• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

рисунок

Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «Мемлекеттік қызмет көрсету саласы мамандарының біліктілігін арттыру, мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету» семинарын өткізді.

 «Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторы спутниктік теледидар желісінде шетелдік телеарналарды сапалы түрде қоса отырып «OTAU +» жаңа топтамасын іске қосты. Енді 66 тегін отандық теле- және радио арналардан басқа, көрермендер 14 шетелдік түрлі жанрдағы телеарналарға қол жеткізе алады. Топтаманың құны айына 500 теңгені құрайды.

21 05 18 news 4

2018 жылдың 18 мамыр күні аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің  жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» тақырыбында семинар өтті.

рисунок

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Г.Құлмұқанованың төралығымен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты  мамандар және ауыл тұрғындары қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел  отырысы өткізілді.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы  Базаршолан, Базартөбе, Сарытоғай, Қабыршақты, Құрайлысай ауылдық округтерінде шаруа қожалық жұмысын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша өткізілген конкурстың қорытындысы туралы хабарландыру

 «Ақжайық ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 48 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» негізінде шаруа қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну бойынша 2018 ж. 16 наурыз күні конкурс өткізді.

Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Әділет басқармасы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы С.Бақманов «мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесін» ресми түрде ашып, сөз сөйледі.

Құрметті, Ақжайық ауданының тұрғындары!

Сіздерді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру (оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтер) мақсатында 2018жылдың 20 наурыз күні сағат 10.00-12.00 аралығында Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы Халыққа қызмет көрсету орталығының фойесіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесіне» шақырамыз!

2018 жылдың 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған міндеттерді іске асыру бағытында Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенің дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпараттық және түсінік – кеңес беру үшін облыстық тиісті сала басшылары мен қаржылық ұйымдар өкілдерінің және ауылдық округтердің әкімдері мен мамандары, аудандық мекемелер басшылары, ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдар басшылары, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің төрағалары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Ақжайық Агро» несие серіктестігінің, «ҚАЗСУШАР» мемлекеттік кәсіпорынның, жер кадастрлық мекемесінің аудандық филиалдарының өкілдері қатысуымен 2018 жылдың 12 наурызы Чапаев ауылында сағат 10:00-де, Тайпақ ауылында 16:00-де семинар –кеңес оздырылды.

2018 жылдың 28 ақпанында Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы дөңгелек үстел өткізілді. Бөлімнің бас маманы А.Замеров дөңгелек үстелге қатысушыларға бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы қысқаша баяндама жасады. Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын айтты.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімі


 


Ауа райы