстырып, сайлауалды бағдарламаларын баяндады, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнер кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мақсатында Ақжайық ауданы активінің жиналысы өтті. Осында аудан әкімі Әділ Жоламанов жаңа экономикалық революцияға бет бұруды үндеген бұл тарихи құжат қасай, тыңидеяларға, нақты істерге атсалысу нағыз парыз, борыш екенін түйін деп айты.

2018 жылдың І жартыжылдығына арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақжайық аудандық бөлімінде Ақжайық аграрлық техникалық колледжінің студенттері және Чапаев ауылының 10-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда.

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта Мәуліт мерекесі аталып өтті. Аудандық мешіт пен «Таным» деструктивті діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға аудан бойынша ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, округтер бойынша түсіндіру тобының жетекшілері, жастар ісі жөніндегі кеңесші мамандар қатысты.

Ақжайық ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі сенбілігіне байланысты жергілікті полиция, №24 өртпен күрес өкілдерімен бірге аудан орталығындағы тұрғын үйлерде аулаарлық шолулар ұйымдастырылды.

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта ардагерлер командалары арасында осы ауданының Құрметті азаматы Әлібек Сәтбаевты еске алуға арналып волейболдан ашық турнир өтті. 

Ақжайық ауданы орталығының тұрғындары Аслан Төлеуов пен Баян Хамзинаның отбасындағы тағы бір перзент қосылды. Ол - Қасиет Серік Асланұлы, 10 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келді. Отбасы өздерінің бұл ұлына туу туралы куәлікті Ақжайық ауданы бойынша тұңғыш болып проактивті тәсілмен алды. 


 


Ауа райы