• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Ақжайық ауданында жұмыс сапарымен болған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов аталған форум мен фестиваль алдында аудан әкімі Әділ Жоламановпен бірге Бударин ауылында Мәдениет үйінде әжелер ансамблімен жүздесті, бұл өнер ұжымының ауыл-елдің рухани дәулетіне қосып отырған үлесі, келер күндегі жоспарлары жайында жан-жақты білді.

Апта сейсенбісінде Чапаевта «Жастар қуаты –дәуірдің қуаты» атты облыс жастарының форумы өтті. Оның пленарлық мәжілісіне ауданға жұмыс сапарымен келген Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов қатысты.

Форум шараларында БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Мержан Әбілқас, аудандардан жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшылары, жастар қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары, Ақжайық ауданынан бөлім, мекемелер, жастар жетекшілері, ауылдық округ әкімдері, еңбек ардагерлері болды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың 2017-2018 жылдарға арналған жол картасын орындау мақсатындағы төрт кіші бағдарлама «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» бойынша форумның секциялық отырыстары ұйымдастырылды. Аталған осы бағдарламалар бойынша облыс атыраптарында бүгінге дейін қолға алынған жұмыстар және міндеттер сөз болды.

Ақжайық ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға берілетін жер телімдерін ұсыну бойынша, 2018 жылдың 30 қаңтарда сағат 16.00-де Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70 мекен-жайында конкурс өткізеді

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсан күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы -  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақжайық аудандық бөлімінде «Пилоттық жобалар» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі туралы семинар кеңес отырысы өткізілді.

2017 жылғы 21 желтоқсанда аудан орталығында қоғамдық кеңес төрағасы Қоспаев Бақытжан Қасенұлының жүргізуімен «Аймақтық квазимемлекеттік құрылымдардың жұмысындағы есептілік пен ашықтық: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жоюдың шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары мен қызметкерлерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Ақжол ауылдық округінің орталығы Ілбішін ауылындағы Мәдениет үйінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші-термеші Қатимолла Бердіғалиевтың концерті өтті. Жылдың басында күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйінде көптеген іс-шара ұйымдастырылып, елімізге танымал бірнеше эстрада шеберлерінің концерттері өткен болатын.

Өткен көктемде Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Шапағат» қайырымдылық дүкені ашылып, жұмыс істей бастаған еді. Оған ескі болса да тұтынуға жарайтын, иә болмаса, үйлерде жап-жаңа күйінде болса да киілмей, тіпті «ұмытылып» қалған киім-кешектер бірден-ақ көптеп түсіп, алушыларға ұсынылып келеді.

Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында әйгілі әншілер, композиторлар Донеділ Қажымов пен Гүлнәр Дәукенованың тұрғындармен емен-жарқын кездесуі, ән кеші өтті.


 


Ауа райы