• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Ақжайық ауданында, Тайпақ орманшылығының жерінде Базаршолан ауылының тұрғыны Т. өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған. Яғни, от жағып, артынан оны өшірмеген. Сондықтан ол ӘҚБтК 367-бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 11345 теңге айыппұл төлеуіне тура келді.

Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевта  спорт алаңы пайдалануға берілді. Оның ашылу рәсіміне қатысқан аудан əкімі Əділ Жоламанов тұрғындардың бір үлкен осы өтініші орындалуымен жиналғандарды құттықтады.

Орал қ., Есқалиев к-сі, 177 ғимаратта орналасқан ШҚ «Сатбор» ЖШС-і «Сатимола кенорнында калий және бор аралас тұздарды өндірістік өңдеу жобасының» қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасы (нақтылау) бойынша қоғамдық тыңдау 2017 жылғы 21 маусымда сағат 11:00-де Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылының Мәдениет үйінде өтетінін хабарлайды.

Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевта «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы өзгерістерді түсіндіру жөніндегі өңірлік, аудандық штаб өкілдері, ауылдар, мекемелер басшылары, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары жетекшілерінің қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы  мәжіліс өтті.

Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округіндегі Талап орта мектебінің бір топ оқушысы жетекшілері Айша Орынбасарқызы мен Дамира Бейбітқызының бастауымен көршілес Жымпиты ауданына сапарлады.

Ақжайық аудан орталығының басты алаңында мектеп бітірушілерге арналған «Жарқын жол саған, жас түлек!» атты мереке өтті.

Балалық шақтың артта қалғанын сезінген бозбала, бойжеткендердің жүзінен толғаныс пен қимастықты аңғару қиын емес. Иә, бұл олар үшін үлкен өмірге дербес қадам басар сағаттың соққанын әйгілейді. Алда әрине, талай бел белестер жатыр... Арманның, үміттің, сенімнің, ұмтылыстың жолы бұл.

Парламент Сенаты депутаттығына  кандидат, Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев өңіріміз аудандарында таңдаушыларымен  кездесуде. Кеше Н.Т.Төреғалиев Чапаевта болды. Оның сенімді өкілі Бақтығали Қоспаев ашқан кездесуде ол таңдаушыларға - аудандық мәслихат депутаттарына  өзінің сайлауалды бағдарламасы жайында кеңінен әңгімелеп берді.

Ағымдағы жылдың 13 маусым күні аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бақмановтың төралығымен ветеринария саласының басшылары, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты  мамандар және ауылдық округтердегі телім меңгерушілерінің  қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел  отырысы өткізілді.

Бүгінгі таңда Ақжайық ауданы бойынша 4546 ардагер болса, оның ішінде төртеуі Ұлы Отан соғысының ардагері, 25-і Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтардың жалғызілікті жарлары, 511-і тыл еңбеккерлері, 90 жастан асқан 47, 100 асқан бір қария арамызда аман-есен отыр. Қазақстан ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай аудан орталығы - Чапаевта ардагерлер кеңестерінің өкілдерімен, қоғамдық ұйымдар жетекшілерімен өткен жиылыста олардың хал-жағдайы, ортақ істерге үлесі, жас толқын тәрбиесіне қолтаңбасы жайында кеңінен әңгіме болды.

Осы аптада аудан әкімдігінің ұйымдастыру жұмыстары  және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы С.Сарбупеев мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын аудандық бөлімдерде болып, аталмыш бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бас мамандарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша айлық және тоқсандық есептерді тапсыруға қатысты түсінік жұмыстарын жүргізді.


 

 


Ауа райы