• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Ақжайық ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға берілетін жер телімдерін ұсыну бойынша, 2018 жылдың 30 қаңтарда сағат 16.00-де Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70 мекен-жайында конкурс өткізеді

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсан күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы -  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақжайық аудандық бөлімінде «Пилоттық жобалар» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі туралы семинар кеңес отырысы өткізілді.

2017 жылғы 21 желтоқсанда аудан орталығында қоғамдық кеңес төрағасы Қоспаев Бақытжан Қасенұлының жүргізуімен «Аймақтық квазимемлекеттік құрылымдардың жұмысындағы есептілік пен ашықтық: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жоюдың шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары мен қызметкерлерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Ақжол ауылдық округінің орталығы Ілбішін ауылындағы Мәдениет үйінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші-термеші Қатимолла Бердіғалиевтың концерті өтті. Жылдың басында күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйінде көптеген іс-шара ұйымдастырылып, елімізге танымал бірнеше эстрада шеберлерінің концерттері өткен болатын.

Өткен көктемде Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Шапағат» қайырымдылық дүкені ашылып, жұмыс істей бастаған еді. Оған ескі болса да тұтынуға жарайтын, иә болмаса, үйлерде жап-жаңа күйінде болса да киілмей, тіпті «ұмытылып» қалған киім-кешектер бірден-ақ көптеп түсіп, алушыларға ұсынылып келеді.

Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында әйгілі әншілер, композиторлар Донеділ Қажымов пен Гүлнәр Дәукенованың тұрғындармен емен-жарқын кездесуі, ән кеші өтті.

Ағымдағы жылдың 10 қараша күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Онда бөлімнің бас маманы А.Бегманова тұрғын үй көмегінің орындалу барысы жөнінде түсініктеме берді. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» электрондық түрде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына 4-қосымшасымен «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.


 


Ауа райы