• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Осындай атпен Ақжайық аудандық «Жайық таңы» газетінің 85 жылдығына арналып, облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Ақжайық аграралық техникалық колледжінде студенттердің танымал жас ақындар жәнібектік Мұрадым Мирланов, сырымдық Бауыржан Ширмединұлы, жаңақалалық Орынбек Меңдіқұлов, теректілік Дәурен Шамұратов және ақжайықтық Бекболат Қаленовпен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевта Абай атындағы мектеп-гимназия жанындағы интернатта тәрбиеленушілер мен көршілес Мерген ауылындағы орта мектептегі интернаттағы олардың құрбы-құрдастары арасында спорт түрлерінен жолдастық кездесулер ұйымдастырылды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Ақжайық ауданның орталығы - Чапаев жұртына жер жаннаты - Шығыс Қазақстан облысындағы Абай ауданының түлегі әнші, композитор, Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының профессоры Кентау Назарбек «Қазақ елім - байтағым!» атты шығармашылық кешін сыйлады.

Ағымдағы жылдың 20 қазан күні аудан орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің ІІ форумы өтті. Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жақсыбаев Дəулетжан Абдрахманұлы ашқан форумға бөлім басшылары, ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, аудандық кеңес мүшелері, кəсіби емес медиаторлар, ардагерлер, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты.

Өткен аптада кітапханашылар күні атап өтілді. Дәстүрлі осы мерекемен жер-жерден аудан орталығына жиналған рухани байлық сақшыларын аудан әкімі Әділ Жоламанов онлайн режімінде байланысқа шығып, құттықтады.

Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевта «Мен анамын, ұрпағын әлдилеген!» атты әжелер байқауы ұйымдастырылды. Шараға барлық ауылдық округтен келген 19 әже қатысты. Бұл ел тәуелсіздігінің ширекғасырлық белесіндегі ең бір айтулы кешке айналды.

80-нің сеңгіріне шыққан мерейтойы еліміздің жер-жерінде аталып өтіп жатқан әйгілі композитор, музыкатанушы, қаламгер, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы Илья Жақанов өткен сәрсенбіде Чапаев ауылының қадірлі мейманы болды.

Ақжайық ауданында малдың сібір жарасы көмінділерін қауіпсіздендіру, топографиялық карталарын құру жөнінде ауқымды қам-қарекет атқарылып келеді. Аудан аумағында сондай 20 көмінді анықталған болса, соның 11-іне жер актісі жасақталды, басқасына осындай құжат қамдалуда. Бүгінде 13 көміндіні қауіпсіздендіру, яғни тиісті қоршау, бітеу жүргізуге конкурс жарияланды.

Бай ғұмырнама иесі Рафхат Ғалимуллин өткен жексенбіде өзінің 95 жасын қарсылады. Сонау заманның небір ызғарын бастан өткерген, фашизм агрессиясына тойтарыс берген Ұлы Жеңіс сарбаздарының бірі, бүгінде Орал қаласында тұратын қарияны аудан әкімі Әділ Жоламанов арнайы барып құттықтады.


 

 


Ауа райы