• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Ақжайық аудандық бөлімдерінің мамандары 2017 жылғы мамыр айынан бастап халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментіне аптаның бір күні келіп, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде әдістемелік көмек көрсетуде.  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сай, халыққа әлеуметтік көмектің, жұмыспен қамтудың бірқатар басымдықтары жүзеге асырылуда. Мұны ауданымыз тынысынан да байқауға сөзсіз болады. Атап айтқанда, көпбалалы, кедейлік шегінен төмен және мүгедек жандар мемлекет тарапынан көптеген қолдауға ие.

2017 жылдың тамыз айының 4-ші жұлдызында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында «Ашық есік» күні төмендегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге өткізілді:

Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 9 тамызында ауданымыздағы Ақсуат, Бударин, Есенсай, Жамбыл, Құрайлысай, Сарытоғай, Тайпақ ауылдық округтері әкімдерін сайлау өтеді.

2017 жылдың 2 тамызда сағат 15:00 – 18:00 аралығында (Астана уақытымен) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша интернет-конференциясы өтеді.

Ағымдағы жылдың 28 шілде күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі (АХАЖ) азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді.

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі

Ақжайық ауданында осы жылдың жарасты жаңалығының бірі - Есенсай ауылында көптен күткен іс - орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізілуде. «БатысСтройСервис» ЖШС учаскесінің басшысы Тілеужан Ізмұхановтың басқаруымен барлығы 50-ге тарта, соның ішінде 18 ауыл тұрғыны еселі еңбек етуде. Жұмысшы-қызметкерлерге ас-су мәселесі мектеп асханасынан толық шешілген. Сайдың тасындай жас жігіттер күннің ыстығына қарамай, құлшынып жұмыс істеуде. Көптен күткен іске қуанған ауыл тұрғындары қасиетті жұма күндері, демалыс күндері де бауырсақ, көже, айрандарын апарып, құрылысшыларды риза етуде.

Аудан орталығында Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанат өтті. Елдің жүгін арқалаған жандар қатарына алғаш қабылданған тұлғаларға ант қабылдау рәсімін өткізу көзделгені мәлім. Бұл шарада осындай лауазымға соңғы кезде тағайындалған Мерген ауылдық округінің әкімі Мәмбетқали Сағаденов, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Серік Төреханов, Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Самал Қалелова ант қабылдады.

Осында аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтау сөз сөйледі.

- Сіздер Ұлт Көшбасшысының салиқалы саясатына қолдау танытып, дамыған озық 30 елдің қатарына қосылу көзделген «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға зор үлес қосып келесіздер. Отан алдындағы қалтқысыз қызметтеріңіз, сағатпен санаспай атқарған жұмыстарыңыз елімізді биіктерге жеткізер саты болып табылады. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қолтаңбаларыңыз үшін зор алғысымды арнаймын,-деді ол.


 

 


Ауа райы