• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Кеше Ақжайық ауданы орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші және Кәсіподақтар күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылып, мереке барысында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлер Мерген ауылдық округінің әкімі Сағаденов Мамбетқали Әсетұлы, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы (есепші) Төреханов Серік Сәндібайұлы және Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (есепші) Калелова Самал Самиғоллақызы ант қабылдап, 30 мемлекеттік қызметші әртүрлі деңгейдегі алғыс хаттармен марапатталды.

Кеше мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мерей» мәдени демалыс орталығында Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Ең үздік болашақ мемлекеттік қызметші» атты жастар арасында аудандық байқау өткізілді.

Ақжайық ауданының Тайпақ ауылдық округіндегі Шабдаржаптағы 80 жылдан астам тарихы бар мектеп ғимаратының тозығы жеткелі қашан. Әлденеше жыл қаншама тіреумен тұрса да шыңдығы сол, осыннан талай түлек қанат қақты. Білімді де беделді директорлар басқарған оқу ордасынан есімі алысқа  мәлім талай жақсылар шықты.

Ақжайық ауданында, Тайпақ орманшылығының жерінде Базаршолан ауылының тұрғыны Т. өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған. Яғни, от жағып, артынан оны өшірмеген. Сондықтан ол ӘҚБтК 367-бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 11345 теңге айыппұл төлеуіне тура келді.

Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевта  спорт алаңы пайдалануға берілді. Оның ашылу рәсіміне қатысқан аудан əкімі Əділ Жоламанов тұрғындардың бір үлкен осы өтініші орындалуымен жиналғандарды құттықтады.

Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевта «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы өзгерістерді түсіндіру жөніндегі өңірлік, аудандық штаб өкілдері, ауылдар, мекемелер басшылары, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары жетекшілерінің қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы  мәжіліс өтті.

Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округіндегі Талап орта мектебінің бір топ оқушысы жетекшілері Айша Орынбасарқызы мен Дамира Бейбітқызының бастауымен көршілес Жымпиты ауданына сапарлады.

Ақжайық аудан орталығының басты алаңында мектеп бітірушілерге арналған «Жарқын жол саған, жас түлек!» атты мереке өтті.

Балалық шақтың артта қалғанын сезінген бозбала, бойжеткендердің жүзінен толғаныс пен қимастықты аңғару қиын емес. Иә, бұл олар үшін үлкен өмірге дербес қадам басар сағаттың соққанын әйгілейді. Алда әрине, талай бел белестер жатыр... Арманның, үміттің, сенімнің, ұмтылыстың жолы бұл.

Парламент Сенаты депутаттығына  кандидат, Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев өңіріміз аудандарында таңдаушыларымен  кездесуде. Кеше Н.Т.Төреғалиев Чапаевта болды. Оның сенімді өкілі Бақтығали Қоспаев ашқан кездесуде ол таңдаушыларға - аудандық мәслихат депутаттарына  өзінің сайлауалды бағдарламасы жайында кеңінен әңгімелеп берді.

Ағымдағы жылдың 13 маусым күні аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бақмановтың төралығымен ветеринария саласының басшылары, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты  мамандар және ауылдық округтердегі телім меңгерушілерінің  қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел  отырысы өткізілді.


 


Ауа райы