• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне көшу бағдарламасын іске асыру және латын графикасының ел дамуына пайдасы жөнінде халыққа түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 3-4 қазан аралығында «Латын әліпбиі – еркін таңдау» акциясы аясында барлық ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі кеңесші мамандар тұрғындарға флаерлер таратты.

Бүгін Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевқа «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасы бойынша кешенді түсіндіру жұмысы тобының өкілдері келді. Тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен жүздесу алдында оларды аудан әкімі Әділ Жоламанов қабылдап, әңгімелесті. Аудан басшысы бұл топтың уақыт талабы үндеген сан қырлы ісіне сәттілік тіледі.

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы «Ақжайық» балалар саяхат кешенінде Бүкіләлемдік туризм күніне орай ауылдық округтерден, мектептерден, мекемелерден 25 команданың қатысуымен аудандық VІ туриада ұйымдастырылды. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында басты бағыттың бірі латын әліпбиіне көшу болатын.Осыған орай Көнеккеткен ауылдық округі О.Исаев атындағы ОЖББМ-де 9-11-сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында «Латын әліпбиі- ел ертеңі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында МДОІЖО Буланаев Е.М.бүгінгі кездесудің мақсатына тоқталып,өту барысын түсіндірді. Қазіргі таңда қоғамдық талқылаудың басты өзегіне айналып отырған «Латын әліпбиі»мәселесі қозғалды.

26-қыркүйек күні аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Ақбота балабақшасында» «Тəуелсіздік тұғыры – мемлекеттік тіл» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік барысында қазақ елінің азаматы ретінде туған тілін қадірлеу – қастерлеу мақсатында бүлдіршіндер əн айтып, үш тілде тіл, Отан туралы тақпақ, мақал-мəтелдер айтты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын талқылау барысында аудандық ардагерлер ұйымы ардагерлермен жастарға арналған латын әліпбиіне үйрететін үйірме жобасын ұсынған болатын. Сол жобаны іске асыру мақсатында бүгін үйірменің «Рухани жаңғыру – жаңа әліпбиден басталады» атты алғашқы сауат ашу сабағы оздырылды.

Ақжайық ауданының тыныс-тіршілігін бейнеклиптерден тамашалағыңыз келсе, ютуб бейне хостингіндегі AQJAIYQ AUDANY каналына төмендегі сілтеме арқылы тіркеле аласыздар.

https://www.youtube.com/channel/UCpQtduK4mYaKYfK7ziI5ZjQ?view_as=subscriber

Қазақта «Ұрлық – түбі қорлық» деген сөз бар. Ұрлық – заманның қиын-қыстау кезеңінен кейін қаншалықты азайды дегенмен, ара-тұра бой көтеріп тұратыны ешкімге жасырын емес. Соның ішінде мал ұрлығының саны артуда. Жылдар бойы бағып-қағып, баптаған малдарынан бір күнде, керек десеңіз бір-ақ сағатта айырылып қалу ауыл тұрғындарына оңай бомасы анық. Бұл күнде оңай олжа табамын деп ұрлыққа барғандар қанша жерден іздерін суытып, жасырынғанмен, түбі Заң алдында, тіпті болмаса ар алдында жауап беретіндерін естен шығармағандары абзал.

Мемлекеттік қызмет көрсету - көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы,  2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі туралы


 

 


Ауа райы