• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

2017 жылдың 2 тамызда сағат 15:00 – 18:00 аралығында (Астана уақытымен) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша интернет-конференциясы өтеді.

Ағымдағы жылдың 28 шілде күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі (АХАЖ) азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді.

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі

Ақжайық ауданында осы жылдың жарасты жаңалығының бірі - Есенсай ауылында көптен күткен іс - орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізілуде. «БатысСтройСервис» ЖШС учаскесінің басшысы Тілеужан Ізмұхановтың басқаруымен барлығы 50-ге тарта, соның ішінде 18 ауыл тұрғыны еселі еңбек етуде. Жұмысшы-қызметкерлерге ас-су мәселесі мектеп асханасынан толық шешілген. Сайдың тасындай жас жігіттер күннің ыстығына қарамай, құлшынып жұмыс істеуде. Көптен күткен іске қуанған ауыл тұрғындары қасиетті жұма күндері, демалыс күндері де бауырсақ, көже, айрандарын апарып, құрылысшыларды риза етуде.

Аудан орталығында Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанат өтті. Елдің жүгін арқалаған жандар қатарына алғаш қабылданған тұлғаларға ант қабылдау рәсімін өткізу көзделгені мәлім. Бұл шарада осындай лауазымға соңғы кезде тағайындалған Мерген ауылдық округінің әкімі Мәмбетқали Сағаденов, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Серік Төреханов, Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Самал Қалелова ант қабылдады.

Осында аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтау сөз сөйледі.

- Сіздер Ұлт Көшбасшысының салиқалы саясатына қолдау танытып, дамыған озық 30 елдің қатарына қосылу көзделген «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға зор үлес қосып келесіздер. Отан алдындағы қалтқысыз қызметтеріңіз, сағатпен санаспай атқарған жұмыстарыңыз елімізді биіктерге жеткізер саты болып табылады. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қолтаңбаларыңыз үшін зор алғысымды арнаймын,-деді ол.

Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлері күніне орай Ақжайық ауданының орынбасары Тілек Ғабдушев аудандық «Жайық таңы» газетінің ұжымын, басылымның белсенді авторларын, бірсыпыра мекеме өкілдерін қабылдады.

Бүгінде Базаршолан ауылдық  округінде  2830 бас ірі қара мал, 1556 бас жылқы, 9 түйе, және 11762 бас қой-ешкі бар, осы мал шаруашылығы ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзінің бірі. Сондықтан, мал ұрлығы қылмысының алдын-алу және оның  деңгейін төмендету үшін жергілікті атқару органдары, қоғамдық ұйымдар және елге жанашыр белсенділер бірігіп жасайтын іс-шаралар арқылы ғана жоюға болады. Мал ұрлығының жиі кездесуінің негізгі себебі: мал иелерінің жайылымдарға малдарын қараусыз жіберуі және қораларының тиісті деңгейде жабдықталмауы болып отыр. Әрине бір сиырдың артынан егесі күні-түні жүре алмайды. Дегенмен, Елбасының тапсырмасы бойынша Ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі мал ұрлығына қарсы тұрудың бір ден бір амалы.  Осыған дәлел Есім елді мекенінде ЕсімЖол АӨК кұрылып малдары толығымен бағылуда. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі талаптары бойынша азаматтар өз мүлкіне, оның ішінде малдарына ие болып, оларды өздері қарауылдауға міндетті.

Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мемлекеттік қызметкерлер күніне орай Чапаевта жас қызметкерлердің басын қосты. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде өткен кездесуге аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысып, олармен емен-жарқын әңгіме өрбітті.

Кеше Ақжайық ауданы орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші және Кәсіподақтар күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылып, мереке барысында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлер Мерген ауылдық округінің әкімі Сағаденов Мамбетқали Әсетұлы, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы (есепші) Төреханов Серік Сәндібайұлы және Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (есепші) Калелова Самал Самиғоллақызы ант қабылдап, 30 мемлекеттік қызметші әртүрлі деңгейдегі алғыс хаттармен марапатталды.


 

 


Ауа райы